«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет167/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
234
235
ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН МЕМЛЕКЕТТІҢ 
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНЕ ЕНГІЗІЛУІ 
ҚАНШАЛЫҚТЫ МАҢЫЗДЫ?
КӘРІМ Д. Ж.
оқушы, Химия-биология бағытындағы 
Назарбаев Зияткерлік мектебі, Павлодар қ.
БАЙХАНОВА Л. А.
тарих пәнінің мұғалімі, Химия-биология бағытындағы 
Назарбаев Зияткерлік мектебі, Павлодар қ. 
Бүгінгі таңда білім мен ақыл-ой үлкен сұранысқа ие. Әр 
мемлекет әлемдік нарықта көшбасшы болуға тырысады. Жетекші 
орындардан көріну үшін білімділіктің деңгейі өте жоғары болу 
керек. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 
Жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның 
білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған [1]. Мемлекет білім 
саласына ерекше назарын аударады, яғни аталмыш сала әрдайым 
қатаң бақалауда. Қазақстанның XXI ғасырдың басындағы қарқынды 
әлеуметтік-экономикалық дамуы техникалық, басқарушылық 
және көшбасшылық құзыреті жоғары деңгейдегі мамандарға 
аса қажеттілікті тудырды. Сондықтан 2008 жылы Қазақстан 
Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан 
Назарбаевтың бастамасы бойынша Зияткерлік мектептер құру 
жөніндегі жоба іске қосылды [2]. Назарбаев Зияткерлік мектептер 
білімді, жан-жақты дамыған, заманауи технологияларды игеретін, 
сегіз қырлы- бір сырлы, бәсекеге қабілетті ұрпақты өсіру үшін ойлап 
табылған. Дәстүрлі білім жүйесі кеңестік жүйеге, соның ішінде 
нақты білім мен түсінікке негізделген. Ол өз алдына, жаһандық әлем 
талаптарына сай болмайды. Ал жаңартылған оқу бағдарламалары 
дағдыларды дамытуға бағытталған, сондықтан орта білім жүйесін 
реформалау басты міндет болып табылады. 
Зияткерлік мектептің негізгі миссиясы – өзіне үздік 
қазақстандық дәстүрлерді, халықаралық тәжірибе мен практиканы 
үйлестіретін мектепте жаратылыстану-математика бағытында білім 
берудің инновациялық, көптілділік жүйесінің моделін әзірлеу 
мен енгізу арқылы Қазақстанның зияткерлік әлеуетін арттыруға 
ықпал ету [3]. Мектептерінің ұраны- Білім берудегі жоғары сапа 
және көшбасшылық!Олардың ішінде 20 Зияткерлік мектеп пен
1 Халықаралық мектеп. Зияткерлік мектептердің түлектері 
– орнықты адамгершілік құндылығы қалыптасқан өз елінің 
патриоты болып табылады, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін 
еркін қолданады. Олар – үйлесімді дамыған, дені сау, өзін-өзі 
дамытуға және шығармашылыққа ұмтылған, сыни ойлайтын және 
проблемаларды шеше алатын азаматтар болып табылады. 
Оқу мазмұның жаңғыртуын жалпы орта білім беретін 
мектептерде қолдануын зерттеу үшін бүгінгі білім беру саласының 
деңгейі мен сапасын аңықтау керек. Қазақстандағы білім беру 
деңгейі жоғары. Қазіргі таңда Қазақстан халықаралық рейтингіде
оң нәтиже көрсетіп келеді. Қазақстан Республикасының Білім 
және ғылым Министрлігі айтуы бойынша, 2012 ж. сауаттылық 
деңгейі бойынша, Қазақстан әлемнің 177 елі арасында 14-ші 
орынға ие болды. Қазақстан соңғы төрт жыл ішінде халықаралық 
сарапшылардың айтуынша, Жапония, Ұлыбритания, Германия 
елдерді озып, әлемнің 129 елінің арасында білім беру және дамыту 
индексі (БДИ) бойынша көшбасшы орындарына ие болды. 
Алайда, дәстүрлі білім жүйесінің тиімсіз жақтары да болуы 
мүмкін. Олардың ішінде оқушылар тарапынан құштарлықтын 
болмауы, өздігінен оқу дағдылары өз құнын жоғалтуда, жаңа 
әлемдік стандарттарға сәйкес келмеуі, озық технологиялар аз 
қолданылуы, икемділіктің болмауы. Посткеңестік білім жүйесі 
адамгершілік пен тәрбие, адалдық пен намыс құндылықтарына 
арнайы назар аудармайды. Жаңа білім беру бағдарламасы мен 
бағалау жүйесі қалыптасқан проблеманы жоюға бағытталған. 
Жаңа бағдарлама Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Кембридж 
Университетінің мамандарымен бірлесе отырып әзірленген. 
Әлбетте, сынамадан өтпей еш нәрсе де білім саласына енбейді деген 
ойда Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының бейінді сынама 
жөніндегі орынбасары Қайырбек Сәбитұлы Буксукбаев [4].
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ерекшеліктері мен 
артықшылықтары бар. Мәселен, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 
6 негізгі құндылықтары бар. Олар: өзіне және басқа адамдарға деген 
құрмет, ынтымақтастық, жауапты азаматтық ұстаным, академиялық 
адалдық, өмір бойы оқу, ашықтық. Аталмыш тәсіл қазіргі кезде 
шетел мемлекеттерінде кең етегін жайды. Мәселен, Жапония, 
Ұлыбритания, Сингапур елдерінде оқушылар мектеп президенттің 
өздері таңдайды, яғни жауапты азаматтық ұстанымы мектептен 
бастап орнатылады. Сонымен қатар, өзіне және қоршаған ортаға 
деген құрмет қоғамдық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады, 
яғни мектеп қабырғасында оқушылар тарапынан өзіндік тәртіп 
қағидалары сақталады. Соңдықтан 2017 жылы әлемдік ең үздік оқу 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет