Xii – XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан



бет5/8
Дата16.10.2023
өлшемі0,97 Mb.
#185766
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1070000.pptx

Ұлыстардың құрылуы
АЛТЫН ОРДА
(Xiii ғ.ортасы – XV ғ.ортасы)
Алтын орда – Жошы ұлысының орнына құрылған мемлекеттердің бірі.
Жошы ханның баласы Батый (Бату) ханның кезінде Орда Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі ұлан-ғайыр жерді алып жатқан үлкен мемлекет болды
Алтын орданың құрылуы
Алғашқы орталығы: Сарай – Бату (Еділ бойында)
Кейінгі орталығы: Сарай – Беркеге көшірілген
XVI ғасырда орыс деректерінде “Алтын орда” атауы атала бастады.
Ол үш ордаға бөлінді:
Алтын босағалы Алтын Орда (Батый)
Күміс босағалы Ақ Орда (Орда Ежен)
Болат босағалы Боз Орда (Шайбани)
Алтын Орданын негізін қалаушы:
Батый хан (1227 – 1255 ж.ж).
  • Парсы тарихшысы Жувейни еңбегінде Батый ханның әділдігі туралы былай деп жазған: «Оның ордасына саудагерлер барлық жерлерден келіп жатты. Олар түрлі тауарларды әкеледі. Ол тауарлардың барлығын алғызып, оның үстіне бағаны артығымен төлетіп отырған».

Алтын орданың күшеюі

Алтын орданың күшеюі

1235 жылы бүкіл монғолдық құрылтайда Батысқа жорық жасауда шешім қабылдаған кезден бастап Батыйдың есімі тарихи деректерде айтыла бастайды

  • Батысқа жасалған жорық 7 жылға (1236 – 1242 ж.ж) созылған.
  • Осы жорықтар нәтижесінде Батыс елдерін жаулап алып, Алтын Орданың шекарасын батысқа қарай кеңейтіп, кушейе түскен. Осыдан кейін:

  • Солтүстік Кавказ;
  • Қырым бойы;
  • Орыс кінәздіктері;
  • Шығыс Еуропа елдері тәуелді болып, Алтын ордаға алым – салық төлеп отыруға мәжбүр болған.
  • Алтын орда саяси және экономикалық жағынан Берке мен Өзбек хандарының кезінде жақсы дамыған.

  • Әсіресе Беркенің кезінде Алтын орда мен Египет сұлтаны Бейбарыс арасындағы байланыс күшейе түседі.
  • Қазақ даласынан Египет еліне құлдыққа сатылып барған Бейбарыс Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны болған.
  • Мемлекеттік билік басына келгеннен кейін Ислам дінінің өркендеуіне атсалысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет