Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


Ж. Аймауытовтың прозасын саралаңыз



бет50/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

Ж. Аймауытовтың прозасын саралаңыз

Ж.Аймауытов өзін әдебиетте шағын әңгіме жанрындағы шеберлігімен таныта білді.Оның оқырман жүрегіне жол тапқан «Елес»,«Жол үстінде»,«Әнші»,«Жапырақтар»әңгімелері бар.Алғашқы күрделі шығармасы-«Қартқожа».Бұл роман автор қиялынан емес,болған оқиғаның негізінде жазылған дүние..Ж.Аймауытов өмір шындығынан алынған оқиғалар жүйесін көркемдік қиялмен ұштастыра отырып,дәуір келбетін ашатын көлемді туынды жасай білген.Жазушы 19 ғасырдың соңында дүниеге келіп,20 ғ басында еңбекке араласып,кеңестік дәуірдің алғашқы кезеңінде жаңа құрылысқа белсене араласқан қарапайым адамның қоғамдағы орнына айрықша назар аударады.Мақсат-қоғамдағы өзгерістерді қарапайым адамның көзқарасы,танымбілігі,қабылдауы арқылы көрсету.Бвла күндегі жетімдік,мәнсіз молда оқытуы,1916 жылғы көтеріліске қатысу,солдатқа алыну,жаңа оқудың есігін ашып,ұстаз болу,міне,Қартқожа өткен өмір жолы осы.Оның әрбір кезеңінде ешбір алып-жұлып бара жатқан ерекшелігімен көзге түспейтін кейіпкерін автор бір ғана жылт еткен іс-әрекет,мінез-құлық құбылысы арқылы даралап отырады.Сол арқылы оның өзіне ғана тән болмысы танылып-ақ қалады.Бұл роман туралы Жүсіпбектің өзі бидейді:«Қартқожада підия алатын бала молданы оқысақ,ол-өзім.Қартқожаның әкешешесінен көрсек,ол-өз әке-шешем.Яғни,жазушы көз көрген,бастан өткерген оқиғаларды екшелей отырып,кейіпкер өмірін сөз өнерінің шарттарына сай көркем қиял арқылы қиюластырып әкетеді.Сөйтіп,көркемдік шындығы көңілге күдік ұялатпас туынды жасап шығарады».Ахмет Б.баламасы бойынша ұлы әңгіме деп танылатын шығарма-Жүсіпбектің ең көлемді шығармаларының бірі,бұл оның прозадағы алғашқы қадамы,соған қарамастан өз деңгейін көрсете білді.
Жүсіпектің қазақ прозасын үлкен бір белеске көтерген күрделі шығармасы-Ақбілек романы.Бұл романдағы жазушы мақсаты мүлде бөлек.Автор қазақ қызына киліккен қасіретті көрсету арқылы аласапыран тұстың озбырлық бейнесін ашады.Оны сол нәубеттен,тағдыр талқысынан құтқарған жаңа өмір салты екендігі романда айрықша сипатталған.Шығарма басты-басты төрт бөлімнен тұрады.Алғашқы бөлім Ақбілектің ақтар қолына түсіп,одан құтылып шығуын баяндаса,келесі бөлімде Ақбілектің айттырған жігіті Бекболаттың жаралану жайы,емделуі,болашақта Ақбілектің жолы түсетін қала жайы сөз болады.Одан кейінгі бөлімде Ақбілек елге оралғаннан соңғы ауыл күйі,күйеу жігітімен тағдыр қосуы,әкесінің төсек жаңғыртуы,Қарамұрттан жүкті болып қалған Ақбілектің психологиялық қиналысы суреттеледі.Жалпы Ж.Аймауытовтың Ақбілек романында өз заманының ең бір құбылмалы тұсында сынға түскен қазақ қызының жігер-қайраты мен ақыл-парасаты арқасында өз ортасынан озып шығып,биік қоғамдық сатыға көтерілуі көркем бейнеленген.Кейіпкердің жан-дүниесі өз басынан өткерген қиындығы мен қияметі жетерлік оқиғалар үстінде ашылады.Ақбілек қасіреті жалғыз оның ғана емес,зобалаңды заманда бастарына қара бұлт үйірілген,тағдыр талқысына түскен қазақ қыздарына ортақ дүние еді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет