Қорыта айтқанда, жоғарыда көрсетілген коммуникативтік-ақпараттық технологиялардың түрлерінің ағылшын тілін оқытуда тигізетін көмегі зор. Әр қайсысының өзіндік ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Дегенмен, олар сабақ барысын қызықты әрі тиімді етеді. Қазіргі таңда білім берудің жаңа мазмұнына орай жаңа инновациялық технологияларды қолдану еліміздің дамыған елу ел қатарына қосылуға үлкен септігін тигізетін қажетті таптырмас құрал болып есептеледі.
2.2 Ағылшын тілі сабағында интернет ресурстарын қолданудың тиімділігі Қазіргі таңда білімді дамыту оқушының ақпараттық потенттік деңгейін дамыту деген сөз. Әлемдік ақпараттық қоғамға ену үшін студент ақпараттық мәдениетті, компьютерлік экранды білу қажет, яғни интернетпен тығыз байланыста болу керек. Ақпаратты жүйе ретінде Интернет түрлі ақпараттар мен ресурстарды ұсына алады.
- электрондық хат;
- теле конференция;
- видео конференция;
- өзінің ақпаратын беру, өзінің сайтын құрып Web- серверге орналастыру;
- ақпараттық ресурстарды қолдану;
- ақпараттық жиынтықтар;
- желіде сөйлесу мүмкіндігі [1, 4].
Lucent Technologies компаниясының сайты шет тілінде сөздерді тыңдауға мүмкіндік береді.
Бұл жерде мәтінді дыбысқа айналдыру үшін сөйлеу синтезаторы орналасқан. http://www.belllabs.com/project/tts/index.html сайты арқылы жеті тілдің бірін тыңдауға болады. Сосын терезеде кез келген сөзді жаза алады. Бірнеше секундтан кейін компьютер терезесіне енген сөз дыбысталады. Дыбысталған компьютер жадында сақтап, дискіге жазу арқылы бірнеше рет қолдануға мүмкіндік береді.
Интернет әлемде болып жатқан соңғы жаңалықтар жайлы мәлімет алудың тез және ең оңай жолы. Интернеттің көмегімен аудиторияны жаңалықтар өзегімен қамтамассыз етіп, студенттерді тәжірибелі журналистерге айналдыруға болады. Қазіргі таңда көптеген газеттердің жеке WEB парақшалары бар. Сонымен қатар WEB газеттер түрлі бөлімдерге бөлінеді: жаңалықтар (мәдениет және өнер, сауда, экономика т, б), спорт, жарнама, ауа райы жаңалықтары [2, 41].
Студенттер WEB газеттер арқылы әлемде болып жатқан жаңалықтарды көру арқылы, есту процесі арқылы және оқу арқылы хабардар бола алады. Әсіресе аудиторияда баспамен тікелей қарым қатынас жасауға мүмкіндік беретін сайттар бар. Бұл арқылы студенттер оқыған мақаласы жөнінде өз ойын айтуға және автормен тікелей байланысқа түсуге мумкіндік алады.
Студенттерді екі - екіден немесе үш - үштен бөліп, мақаланы зерттеуге тапсырма беругеиболады. Бұл әдіс бүкіл аудиторияның қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып отыруына үлкен ықпалын тигізеді. Дарынды студенттер күрделі мақаламен жұмыс жасай алады, ал үлгерімі төмен студенттер ауа райымен, мәдениетпен байланысты мақаламен жұмыс жасауға болады.
Студенттер белгілі бір оқиғаға байланысты өзінің жеке тұжырымдамаларын жасауға болады. Мақалаларды зерттеудегі мәдениаралық біліктілікті дамыту арқылы студенттер мәселені терең меңгереді, өз ойын жеткізе алады және сараптама жасап үйренеді. Жұмыс жасалғаннан кейін әрбір студент жұмысын талқылау мақсатында дөңгелек үстел немесе телеконференция өткізу қажет [3, 79].
Халықаралық хат алмасу кез келген және түрлі деңгейдегі аудиторияларды өткізуге болады. Электрондық хат алмасу қағазға жазудан қарағанда тезірек, ыңғайлы және және арзан. Электрондық хат алмасу түрді мақсатта қолдануға болады: біріккен жобаларды жасауға, мәселелерді шешуге. E-mail бағдарламасы электрондық хат қолданудың жеңіл жолы.
Электрондық хат алмасу арқылы оқу бағдарламасынан ауытқымай жолдасыңыздан сол тақырып жайлы сұрап, кейін сол мәліметтерді баядама ретінде қолдануға болады. Электрондық хатты шет тілін оқыту үрдісінде қолдану тәжірибесін сараптай отырып, оқытушылар мынадай тұжырымға келді:
1) Оқытушының қатаң қадағалауынсыз студенттер 2 немесе 3 адам болып жұмыс жасауы керек. Егер студенттерді қызықтыратын тақырыпта талқыланса жұмыстың сапасы жақсырақ және тезірек болады.
2) Жазу үрдісі өзгереді, яғни студенттер қате жібермеуге тырысып, серіктесінің көмегіне жүгінеді.
3) Электрондық коммуникация арқылы студенттердің еркін сөйлеп, өз ойларын жеткізуге мүмкіндіктері бар.
4) E-mail қолдану тілді үйренуге деген қызығушылықты тудырады.
Біздің оқытушы ретінде бір ғана басты мақсатымыз біздің студенттердің коммуникативтілігін жүзеге асыруға мүмкіндік беру. Жалпы білім беретін жоғарғы оқу орындары студеттердің коммункативтілігін туған тілінде ғана емес, шет тілінде де жүзеге асыру қажет сонымен қатар информациялық біліктілігін негіздеуіміз керек. Студенттер өздеріне қажетті информацияны табуды,оны оқып, ішінен ең маңыздысын табуды және өз қажеттілігіне жұмсауды үйренуі шарт. Және де студеттердің бойында өзіндік білім алуды, бүгінгі күн талабына сай ізденуді, ақпараттық ағымда жол табу және өзін өзі дамытуды әрі қарай жетілдіру қажет. Студенттер арасындағы байланысты, топтық ұжымдық жұмысты дамытуға мүмкіндік беруіміз қажет.
Жоғарыда айтылған жобаларды іске асыруда Интернет пен Халықаралық Интернет жобалар таптырмас құрал. Олар студеттің өзін өзі дамыту және жаңа істі меңгеруге зор ықпалын тигізеді. Студеттер түрлі зерттелген мәліметтерді пайдалануды үйренеді, өз ойын нақты және жүйелі түрде қағаз бетіне түсіруді, мәтіндік, сандық және графикалық ақпаратты көп мөлшерде жіберу және қабылдау, өздеріне берілген мәліметті зерделеу және жаңа идеаларды көрсету. Олар жоспарлауды, мониторинг жүргізуді үйренеді. Интернет ресурстары негізіндегі сабақтар және жобалық жұмыс көмек көрсетуді үйренеді, серіктестікті, жобаларды іске асыруды, жауапкершілікті және толеранттық, көптүрлілікке және шыдамдылыққа үйренеді. Студенттер таңдауды, мәліметті пайдалануды, гипотеза ұсынуды және шешім қабылдауды үйренеді. Студенттер чаттар, видеоконференциялар, форумдармен электронды пошта арқылы тілдесе алады. Олар өмір жайлы жан жақты мәліметтер алады. Мысалы; тарих, әдебиет және басқада құндылықтар. Бұл әсіресе студенттер үшін үлкен пайда, себебі бізде шетел тілін күнделікті қолдану мүмкіншілігі өте аз[4, 103].
Интернет ресурстары арқылы тапсырма жасамас бұрын, сіз өз мақсаттарыңызды негіздеп алуыңыз керек. Келесі сұрақтарды қойыңыз:
1. Тапсырмаларды орындау барысында студенттерініз нені пайда қылады?
2. Неліктен сіз құралдар емес интернетті қолданғыңыз келеді? Сіз осындай нәтижеге қарандаш пен қағазды қолданып жете аласызба?
3. Бұл шаруаға қанша уақытыңызды жұмсайсыз? Бірнеше сағат немесе күнбе?
4. Сіздің шәкірттеріңіз кімдермен қарым қатынас құрады: студент бір бірімен, өзге жоғарғы оқу орнымен, өзге қала жастарымен, өзге елдегі студенттермен, тіл таратушылармен, компаниямен немесе ұйыммен.