«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет25/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
38
39
оқушылар бір параққа өзінің көңіл-күйін келтіретін сурет салады: 
суретте олар адамның бет-әлпетін келтіруі керек (мәселен, күліп 
немесе езу тартып тұрған, қабағын түйіп тұрған, бейтарап, т.б). 
Олар суреттерін бір-біріне көрсетеді. Оларға сабақтың аяғына дейін 
көңіл-күйлерін көтеріңкі деңгейге жеткізу жұмысы тапсырылады. 
Немесе көңіл-күй табиғат құбылыстары арқылы көрсетуге болады: 
жарқырап күн шығып тұр, аспанды бұлт торлаған, жаңбыр немесе 
қар жауып тұр, т.с. с. «Сыныптағы заттар». Оқушылар сыныптан 
қандай да болмасын бір затты таңдап, бір минут ішінде оны өзіне 
немесе өзінің көңіл-күйіне ұқсастығын ойластырып, топ ішінде 
бір-біріне айтып беруі керек. Мысалы, «Мына төбедегі шам маған 
ұқсас екен: менің де көңілім қазір жарқырап тұр!» Қалауы бойынша 
кейбір оқушылардың әңгімесін (немесе әр топтан бір оқушының) 
бүкіл сыныпқа да жариялауды сұрау керек. 
«Өзгертулерді тап!» Оқушылар жұптарға бөлінгеннен кейін 
оларға келесідей тапсырмалар беріледі: Жұбыңызға қарама-қарсы 
тұрып, бір-біріңізге 10-15 секундтай қарап алыңыздар. Енді сырт 
айналып, бір-біріңізге арқа беріп тұрыңыздар. Сыртқы пішініңізге 
(киіміңізге, шашыңызға) қандай да болмасын 3 өзгерту (немесе 5 
те болады) енгізіңіз. Бұл жерде оқушылар шаштарының жатуын 
өзгертіп, сыртқы киімін, сағат, сырға немесе көзілдірігін шешіп 
немесе киіп, сыртқы пішіндерін өзгертулері керек.
Екі жақ та өзгертулерді аяқтағанда, бір-біріңізге қараңыздар 
да, сол өзгертулерді табыңыздар. Логикалық ойлауға негізделген 
ойсергектер (жұмбақтар, есептер, мәселелер). «Орны ауыстырылған 
әріптер». Тақтаға әріптерінің орны ауысып кеткен студенттердің 
бірнеше есімі (немесе географиялық атаулар, белгілі адамдардың 
есімдері, т.б.) жазылады: 
ЙТНЖСІЕА (СЕЙІТЖАН), ААЫНҚТБЖ (БАҚЫТЖАН), 
РАЛМҮИГ (ГҮЛМИРА) МАОТРЖ (ЖОМАРТ). Оқушылар 
жасырылған есімдерді табу керек.
«Тақырыпты жасыру». Бұл ойсергек алдыңғыға ұқсас. Сабақ 
тақырыбы тақтаға әріптерінің орны ауыстырылып жазылады, 
мәселен: «Ққааз тнңііееәидб удма рікееедңз» - «Қазақ әдебиетінің 
даму кезеңдері». Оқушылар жасырылған тақырыпты табу керек. 
«Жұмбақтарды шешу». Оқушылардың ойлау қабілеттерін сабақ 
тақырыбына жұмылдыру үшін оларға қысқа уақыт ішінде (1-2 
минут) қызықты жұмбақтарды шешу жұмысын тапсырған орынды. 
«Халық жұмбағы». Бір қырдың басында тұрған қойшы екінші 
қырдың басындағы басқа қойшыға айқайлайды: -Ей, Дүйсенбай! 
Егерде сен маған бір қойыңды берсең, онда менің қойым сенікінен 
екі есе көп болады! Дүйсенбай болса былай деп тіл қатады: -Жоқ, 
Сейсенбай! Оданша сен маған бір қойыңды бер: сонда біздің 
қойымыз тең болады! Сұрақ: Екі қойшыда қой саны қаншадан 
болған? Оқушылар жұп ішінде ойланып, аз уақыт ішінде жауап 
беруі керек.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Нұрсұлтан Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру, 
«Егемен Қазақстан», 2017 ж, 26 сәуір.
2 М.М.Жанпеисова Модульная технология обучения как 
средство развития ученика Алматы, 2009
3 А. Әлімов Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында 
қолдану. Оқу құралы. Алматы, 2009.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет