Орта ғасырдағы (V – XV ғғ.) Еуропа математикасы. Біздің заманымыздың V ғасырында Рим империясы Кұлайды. Христиан дінінің кеселді қырсығы қоғамдық, саяси-экономикалық жағдайдың жайсыздығы (феодал- дық томаға-тұйықтық, соғыстар т. б.) Европа ғылымы мен мәдениетін тѳмеыдетті. Бұл тоқырау XV—XVI ға- сырларға дейін, яғни Европада қайта ѳрлеу заманына дейін созылады. Атақты орыс математигі, академик В. А. Стеклов осы дәуірді былай сипаттайды: «Бұл кезең Европаның тас қараңғы надандықтың қапасына айналған және тоқырау тұңғиығына тұншыққан уақыт еді... Ой-парасат epic алған ғасырлар орнына мың жылға созылған ақыл-ойды семдіріп, ұйқыға батырған ғасырлар келді. Адамзат тарихында бұдан асқан ғаламат ауырлық болған емес... Христиан ілімін оқытып, насихаттаушы, шіркеу иелері қалың бұқараны, оның рухын бүтіндей ѳзіне қаратып, мүлдем бағындырып алды. Адамдардың надандығы мен опастығы шегіне жеткендігі сонша, христиан діні тарағаннан кейін жеті ғасыр ѳткен соң бүкіл Европада ең керемет оқымысты адам Монах Беда болды, оның ѳзі арифметиканың тѳрт амалын түсініп қолдануды ғана білуші еді». Тарихта бұл дәуірді орта ғасырлар заманы деп атайды. Ғылымның жалпы дамуын еске алсақ, осы мың жылдық үзіліс дәуірін шартты түрде екі кезеңге бѳлуге болады: V—X ғасырлар және XI—XIV ғасырлар. Бірінші кезеңде ѳндіріс пен техниканың дамуы ѳте баяу ѳткен, шаруашылық шашыранды, мемлекеттер саяси жағынан ѳте орнықсыз болды; толассыз ішкі-сыртқы соғыстар болып тұрған. Осыған лайық мәдениет, ғылым дәрежесі мейлінше тѳмендеп хат танитын адамдардың езі сирек болды. Ғылымда жаңалық ашу атымен болмады. Тек қана шіркеу тѳңірегіне жиналған бірен-саран сопылар (монахтар) қолында ежелгі гректер мен римдіктерден қалған жаратылыстану, математика сияқты бірлі-жарым трактаттар ұшырасатын. Олардың оқуы, сауаты шамалы болғандықтан, бұл еңбектерді тек қайта-қайта кѳшіріп жазумен шектелген. Бұлардың ішінде грек-рим мәдениетін сақтауға тырысқан «сауат- тыларының» бірі Боэций (480—524) еді. Ол бірнеше мазмұны тайыз математикалық шығармалар жазған. Солардың бірі «Арифметика негіздері» ежелгі пифагоршылардың сандар теориясын үстірт баяндауға арналған. Алайда «жоқтан бар» дегендей бұл шығарма бірнеше ғасыр бойы математиканы оқыту кәдесіне жара- тылып келген. Ол Күн сағатын орнатып, жұлдыздарға, Темірқазық жұлдызына бақылау жүргізеді. Европада математиканы, математикалық білім беруді дамытуда оқу орындарының ашылуының мәні үлкен болды. Осындай бір мектепті негіздеуші (Францияда) кейіннен Сильвестр II деген атпен рим папасы болған Герберт (940— 1003) еді. Герберт математикалық мазмұнды бірнеше шығармалар жазса керек. Оның анық-қанығына күмән келтірушілер де бар. Олар «Сандарды белу туралы кітапша», «Абақта есептеу ережелері» және геометриялық [ѳлшеу жайлы шығарма. Ол абак деп аталатын есептегіш дақтада сандарға амалдар жүргізу әдісін үйретуге баса назар аударған. Герберт сандарды Рим цифлары арқылы кескіндеген немесе сѳзбен жазған, үшбұрыш ауда- нын табу ережесін қалдырған.Воэцийдін, шығармалары мен Евклид «Бас Фамаларының» үзінділерін түсіндіруде Герберт геометриялық негізгі ұғымдарға сын кѳзімен қарайды. Ол нүкте, сызық, жазықтық денеден тыс кездеспейді, біз оларды тек оймен ғана бѳліп қарастырамыз деген дұрыс пікірді жақтайды. Герберт Испанияға сапар шегіп, онда араб матема- тикасын үйренуді бастаған ең алғашқы батыс оқымыс- тыларының бірі болды. Бұл бастаманың Европа математикасының дамуындағы маңызы ерекше еді.Роджер Бэкон ғылыми ізденіс жұмысына жаңа леп, еркін рух әкеледі, ѳткеннің жақсы-жаманын парықтауға шақырады, эр түрлі діни ырымдар мен сиқырлықтарға үзілді-кесілді қарсы шығады. Ѳзі дін жолын ұстай тұра (ол монах болған) ғылымды діннен бѳліп қарауды уағыздайды. Сондықтан да католик дін басшылары Бэконды «кәпір» деп жариялап, жиырма жыл абақтыда азаптаған. Бэкон — математиканың ролін жоғары бағалаған ғалым. Ол ѳзінің «Математиканың пайдасы туралы» деп аталатын кітабының тертінші тарауында математиканы басқа ғылымдардың кілті деумен қатар оны табиғат философиясының әліппесі деп атаған. Роджер Бэкон ѳзінен бұрынғы ғылым мен философняның жақсы ѳскелең жақтарын бойына сіңіре отырып, тәжірибе мен математикаға сүйенген жаңа эксперименттік ғылымның жаршысы болды.