Xix ғасырдағы дәстүрлі айтыс өнері



бет4/5
Дата15.02.2023
өлшемі3,95 Mb.
#168859
1   2   3   4   5
Байланысты:
461196.pptx

Байқошқарұлы Түбек
Ақын, айтыс өнерінің көрнекті өкілі. Абай ауылына көршілес, Сыбан ауылында өскен. Жастайынан суырып салма ақындығымен көзге түскен. 15 жасынан өлеңді серік еткен ақын алқалы жиындарда көптеген ақындармен сөз сайысына түскен. Түбектің Тезек төре, Сабырбай, Құлмамбет, Қарқабат, Қосан, Бақтыбай, Орынбай сияқты танымал жыр жүйріктерімен айтысына М.О. Әуезов өз еңбектерінде ерекше тоқталып, Түбектің айтыс өнеріне жоғары баға берген.
Поляк саяхатшысы А. Янушкевич 1848 жылы Семей өңірінде болған кезде Түбек ақынмен кездесіп, бұл туралы өзінің «Қазақ даласына саяхаттан күнделік және хаттар» деген кітабында тебірене жазып, ақын талантына сүйсінген. 1863 жылы Құлмамбет ақынмен Тезек төренің үйінде айтысып жеңіске жетуі Түбектік даңқын бүкіл Жетісу өлкесіне мәшһүр еткен. 1830 жылы Керекуде ақындығымен танылған апалы-сіңлілі Жәкежан мен Айымжандарды жеңген. Бұл жағдайды М.О. Әуезов «Абай жолы» эпопеясында шынайы суреттеген. Түбек ақынның талантына орыстың түрколог ғалымы В.В.Радлов, ұлы ағартушы –педагог Ы.Алтынсарин жоғары баға беріп, оның Жанақ ақынмен айтысын өздері құрастырып, жинақтарға енгізген. 
Жолдас болсын иманың
Ассалаумағалейкүм, Бұғыбайым,
Кімді алмай қояр дейсің бұ Құдайым.
Тірі күнде шақырып, «кел» деп едің,
Батыр-ау, жолыға алмай, болды уайым.
 
Батыр-ау, жатырмысың мені көріп,
Басыңа қонып жаттым сенің келіп.
Тірі болсаң, бір атты мінгізер ең,
Жіберші сол атыңды енді беріп.
 
Бұғыбайдың бергені құла қасқа ат,
Қалсын, балам, артыңда жазылған хат.
Қияметте, Бұғыбай, жолығайық,
Жолдас болсын иманың, жат саламат.
Шамырқанса, көңіл көгі найзағайдай шатырлап, тебіренсе, телегей теңіздей бұрқап, ақ жаңбырдай ақтарылған, "Атыраудың ақиығы" атанған ақын, жыраулардың бірі – Нұрым. Ол – Махамбет пен Абыл, Қалнияз бен Шернияз сияқты халық мұратын жырлап өткен көрнекті сөз зергері. Нұрымды көре қалғандардан аз да болса бағалы мәлімет қалдырған Мұрын жырау. "Нұрым денелі, шоқша сақалды, жазық маңдай, қыр мұрын, қияқ мұртты кісі еді, – дейді ол, – жиын-тойда домбырасын алып, суырып салып қоя беретін, салмақпен төкпелеп айтатын. "Абыл ақынның қасына 17 жасымнан ердім. Бес жыл бірге жүріп, бата алдым", – деуші еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет