2. Ортобор қышқылын алу және оның қасиеттері. а) Сынауықтағы натрий тетраборатының қанық ерітіндісіне (бура) жайлап конц. , ерітіндісін құйыңдар. Қоспаны су астында салқындатыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Ортобор қышқылының суда ерігіштігін (суық күйде, қыздырып) байқап, қорытындысын жазыңдар.
б) Аз ғана ортобор қышқылын суда ерітіп, лакмус қағазына әсерін байқаңдар (алынған ерітіндіні 2г-тәжірибеге сақтап қойыңдар). Ортобор қышқылының диссоциациялану дәрежесі қандай? Қорытындысын жазыңдар
в) Сынауыққа 1 г ортобор қышқылы мен 1 г натрий хлоридін араластырып салыңдар. Сынауықты штативке бекітіп, қыздырыңдар, қандай газ бөлінетіндігін иісі арқылы анықтаңдар. Ол газды қалай бөліп алуға болады, реакция теңдеуін жазыңдар. Неге ортобор қышқылы тұз қышқылын ығыстырып шығарады? Осы тәжірибені 2б-мен салыстырыңдар. Қандай жағдайда қандай қышқылдар ортобор қышқылын ығыстырып шығарады?
г) 2б-тәжірибесінде алынған ортобор қышқылының ерітіндісіне қиындысын не ұнтағын салыңдар, қандай газ бөлінеді? Реакция теңдеуін жазыңдар.
д) Платина немесе нихром сымының ұшын иіп, қатты қыздырып, сонан соң ұнтағына тигізіп, сымды қайтадан жалынға ұстаңдар. Жалынның түсі қалай өзгереді?
Достарыңызбен бөлісу: |