Оқуға үйрету.
Интернет - әлемде болып жатқан соңғы жаңалықтар туралы ақпараттарды алуға арналған керемет құрал. Сонымен, Интернет көмегімен сынып бөлмесін жаңалықтар агенттігіне, ал оқушыларды бірінші дәрежелі тілшілерге айналдыруға болады, өйткені ол өзіне көлемді оқу мен интерпретациялау өнері, тез сөйлеуді кіргізеді.
Әлемдегі барлық дерлік маңызды газеттердің өзінің web-беттері бар. Қай жерде және қандай газеттер бар екенін білу үшін студенттерге көптеген баспаларға сілтеме ұсынатын MEDIA LINKS атты сайтқа кіруді ұсынуға болады.
Ағылшын тілінде Media сайттар the washington post деп аталады.
Газетте не оқи алатынның барлығы оның бірінші бетінде беріледі, ол жарнамалық афишалар мен мазмұнының комбинацияларын көрсетеді. Бұнда авторлардың пікірінше оқырмандардың көңілін баса аударуы тиіс деген маңызды мақалалардың аттары мен олардың ішінде талқыланатын негізгі мәселелер көрсетіледі. Уақытылы шығып отыратын әр баспа сияқты web-газеттер айдарларға бөлінген, яғни олардың қолданушыға тышқанның түймесін басу арқылы керекті бөлім мен қызықтырып тұрған мақалаға бару интерфейсі бар деген сөз.
The Washington Post-тың бес негізгі айдары бар: жаңалықтар (news), өмір сүру стилі (style), спорт (sports), жарнамалық хабарландырулар (classifieds) және нарық жаңалықтары (marketplace).
Мәдениетаралық құзыретті меңгеру аясында онлайндық газеттер таптырмас көмекші болып табылады. Ол студенттерге ағымдағы уақытта орын алып жатқан әлемдік оқиғалардың ортасына енуге, болып жатқанға әртүрлі көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Әсіресе, аудиториялық жұмыс үшін оқырман мен баспа арасындағы өзара байланысты жүзеге асыратын send us feedback сілтемесі құнды болып табылады.
Оқылған мәліметке орай өзіндік пікірді білдіру мен белгілі бір мақала авторымен жеке сұхбаттасуды «қазіргі тілшілер» ("Today's Columnists") атты бөлім көмегімен жүзеге асыруға болады. Кейде мақаланың басты тұлғасымен экстра-байланыс орнатуға да болады.
CNN World News.
ABC News.
BBC World Service.
The Washington Times.
The New York Times - басқа да жаңалық агенттіктерінде қолданушыға арналған ұқсас ыңғайлы сілтеме ағашы құрылымы бар. Айдарлардың атауы мен саны баспадан баспаға өзгеріп отырады, бірақ олардың барлығы адам тірщілік әрекетінің негізгі салаларын қамтиды.
ВВС World Service (httrj://www.bbc.co.uk/worldservice) тек оқуға ғана емес, сонымен қатар жаңалықтарды көптеген тілдерде тыңдауға да мүмкіндік береді. Бұнда тіпті LEARNING ENGLISH режимінде ағылшын тілінің қажетті деңгейін таңдай отырып жаңалықтарды тыңдауға болады. Қызықты болып мақалалардың екі түрлі классификациясы – тақырып және континент бойынша есептеледі. Баспамен кері байланыс CONTACT US, ABC News (http.V/www.abcnews.go.com/index.htm) сілтемелері арқылы жүзеге асырылады. Бұл сілтемелерде өзінің баспалары дыбыстық сүйемелдеуден басқа, видео сүйемелдеулермен бірге келеді. Сонымен қатар, CHAT бөлімінде ұсынылған тақырып бойынша оқырмандардың арасында әңгімелесу жүруі мүмкін.
CNN World News (http://cnn.com/WORLD) сонымен қатар, ақпаратты бірнеше тілде және мақаланың екі түрлі классификациясында ұсынады. Оқырмандар мен редакцияның арасындағы байланыс өзіндік хабарламалар тақтасы (MESSAGE BOARDS), әңгімелесу бөлмесі (CHAT) және редколлегиямен байланысы (FEEDBACK) бар DISCUSSION (дискуссия) атты айдар аясында мүмкін. The New York Times жоғарыда айтылғандардан басқа өзінің оқырмандарына әр сабақтарға арналған материалдар енгізілген газетаның оқуға арналған нұсқасын ұсынады.
Студенттерге өмірдің барлық жақтарын ( бас мақала, спорт, ауа райы, мәдениет) қамтитын мақалаларды екі немесе үшеуден зерттеуді ұсынуға болады. Бұндай жұмыстың артықшылығы студенттердің түрлі тапсырмалармен жоғары деңгейде шұғылдануында: күшті студенттер қиын деген мақалаларды зерттеумен айналыса алады, ал басқа студенттерге ауа-райына қатысты есеп немесе мәдениет саласына қатысты тапсырмалар ұсынуға болады.
Language Learning Activities for the World Wide Web мақала авторы Интернеттің сабақ үрдісінде екі қатысушы жақ үшін интеграцияның оңтайлы нәтижелерін қамтамасыз ете отырып, екі тілдік веб-беттерді жасау мен қолданудағы WWW зор мүмкіндіктерін атап көрсетеді. Мында талқылауға арналған бірнеше тақырып берілген: кітаптарға, ертегілерге, газеттік мақалаларға, телехабарларға, дәйексөздер мен мәтелдерге, нақыл сөздерге, анекдоттар мен жұмбақтарға, жергілікті рецепттерге, мәзірлерге, халықтық медициналық әдістерге, фольклор, спорт, мектеп және оның мәселелеріне және т.б. шолу жасау.
Студенттерге өзінің веб-беттерін жасау қызықты әрі маңызды үрдіс болып көрінуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |