«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет282/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
394
395
18 Секция. Құқықтану 
18 Секция. Юриспруденция 
ЖАСТАР АРАСЫНДА СЛЕНГТЕРДІҢ 
ПАЙДАЛАНУ ЖИІЛІГІ ЖАҺАНДАНУ ӘСЕРІ МЕ 
ӘЛДЕ ҚОЛДАНУШЫ ҚҰҚЫҒЫ МА?
ДҮЙСЕНБЕК Д.
9 сынып оқушысы, Химия-биология бағытындағы 
Назарбаев Зияткерлік мектебі, Павлодар қ.
КАСЕНОВА Г. Т.
тарих пәнінің мұғалім-сарапшысы, Химия-биология бағытындағы 
Назарбаев Зияткерлік мектебі, Павлодар қ.
КУРМАНГАЛИЕВА Г. Г.
қазақ тілі пәнінің мұғалім-сарапшысы,Химия-биология бағытындағы 
Назарбаев Зияткерлік мектебі, Павлодар қ.
Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралдарының 
ішіндегі өмірде кең қолданылатыны және аса маңыздысы-тіл. 
Тіл-қарым-қатынас құралы, жанды құбылыс. Адамның ой-өрісін, 
мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін 
айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса 
да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды- қызыл тіл» деп 
қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда 
тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті. Тіл мәдениетіне барар 
жолдың бастауы-сөйлей білу. Әр адам дұрыс сөйлей білу, сөйлесу 
мәдениетін меңгеріп, оны өз бойында қалыптастыра білуі тиіс. 
Сөйлеу әдебі-тіл біліміндегі аса ауқымды, кең көлемді 
мәселелердің бірі. Сөйлеу әдебі ағыл. speech etiquette – тіл 
практикасының ұлттық, өзіндік ерекшеліктерге ие қағидалары; 
бұл ережелер әңгімелесушімен «сыпайы, биязы» байланыс жасауға 
(байланысты орнату, оны қолдап отыру, байланысты тоқтату) 
қоғам тарапынан бекітілген қалыпты нысандар мен тілдік бірліктер 
жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу әдебінің жағдаяттары 
ретінде назар аудару және назарды өзіне аударту, амандасу, танысу, 
шақыру, өтініш, кеңес беру, ұсыныс жасау, келісу, қарсы болу, 
кешірім сұрау, көңіл айту, қошемет сөз айту, құттықтау, қоштасу 
және т.б. түрлерді атауға болады.
Сленгтер әсер қалтыру үшін, елден ерекше болу үшін, белгілі 
бір әлеуметтік топқа жататынын көрсету үшін, әзіл ретінде де 
қолданылады. Сленгтердің түрлері өте көп, мысалы: театрлық 
жаргон, армиялық жаргон, жастар сленгі, нашақорлар сленгі, футбол 
бұзақыларының сленгі, компьютерлік сленг және тағы да басқалары.
Компьютерлік сленгтер. Соңғы уақытта жасөспірімдердің 
компьютер ойындарымен әуестенуі күшейіп отыр. Бұл да бір 
компьютерлік сленгтердің пайда болуына алып келеді. Мысалы, 
ойындағы «ең басты жау» деген ұғымын білдіретін «бродилка», 
«аркада», «босс» сленгтері пайда болды. Жастардың күнделікті 
қолданып жүрген сленгтерінде орыс сөздерінің көптеген компоненттері 
кездеседі. Мысалы: «тормозы ұстап қалды» - бір жағдайдан шешім 
таба алмай қалды, осыған синоним ретінде «зависать етіп қалды» 
деген тіркес бар, «типаж болу», «блатной болу» - менменсу тіркесімен 
байланысты. «Құлаққа лапша ілу» – өтірік айту, «маяк тастау», «гудок 
тастау» - қысқа ғана қоңырау шалу. Міне, жаһандану заманында 
ешбір сүзгіден өтпеген ақпараттар тасқыны ағылып, жастардың көзін 
тұмандандатып, санасын уландырып барады [1, 32-41 б.].
Күнделікті өмірімізге жаһандану қарыштап аяқ басып, дүниенің 
ақ-қарасын толық ажырата білмейтін жасөспірімдерге өз әсерін 
тигізуде. Осыларға төтеп беретін қазақы тіл, ұлттық салт-дәстүр. 
Бүгінгі жастардың арасында тіл байлығының нашарлығынан дейміз 
бе, әйтеуір бір сүреңсіз, нәрсіз сөздер өршіп тұр. Оған өздерінше 
«жаргон ғой» – деп, айдар тағып әлде қандай болатынын қайтесің.
Жаргон сөздеріне мысалдар. «Дүкенге барсаң тіске басар немесе 
тамақ ала келші» деудің орнына «маганзинен сушняк, хавчик ала 
салшы». Қазақ, орыс тілдерінде «хавать» сөзі сленгтің бір түріне 
жатса, украина халқының көркем әдеби сөзіне жатады екен. «Кешкісін 
қолың бос болса үйге қонақ болып кет» деудің орнына «кешке если 
че маған қарай тартыл», «ата-анаң білмей ме?» – деп сұрар болса, 
«мамка-батялар курста ма?» деген неше түрлі паразит сөздер бар. 
Мысалы: куратор – өгей шеше, лекция – ұйықтайтын жер, шпор – жедел 
жәрдем, семинар – жан беретін жер, стипендия (шәкіртақы) – бір күндік 
қуаныш, жатақхана – екінші үй, емтихан – тар жол тайғақ кешу. Одан 
басқа тема, типа, короче, если что, зубрить, читалка, шеф, стрелять етті, 
потеря болды, сущняк алды деген толып жатқан орыстың арзанқол 
сөздері жастар санасын жаулап алды.
Жаһандану заманында ешбір сүзгіден өтпеген ақпараттар 
тасқыны ағылып, жастардың көзін тұмандандырып, санасын 
уландырып барады. Осыларға төтеп беретін қазақы тіл, ұлттық 
салт-дәстүр. Бүгінгі жастардың арасында тіл байлығының 
нашарлығынан дейміз бе, әйтеуір бір сүреңсіз, нәрсіз сөздер өршіп 
тұр. Алайда барлығына жастарды кіналай беруге де болмайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет