«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


Секция. Педагогика және психология



Pdf көрінісі
бет5/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

11 Секция. Педагогика және психология 
11 Секция. Педагогика и психология 
ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТЕМПЕРАМЕНТ 
ТИПТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
АЙТҚАЛИЕВА А. М.
10 сынып оқушысы, № 38 ЖОББМЛ, Семей қ.
ШАКИРТОВА М. С. 
педагог-психолог, № 38 ЖОББМЛ, Семей қ.
Қазақстан Республикасының білім беру жағдайы бүгінгі таңда 
неғұрлым қарқынды дамуда. Дамыған елдер қатарына қосылу 
мақсатында білім беру жағдайын жоғарылату бірінші орында тұр. 
Көптеген орта, арнайы орта және жоғарғы оқу орындары ашылып, 
әр түрлі мамандықтар салалары арта түсті. Болашақта мықты маман 
және білікті тұлғаны тәрбиелеп оқыту үшін жастарды мектеп 
қабырғасынан бастап психологиялық тұрғыдан дайындау маңызды.
Жоғарғы сынып оқушылардың мамандық таңдауына 
байланысты мұғалімдер, ата-аналар және мектеп психологы 
тарапынан бағыт бағдар беріледі [1, 61-67 б.].
Мектептің психологиялық қызметінің міндеттерінің бірі 
жоғарғы сынып оқушыларна бағыт бағдар беру. Мұнда мектеп 
психологы оқушылардың пәнге деген қатынасын, қызығушылығын, 
кәсіптік және бас типін жеке темпераментін зерттейді. Соның ішінде 
оқушылардың темперамент типін зерттеу өте маңызды.
Мамандық таңдауда оқушылардың темперамент типін ескерген 
дұрыс. Теиперамент типтеріне жеке мамандықтарға тоқталайық. 
«Темперамент» - жүйке саласының тума қасиеттерінен туындатын 
адамның жеке дара өзгешелігі [2, 24-26 б.].
Меланхоликтер.
Сәл нәрсеге ренжитін, өкпешіл, тұйық, көп 
сөзі жоқ, пессимист, өте баяу қозғалатын, жайбасар адамдар. 
Ол жасқаншақ. «Мен» деп ешқашан ұмтылмайды. Өте ұялшақ, 
тартыншақ, жұрттан аулақ жүргенді жаны сүйеді. Өте жұмсақ, 
мейрімді және мінезсіз адамдар. 
Холериктер.
Меланхоликтерге қарама қарсы тип. Қиындықтарды 
жеңеді. Қалжынды көтере алмайды. Еті тірі, ойнақы, тынышсыз, 
шамданғыш, көңіл күйі аумалы – төкпелі, жұртпен қарым-қатынаста 
тұрақсыз, пысық, бірақ бейқам келеді. Холерикті жеңудің бір амалы 
– үнемі жұмысқа тарту. Мұнда оның қуаты жұмысқа бағытталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет