10. Көмір қышқылы тұздарының гидролизі. Натрий карбонаты, гидрокарбонаты және калий карбонатының ерітінділерінің бейтарап лакмусқа әсерін сынаңдар. Молекулалық және иондық түрде гидролиз теңдеулерін жазыңдар. Натрий карбонаты мен гидрокарбонатының қайсысы күштірек гидролизденеді? Түсіндіріңдер.
11. Көмір қышқылы тұздарының қасиеттері. а) Мына тұздарға: натрий карбонаты, магний карбонаты және кальций карбонатына судың, тұз қышқылының және сірке қышқылының әсерін тексеріңдер. Реакция теңдеулерін молекулалық-иондық түрде жазыңдар. Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер.
ә) Натрий карбонаты, гидрокарбонаты және кальций карбонатын аздап алып, сынауыққа салып, газ түтікшесі бар тығынмен жауып қыздырыңдар, түтікшені ізбес суы бар сынауыққа батырыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |