Xix ғасырдағы дәстүрлі айтыс өнері



бет5/5
Дата15.02.2023
өлшемі3,95 Mb.
#168859
1   2   3   4   5
Байланысты:
461196.pptx

Нұрым Шыршығұлұлы
Қашаған Күржіманұлы 1841 жылы Түрікменстанның Ташауыз қаласының маңында туған. Ол жалшы отбасында дүниеге келіп, жастай жетімдік, жоқшылықтың тауқыметін ерте тартқан.
Қашағанның шығармалары тұңғыш рет 1935 жылы «Әдебиет майданы» журналында (№5) жарияланды.
Қашаған Күржіманұлы
Қашаған Күржіманұлы - өз кезеңінің белді, дәуірінің әлеуметтік мәселелеріне үн қоса білген кең тынысты ақыны.Ол 1929 жылы Маңғыстау түбегіндегі Қырықкез деген жерде қайтыс болған.
Дауылұлы Шаубай деген байдан Қашаған соғымдық мал сұраса, ол арық лақты ешкі беріпті. Ақын оны саудагерге әкеліп, Шаубай сараңдығын жиналған көпке айтып береді:
Саудагер жігіт, кұлақ сал,
Мынау Шаубай бай берген қара ешкі,
Әр жері шұбар ала ешкі.
Аузын ашып қарасам,
Дауыл түгіл, оның әкесі
Ержанның тұсында да бар ешкі.
Соңында бар лағы,
"Шек"дей келіп ақырсам,
Тіпті есітпейді құлағы.
Сатайын деп екеуін,
Өзіңізге келіп отырмын.
Екеуі төрт кез матадан
Артыққа міне өтпейді,
Бес кез матаға жетпейді.
Шаубайдың берген жәбірі
Тіріде естен кетпейді.
Сояйын десем, жануар,
Борбайында дымы жоқ,
Сорпаға шығар шыры жоқ.
Қабыртқалары қасықтай.
Омыртқалары асықтай,
Жей алмай тұрмын жасықты-ай.
Талай топқа салармын,
Тұра тұр, Шаубай, асықпай.
Біржан мен Сара
Біржан мен Сара айтысы – өзінің құрылысы мен мазмұны жағынан болсын, көркемдігі жағынан болсын, қазақтың ақындар айтысының ішіндегі үздігі. Біржан мен Сара айтысы айтыстың екі түрін де (қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы) толық қамтиды. Бір жағынан, бұл шаршы топта сөз таластырған саңлақ ақын жігіт пен шешен ақын қыздың дарынды айтысы болса, екінші жағынан, ру атынан сөйлейтін екі ақынның да айтысының үлгісі болып саналады.
Біржан да, Сара да – көпке мәлім, тарихта белгілі адамдар. Біржан сал Қожағұлұлы бұрынғы Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданында 1834 жылы туып, сол жерде 1897 жылы қайтыс болған. Біржан жас шағынан әнге, өлеңге әуестенеді. Өнер жолына түскен табиғи талант иесі көп ұзамай-ақ, әнші ақын, сал Біржан деген атаққа ие болады. Ел аралап, ән салып, айтысқа түсіп, ойын көркі, той көркі атанады. Арқаның ардагер әнші-композиторлары Жарылғапберді, Ақан, жаяу Мұса, Балуан Болақ, Естай сияқты өнерпаздар Біржанның әншілік мектебінен шыққан. Біржан көптеген ән шығарды. Оның
«Көкшетау», «Жанбота», «Ләйлім шырақ»,
«Адасқақ», «Жамбас сипар» сияқты әндері
– қазақ музыка мәдениетінің алтын
қазынасына қосылған үздік туындылар.
Біржанның басқалардан ерекшелігі – ол жай ақын ғана емес, сонымен бірге әнші де. Оның даңқы – әуелде әнмен жайылған адам. Бірақ ол – әнді әрі шығарушы, әрі тамаша орындаушылығымен қатар, әніне лайық сөз өрнегін, бояуын таба білген ақын да. Біржан мен Сара айтысындағы асқақ, өр сөздердің түп- тамыры да осы қысқа-қысқа ән мәтіндерінде жатыр. Біржанның Сарамен айтысы – бүкіл халық игілігі, халықтың тамаша сүйсініп тыңдайтын өлеңі болады.
Сара Тастамбекқызы бұрынғы Талдықорған облысы, Ақсу ауданында туған. «Тұрмыстан туысымен таяқ жедім» деген Сара жастайынан әкесі қайтыс болып, жоқшылық тақсіретін тартады. Ән мен күй, асқақ жыр өнерлі Сараны ынтықтырып, оны өз биігіне бастайды. Сара талай белгілі ақындармен сөз сайысына түскен, талай жүйріктерге алдырмаған.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет