«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет89/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf, Лекция 1 Физические эффекты, используемые для создания датчиков, 130592
«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
110
111
зор әсер етті. Олардың айтуынша, К-поп жұлдыздары өздерінің киім 
киісімен, биімен, стилімен бүгінгі топтарға кішігірім әрі ерекше 
бастау жасап берді әрі шоу бизнеске де үстеу болып отыр. Сонымен, 
к-поп дүние жүзіндегі интернеттің, жаңа технологиялардың дами 
түсуімен байланыстырылған, терең тарихы мен керемет ерекшелігі 
бар, ән тарихына зор үлес қосқан туынды [3, 637 б.].
Заманауи Корей музыкасының қазақ жастарына әсерін 
зерттеудің тәжірибе бөліміне келетін болсақ, К-рор музыканың 
тыңдаушыларынан мәлімет алу үшін, интернет желісін қолданған 
болатынбыз. Себебі жанкүйерлер көбінесе интернет қауымдастығы 
арқылы бір-бірлерімен байланысқа шығады. Жасайтын тәжірибеміз 
толыққанды болу үшін к-рор музыкасын сүйіп тыңдайтын
100 адамнан (50 ер бала, 50 қыз бала) онлайн сұхбат және 
жанкүйерлер емес, 50 адамнан (мектеп оқушылары мен қала 
тұрғындары) сауалнама алдық. 
Онлайн сұхбат барсында келесі сұрақтар қойылды:
– Сіздің жасыңыз?
– Корей музыкасын тыңдағалы бері Сіздің мінез-құлқыңызда 
өзгерістер бар екенін байқадыңыз ба?
Жұлдыздардың стилі, сахнада өздерін ұстаулары жайлы 
пікіріңіз қандай?
– Корей толқыны қазақ жастарына қалай әсер етіп жатыр деп 
ойлайсыз?
– Қаншалықты Сіз корей әртістеріне еліктейсіз?
– Әндерінің мазмұны бар ма? Не жайлы айтып жатқаны Сізге 
түсінікті ме?
– Сізге көбінесе әннің мәтіні ме немесе оның музыкасындағы 
спецэффектері ұнай ма?
Жанкүйерлер емес тобынан алынған сауалнама үлгісі:
– Корейлік к-рор жайлы сіздің пікіріңіз?
– Қазақ жастарының Корей толқынына деген қызығушылығының 
жоғары болуы неден деп ойлайсыз?
– К-рортың біздің жастарға берері бар ма, әлде керісінше 
санасына, рухани құндылықтарына, қазақ өнерін насихаттауда кері 
әсерін тигізіп жатыр ма?
Алынған сауалнамалардың жалпы нәтижесі бойынша 
қорытынды мынандай күйде болды: сауалнамының бірінші сұрағы 
бойынша, корей музыкасын тыңдауға әуес - жеткіншек жастағы 
жастар екендігі анықталды.
Сурет 1 – Тыңдаушылар арасындағы 
жас ерекшелік бойынша мәлімет
Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен орта мектептің 
V-VIII сыныбына сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа 
дейінгі аралықты қамтиды. Жеткіншектік кезеңнің баланың 
дамуындағы ерекше орны оның «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», 
«сыналатын» кезең деп танылғандықтан, оның өзінің ауқымды 
әлеуметтік белсенділігі, ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді 
игеруге, үлкендермен, жолдастарымен қарым-қатынас орнатуға 
бағытталады. Осы жаста адамның мінез-құлқы және басқа да жеке 
басының негіздері қалыптасады. 
Екінші сұраққа көбіне «иә» деген жауап қайтарылды. 
Қатысушылардың көп бөлігі өзгеріс өзіндік стилдің пайда болуында 
деп түсіндірді. Көңіл-күйім болмағанда немесе жалғызсырап 
отырғанымда маған көмек беретін, қолдау көрсететін осы К-рор 
деген де жауап болды. 
Үшінші сұрақ бойынша 40 пайыз қатысушы киіну, беттерін 
әрлеулері қазақ халқына тән емес, жат көрінеді десе, 55 пайызы бізге 
ұнайды деген жауап қайтарды. Ер азаматтардың боянып жүрулері, 
өздерін нәзік ұстаулары олқылық емес деді. Сахнада өздерін еркін 
ұстап, өзгеше киім үлгіде шығулары олардың ерекшеліктерін 
көрсетеді деп жауап берді.
Сурет 2 – Жұлдыздардың стилі мен өздерінің сахнада 
ұстаулары жайлы пікірлері 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет