«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет90/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
112
113
Корей толқыны күннен күнге өсуде, қазақ жастарының көбі 
бұл музыканы, мәдениетті құптайды. 
Қатысушылардың 50 пайызы «стиліне, жүріс-тұрысына, биіне, 
ән айтуына еліктейміз» деді.
Сурет 3 – Қатысушылардың ән мәтінінің мазмұнын 
түсінулері бойынша мәлімет 
«Әндердің мәтіні түсініксіз, бірақ музыканың мелодиясы 
ұнайтындықтан тыңдаймыз» деген 30 пайыз, 45 пайыз «мәтінді 
түсіне қоймаймыз, бірақ әртістерді ұнатқандықтан тыңдап жүреміз» 
деп жазды. Қалған 25 пайызы «мәтіннің мазмұнын түсінеміз» деп 
жауап қайтарды. «К-рор-ты не үшін сүйетінімді білмеймін, бірақ 
музыка өзіне тартып тұрады» дейді жанкүйерлердің біраз бөлігі. 
Осыдан шығатын қорытынды, жанкүйерлер көбінесе әртістерді 
ұнатқандықтан ғана музыканы тыңдайды. Корей тілін түсініп, 
еститіндер саны аз [4]. 
Жанкүйерлер емес тобынан алынған сауалнама қорытындысы 
бойынша, корейлік заманауи музыкаға қарсы емеспіз деп 15 пайызы 
жауап берсе, қалған 85 пайызы қарсылық білдірді. Бұл біздің 
мәдениетке жат деп түсіндірді.
Екінші сұрақ бойынша көбінесе берілген жауап былай болды: 
қазіргі таңда техника, технология дамыған заманда жастарымыздың 
талғамы биік. Сахнаға микрофон құшақтап шығып, ән айтып кете 
салумен тыңдармандардың махаббатына бөлену екіталай. Корей 
поп мәдениеті жаңаша стильдегі, жақсы өңделген, харизмаға 
толы әндерді ұсынады. Оған қоса әрбір әнге арнайы би, костюм 
дайындайды. Сырт көзге өте тамаша көрініс, шоу жасай біледі. 
Бұл кез келген көрерменге ұнамай қоймасы анық. Сонымен қатар, 
көрермендер арасында корей телехикаялары өте танымал [5]. Ал 
сол телехикаялардағы басты рөлдерді көбіне танымал бір топтың 
мүшесі сомдауы мүмкін. Ол харизмасымен қыздардың жүрегін 
жаулап алады, кейін қыздар ол ән айтатын топты тыңдай бастайды. 
Бұның да әсері бар.
Үшінші сұраққа жауап берушілердің пікірі екіге бөлінді. 
Себебі 50 пайызы кері әсер тигізіп, қазақ құндылығы жоғалуда, 
ер азаматтарға тән ер қасиеттер, қыз балаға тән ибалық, 
қарапайымдылық жоғалатынын айтып өтті. Қалған 50 пайызы К-рор 
әні позитивке толы, клиптеріне қарап, рухани ләззат алуға болады, 
себебі қандай қиыншылық болсын мойымауға, алға жылжуға
өмірдің рахатын сезінуге шақырады дейді.
К-рор музыкасы мен субмәдениетін, оның әсерін зерттей отыра, 
келесі факторларды анықтадық:
– К-рор жаңадан қалыптасып келе жатқан субмәдениет;
– Жастардың көп бөлігі әртістерге еліктеуде;
– Қоғам бұл музыкаға, субмәдениетке теріс қарайды, себебі 
қазақ халқының мәдениетіне, өмір салтына Корейлік әртістердің 
сырт келбеттері, олардың жүріс-тұрыстары жастар қоғамын бұзады. 
Жаңа ғана қалыптасып келе жатқан, өмірлік бағытын, мақсатын 
анықтайтын шақта, олар К-Рор мәдениетіне еліктеп, бізге жат 
қылықты сіңіруде.
Айтарлық, ұл балалардың шаш үлгілері, бояулары, киім 
үлгілерін дәріптеулері. Қыз балалардың тым ашық, еркін өздерін 
ұстаулары. Билеріндегі жат қылықтар. Ұл балалар мен қыз балалар 
арасындағы сүйіспеншілік қарым-қатынас та біздің халыққа тән 
емес. 
К-рор музыкаға деген қызығушылық күннен күнге өсуде, 
бұған себеп интернет желісі мен түрлі қауымдастықтар [6]. Соның 
салдарынан жанкүйерлер саны артуда. Бұлай жалғаса беретін болса, 
қазақ жастарының мінез-құлықтары, бойдағы құндылықтары теріс 
жолға түсіп кетуі әбден ықтимал.
Зерттеудің болжамы бойынша, корей музыкасының қазақ 
жастарына кері әсерін тигізетіні дәлелденді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Википедия URL: http://ru.wikipedia.org/wiki 
2 А. Ю. Иванова K-pop феномені Ресей толқынында: 
жетістіктері және фанаттары. // «Студенттік ғылыми форум 2012». 
IV Халықаралық студенттік электронды ғылыми конференция. URL: 
http://www.rae.ru/forum2012 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет