ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы рухани мәдениет
Аңыздар: «Күннің баяны», «Темірқазық пен жетіқарақшы» т.б.
Ертегілер: «Құламерген», «Ер төстік» т.б.
Эпостық жырлар: «Ер тарғын» т.б.
Жыр-дастандар: «Кетбұға» Асан қайғы жырлары
Мақал-мәтел, жұмбақтар.т.б.
Жазбаша шығармалар: «Кодекс куманикус», «Оғызнама»,Өзбек ақыны Хорезмидің «Мухаббатнамасы» Кутубтың «Хұсрау мен Шырыны», Дүрбектің «Жүсіп пен Зылиха» шығармалары.
Музыка: күйлер «Ескендір», «Қамбар батыр», «Шора батыр», «Жошы ханның жоқтауы», «Ақсақ құлан» т.б.
Діни-наным сенімдер: Ислам дінінің суфизм тармағының таралуы ислам дінің тез таралуына әсер етті.Ислам мен шаманизнің сәулет діни наным сенімдері өмірмен үндес.
Қазақстанда ислам діні VIII ғасырда тарай бастағаны мен, XIX ғасырдың аяғына дейін бұл дін оның тұрғындарының жүрек түкпіріне толық жете қоймаған еді XIV ғасырда Өзбек хан (1312-1342жж.) мен Моғол ханы Тоғылық- Темір (1348-1362жж.) билігі кезінде исламның таралуына қатты көңіл бөлген.
Шамандық наным- сенімнің сақталып келе жатқан және бір түрі отқа табыну Жаңа түскен жас келіндердің отқа май құйюы немесе ауырған малды жанып тұрған оттың ішінен айдап өту, күзде қыстауға көшкенде тұрғын үй, қора жайларға түтін салу сияқты әдет ғұрыптар осы күнге дейін орындалады.
Қазақстанда ислам діні VIII ғасырда тарай бастағанымен,XIX ғасырдың аяғына дейін бұл дін оның тұрғындарының жүрек түкпіріне толық жете қоймаған еді. Мұндай пікірді «Ислам діні» атты мақаласында қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уалиханов та айтады. XIV ғасырда Өзбек хан(1312-1342) мен Моғол ханы Тоғылық-Темір (1348-1362) билігі кезінде исламның таралуына қатты көңіл бөлінген. Жазба деректерге қарағанда, хандар шонжарларға исламды зорлап қабылдатуға дейін барған. Ал Тоғылық-Темір хан мұсылман дініне кіріп, басына шалма тапқандарға қатаң жаза қолданған.
Достарыңызбен бөлісу: |