«ОҚУШЫЛАР » сериясы «XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ» 90
91
Оның осы қасиеті адам мен сыртқы дүние арасын ажыратып
тұратын шекті жойып жіберуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, оның
туындыларындағы бейнеленетін бірегей жан дүниесі сыртқы дүние
болмысының шетсіз-шексіз кеңістігімен емін-еркін әрі мейлінше
табиғи тәсілмен үштасып шыға келеді. Мұның өзін суретшінің
соңғы онжылдықтағы тамаша табыстарының бірі деуге болады.
Дүзелханов Ағым Салы Дүзелханұлы Қызылорда облысы Қазалы қаласында дүниеге келген. 1976 жылы
Алматы көркемсурет училищесін және В. Суриков атындағы Мәскеу
Мемлекеттік институтын 1982 жылы өзінің шығармашылық еңбегін
1975 жылы Қазақстан баспасымен жұмыс істей отырып бастады.
Суретші кітап иллюстрациясы, станоктык графика, плакат, өндірістік
кескіндеме және тарихи суреттеме саласында жұмыс істеді. Үш
жүзден астам ктітапты, 50-ден астам плакаттарды фольклорлық тарихи
тақырыптарға иллюстрация жасады.Бүкілодақтық республикалық
халықаралық көрмелер, кітап және плакаттар конкурсының
дипломанты: 1985, 1986, 1987 жж., бүкілодақтық дипломдарға,
Абай, Әлішер Науаи атындағы сыйлыққа, «Үздік кітап» сыйлығына
(Ташкент қ) және т.б. ие болды. Жаңа ағымдағы мектеп оқулықтарына
иллюстрация жасады, сондай-ақ, кескіндеме факультеттерінің
студенттеріне арналған мектеп оқу-әдістемелік құралдарын
жазды. Ұзақ уақыт бойы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық
өнер академиясының кескіндемелік дизайн кафедрасында доцент
болып жұмыс істеді. ҚР Ағарту ісінің үздігі. 1992 жылы Қазақстан
Республикасының Ұлттық ваютасының дизайнын әзірлеуге тікелей
қатысты.1996жылы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.2000
жылы Нью-Йоркте БҰҰ ұйымдастырумен өткен «Глобал-арт-2000»,
халықаралық конкурс- көрмесінің жеңімпазы болды. 2000 жылғы
желтоқсанда ҚР президенті Жарлығымен А. Дүзелханов Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.