Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет88/176
Дата03.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#108317
түріСабақ
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   176
Байланысты:
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ (1) (1)

2. Кремнийдің сілтімен әрекеттесуі. Алдыңғы тәжірибеде алынған аморфты кремнийдің аздаған мөлшеріне 2-3 мл сілті қосып сынауықты қыздырыңдар. Не байқалады? Түзілген газды жағыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.

3. Кремний қышқылын алу. а) 5 мл концентрлі натрий силикатының ерітіндісіне 2-2,5 мл сұйытылған (1:1) тұз қышқылының ерітіндісін құйыңдар және шыны таяқшамен сұйықтықты жақсылап араластырыңдар. Кремний қышқылы түзіледі де, ол қоймалжың тұнбаға айналады. Реакция теңдеуін жазыңдар.

ә) Кремний қышқылының гидролизі. 3 мл натрий силикатының ерітіндісіне концентрлі тұз қышқылын құйыңдар. Кремний қышқылының коллоидты ерітіндісі түзіледі. Қайнағанша қыздырыңдар. Не байқалады?

б) Кремний қышқылы оның тұздарынан ығыстыру. Натрий силикатының ерітіндісіне Кипп аппаратынан көміртегі (IV) оксидін тез жіберіңдер. Кремний қышқылы мен көмір қышқылының қайсысының электролиттік күші төмен?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет