3. Бор қышқылының тұздарының қасиеттері. а) Натрий тетрабораты (бура) ерітіндісінің лакмус қағазына әсерін байқаңдар. Натрий тетраборатының гидролиздену реакциясының теңдеуін жазыңдар.
ә) Платина немесе нихром сымын иіп, сол иілген жеріне аз ғана натрий тетраборатының ұнтағын салып спирт-шамының жалынына ұстаңдар, шыны тәрізді мөлдір қауырсынының түзілгендігін байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
б) Түзілген қауырсынды сынауықтағы концентрлі кобальт тұзының ерітіндісіне салыңдар, қауырсынның құрамы қандай және түсі өзгере ме? Түс беріп тұрған қандай қосылыс?
в) 3б-тәжірибені қайталап, қауырсынды хром (III) тұзының қаныққан ерітіндісіне салыңдар. Түсі қандай, қай қосылыс түс беріп тұр?
Достарыңызбен бөлісу: |