Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет11/24
Дата21.05.2022
өлшемі0,65 Mb.
#144386
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Байланысты:
ДР нов файл

E-mail Project - әр түрлі елдің студенттері көп ұлтты топ құрады және үш жобаның біреуін таңдайды:
Қоршаған ортаның мәселелерін шешу.

  1. Қала жобасы.

  2. Халықаралық мәселелер жобасы.

Іздену барысында топтар әр түрлі құжаттар дайындайды: мақалалар, техникалық есептер, шығармалар.
K-12 project - бұл сайтта түрлі жобаларды көруге болады және студенттің жобасын енгізуге болады.
Project Icon – студенттер белгілі бір тақырыпта (демографиялық бақылау, глобалждық жылыну) өз елдерінің атынан келісім жүргізеді. Топтар электрондық хат арқылы мәліметтерін алмастырып, халықаралық келісімдер жүргізеді. Мәліметтер бірден барлық студенттердің терезелерінен көрінеді.
City Net – арқылы түрлі елдердің сабақтарын, ескерткіштерін, көрнекі жерлеріне саяхаттауға болады. Бұл жерден елдің ескерткіштерін. Суреттерін табиғи ресурстарын тіпті өнерге байланысты мәліметтер алуға болады. Студенттерге туристтер ретінде саяхаттауға ұсыныс беруге болады. Олар жүктерін жинап, авиакомпания мен қонүйлерге телефон соғып, билет пен бос орындар жөнінде сұрауларына болады. Жасалған жұмыстың қорытындысында студенттерге өздерінің саяхаттары жайлы фотоальбом немесе күнделік жасауға тапсырма беруге болады. Сайттарда әлемнің үлкен қалаларында жер асты темір жолымен саяхаттау инструкциясын қолдануға болады. Инструкциялар ағылшын тілінде ұсынылады. Студенттер қандай қалада жүргені туралы, сол қаланың көрнекі жерлері жайлы, қаланы аралауға қанша уақыт жұмсағаны жайлы ағылшын тілінде есеп бере алады.
Сонымен қатар интернетті грамматиканы, лексиканы дамыту мақсатында қолдануға болады. Мұнда түрлі лексикалық, грамматикалық, фонетикалық жаттығулар, тесттер, IQ тесттері бар[6].
Интернет ресурстарын қолдану - мәдениаралық компетенцияларын дамыту; түрлі мәдениеттермен танысу, қарым қатынастың белсенді жүргізуге бағыттау.
WWW көптеген сайттармен шет тілі сабағында түрлі бағытта жүмыс істеуге мүмкіндік береді.
Кейбір сайттар лингвистикалық материалдар жиынтығын құрайды. Шет тілі сабағында қаралатын елдің мәдениеті жайлы ақпарат ала аласыз. Студенттер басқа елге барған жағдайда жинай алмайтын ақпараттарды интернет көмегімен алуға мүмкіндігі болады. Интернет арқылы студент үйінде немесе интернет класында отырып поездің жүру кестесін, билет құнын, дүкендердегі тауарлардың бағаларын білуге болады. Және бұл мәліметтерді сабақта қолдануға болады.
Lucent Technologies компания сайты, оның Bell Labs бөлімі шет тіліндегі қандайда болмасын фраза қалай дыбысталатынын естуіне мүмкіндік береді. Бұнда басылған мәтінді дыбысқа айналдыратын сөйлеу синтезаторы жасалған. http://www.bell-labs.com/proiect/tts/index.html сайтында жеті тілдің біреуін таңдауға болады, мысалы: ағылшын, неміс, француз, итальян, испан тілдері. Сосын таңдалған тілдегі сөзді терезеге жазу керек. Бірнеше секундтан кейін жазылған сөз механикалық дауыспен дыбысталынады. Яғни бұл бағдарлама арқылы оқулықтағы немесе басқа да оқу құралынан алынған қандайда болмасын сөзді дыбыстауға болады. Бқл жағдайда тіпті онлайндық оқу құралындағы сөздерді көшіріп алып терезеге қою арқылы дыбыстауға болады. Барлық дыбысталған сөздерді жай тыңдап қана қоймай,сонымен қатар Интернет жүйесіне кірмей-ақ тыңдау әрекетін жүзеге асыру үшін дискіге сақтап қоюға да болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет