Xx ғ бас кезіндегі Қазақстанның қоғамдық саяси жағдайы



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі463,37 Kb.
#93221
  1   2   3   4   5
Байланысты:
9 synyp tarikh vord


XX Ғ бас кезіндегі Қазақстанның қоғамдық саяси жағдайы
1893-1905ж қазақтардан 4 млн десятина 1906-1912ж 17 млн десятина ал 1917ж қарай 45 млн астам десятина жер тартып алынды.
«Айқап» журналы Мұхамеджан Сералиннің редакторлығымен 1911-1915ж шығып тұрды. Журналды шығаруға Ж.Сейдалин, С.Торайғыров, Б.Қаратаев Б.Майлин С.Сейфуллин және т.б. Белсене қатысып мақалалар жазды. Айқап журналы отырықшы өмір салтын қалыптастыру аграрлық мәселеге зор мән берді. 1913-1918ж шығып тұрған Қазақ газеті либерал-демократиялық бағыттағы ұлт зиялыларының көзқарасын білдірді. Газет редакциясында ұлт азаттық қозғалыс көсемдері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және басқалар қызмет етті.
Түркішілік идеясының көшбасында И.Гаспиринский тұрды. Қазақтың бірқатар зиялылары М.Шоқай, М.Тынышбаев т.б. Бұл идеяны қолдады.
1916жылғы ұлт азаттық көтеріліс
Жетісу облысы Лепсі уезінің бірқатар елді мекендерінде кедейлер мен ерлері майданға кеткен әйелдер жергілікті саудагерлер мен көпестердің дүкендерін талқандады. 1916жыл 25 маусым күні «бұртана» халықтардың 19-43жас аралығындағы ер азаматтарын соғысып жатқан армия шебінде қорғаныс құрылыстарын салу мен тыл жұмыстарына алу жөніндегі патша жарлығы жарияланды. Алдын ала жасалған есеп бойынша Түркістан мен Дала өлкесінде 500мың адам алу көзделді. Стихиялы түрде басталған қозғалыс біртіндеп ұйымдасқан сипат ала бастады.
Торғай даласында көтеріліске Амангелді Иманов, Орал облысы мен Бөкей Ордасында Сейітқали Меңдешев,Әбдірахман Әйтиев жетекшілік етті. Маңғыстауда Жалау Мыңбаев, Ақтөбе Әділбек Майкөтов, Жетісуда Тоқаш Бокин Бекболат Әшекейев Ұзақ Саурықов және т.б.басқарды. Ұлт азаттық көтеріліске қазақ жұмысшылары да қатысты. Спасск мен Қарқаралы зауыттарындағы, Успенск мен Жезқазған кеніщтеріндегі, Қарағанды мен Екібастұз көмір кендеріндегі, Ембі мұнай кәсіпшіліктеріндегі Омбы Орынбор-Ташкент темір жолындағы жұмысшылар жұмыстарын тастап, көтерілісшілерге келіп қосылды.
Торғай уезінің қазақтары Нияз бидің немересі Әбдіғапар Жанбосынды өздерінің ханы етіп сайлады. Әскердің бас садарбегі болып Амангелді Иманов оның көмекшісі етіп Оспан Шолақов тағайындалды. Амангелдінің әскері көтерілісшілердің басқа жасақтарынан ұйымдасқандығы және тәртібімен ерешеленді. Сарбаздар ондық жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді. Басқару жұмысы штаб міндетін атқарған Әскери Кеңес арқылы жүзеге асырылды.
Қазанда көтерілісшілер Қарабұтақ селосын қоршап Қожакөл мен Татыр көлдері аудандарында жазалаушы отрядқа шабуыл жасады. 23 қазан күнң Амангелді бастаған 15мың көтерілісші
қаласын қоршады. 1916ж қарашасында көтерлісішілердің саны 50 мыңға жетті.
Құрамына майданнан
әкелінген бөлімдер енген генерал Лаврентьев басқарған арнайы экспедиция
лық құрылды. Корпус шабуылды бірден үш бағыттан Қостанай, Ақтөбе мен
Шалқардан бастады.
Арашаның екінші жартысында көтерілісшілердің негізгі бөлігі Торғайдан 150
шақырымға шегініп Батпаққара шатқалы ауданында бір бөлігі Аққұм құмында
топтасты. Нашар қаруланғанына қарамастан көтерілсішілер күрестің партизан
дық әдістерін кеңінен қолданып жазалаушылардың негізгі күштерінің
қолын байлады.
30 қарашада полковник фон Розен отрядының келе жатқаны жөнінде мәлімет алған 6 мыңдай көтерілісшілер жазалаушыларға қарсы аттанды. 22-24 ақпан күндері көтерілісшілер жазалаушылармен соңғы шайқасын Доғал Үрпек ауданында өткізді. 1917ж соңында Амангелді Торғайды алды.
Жетісудағы көтеріліс мұндағы өзгешелік жаппай бой көрсетулерге тек қазақ еңбекшілері ғана емес басқа халықтар өкілдерінің де қатысуы еді. Верный Жаркент Лепсі уездерінде халық көтеріліске шықты. Көтерілісті оның танымал жетекшілері Бекболат Әшекейев Тоқаш Бокин Жәмеңке Мәмбетов Ұзақ Саурықов Ақкөз Қошановтар басқарды.
1916ж жазда көтерілісшілер Қарқара жәрмеңкесін қоршады. Толқуларға 5 мыңнан аса адам қаысты. Көтерілісшілер Жаркент уезінде Таврия Владислав Краснояр Мещеры т.б. Қоныстарға шабуыл жасады. Патша үкіметі Жетісудағы көтерілісті басу үшін құрамында пулемет және зеңбірек командасы бар 95рота мен 24 казак отрядын аттандырды. Жазалаушы әскермен ірі шайқастар Асы мен Қарқара жайлауларында Самсы стансасы маңында Қастек Нарынқол Шарын Қорам өңірлерінде Лепсі уезінің Садыр Матай болысы және басқа жерлерде өтті.
КӨТЕРІЛІСШІЛЕРГЕ ҚАРСЫ ПАТША ӨКІМЕТІНІҢ ЖАЗАЛУ ШАРАЛАРЫ
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қазақтардың ұлт азаттық қозғалысында өз саяси партияларын қалыптастырған үш ағым пайда болды. Бірінші ағымға өлкеде демократиялық бағыттағы прогресшіл реформалар жүргізуді жақтаған патриоттық ниеттегі алдыңғы қатарлы зиялылардың елеулі бөлігі еніп «Қазақ» газетінің төңірегінде топтастырды. Бұл топ кейінірек «Алаш» партиясына айналды. Екінші ағымды Түркістан генерал губернаторлығының құрамына кіретін Қазақстанның оңтүстік облыстарының зиялы өкілдері құрап «Шура-ислами» және «Шура-улема» ұйымдарына бірікті.
Олар исламның ағартушылық идеяларын ұсынды. Алғашқы екеуінен әлсіздеу болған үшінші ағымды құраған «Үш жүз» тобы революциялық оқиғалардың барысында қалыптасты.
Зиялылардың бір бөлігі Әлихан Бөкейханов Ахмет Байтұрсынов Міржақып Дулатов Сейітқазым Бадырбаев Мұхамедияр Тұнғаншин т.б. Торғай және Ырғыз уездерінің халқын қарулы көтеріліске қатысудан бас тартуға шақырды. Жазалау әрекеттері мен патша үкіметінің қуғын сүргініне қауіптенген 300 мыңнан астам қазақ Қытайға Шығыс Түркістан аймағына қоныс аударуға мәжбүр болды. Генарал губернатор Куропаткин бекіткен сот үкіметімен 1917ж 1 ақпанда Түркістан өлкесінде өлім жазасына 347 каторгалық жұмыстарға 168 түрмеге жабуға 129 адам кесілді.
Қазақстандағы 1916ж көтеріліс сипаты жағынан ұлт азаттық соғыс патшаға қарсы көтеріліс болды. Антифеодалдық сипаты да бар еді. Қазақстан ауылдарынан қарудың күшімен 150 мыңнан аса ер азамат тыл жұмыстарына аттандырылды.
ҚАЗАҚСТАН 1917Ж АҚПАН РЕВОЛЮЦИЯСЫ КЕЗІНДЕ
1917ж 27 ақпанда Ресейде Ақпан революциясы жеңіске жетті. Монархия құлатылып патша тақтан тайдырылды. Революция нәтижесінде Ресейде Уақытша үкіметтің құрылуы жөніндегі хабарды қазақ демократиялық қоғамы қуанышпен қарсы алды. Уақытша үкімет осыған байланысты аталған проблеманы шешу жолында бірқатар шараларды жүзеге асырды. Торғай облысынан генерал Лаврентьевтің жазалаушы экспедициясы шығарылды. 1917ж 7 наурызында көтеріліске қатысушыларға кешірім жасау жөнінде Жарлық жарияланды. 1917ж 24 сәуірінде үкіметтің шешімімен тыл жұмысына шақырылған қазақтар еліне қайтарылды.

1917ж мамырдан бастап уақытша үкіметтің жергілікті органдары ауылдар мен селоларда да құрыла бастады. Қазақ халқының өкілдерінен уақытша үкіметтің комиссарлары болып Торғай облысында Әлихан Бөкейханов Жетісуда Мқхамеджан Тынышбаев Түркістанда Мұстафа Шоқай тағайындалды. Бүкіл Ресейдегі тәрізді Қазақстанда да уақытша үкіметпен қатар жұмысшы солдат және шаруа депуттаттарының Кеңесі билігі қос өкімет орын алды.

1917ж наурыз айының алғашқы күндерінен бастап Қазақстанда әсіресе қалалар мен темір жол станцияларында социал демократтар үлкен рөл атқарған жұмысшылар мен солдаттар Кеңестері құрыла бастады. Ірі қалаларда қос өкімет орнап саяси биліктің әр түрлі формалары Уақытша үкіметтің органдарынан бастап жергілікті өзін өзі басқарудың ұйымдарына дейін болды далалық аймақтар «Алашорда» және «Қоқан» автономиясы билігін қуаттады.
Осылайша самодержавие құлатылғаннан кейін Қазақстанда көпөкіметтілік орнады.
Қазақстанның қалалары мен ірі елді мекендерінде жастардың 20дан астам ұйымдары құрылды. Омбыда «Демократияшыл оқушы жастардың кеңесі» Спасск зауыттарында «Жас жүрек» Петропавлда «Талап» т.б. Ұйымдар жұмыс істеді. 1917ж Ақмола қаласында қазақ жастарының «Жас қазақ» ұйымы құрылды. Ұйым төрағасы С.Сейфуллин Мүшелері Б.Әділов А.Асылбеков т.б. Жігерлі жастар болды. «Жас қазақ» ұймы халық ағарту жұмыстарын жүргізуді елдің саяси істеріне белсене араласуды мақсат етті.
Жастардың келесі «Бірлік» ұйымы 1914ж өзінде ақ Омбыда құрылған болатын. Оның құрамына А.Сейітов Қ.Кемеңгеров Д.Әділов М.Жұмабаев сынды қазақтың айтулы жастары мүше болып енген еді. «Бірлік» ұйымы қазақ халқының мәдениеті мен өнерін әдебиетін дамыту арқылы оның ұлттық сана сезімін оятуды мақсат етті. Ұйым мүшелері «Алаш» партиясына қолдау көрсетті. «Бірлік» ұйымы барлық қазақ жастарын біріктіру үшін құрылған «Жас азамат» ұйымының құрамына енді.
«Жас азамат » 1918ж 5-13 мамыр аралығында Омбы қаласында өткен жалпықазақ жастарының съезінде құрылған ұйым. «Жас азамат» ұйымы барлық қазақ жастарын біріктіріп ұлт мүддесін қорғауды мақсат етіп қойды. «Жас азамат» ұйымы қазақ жастарын Алашорда автономиясын қолдауға кеңестік биліктің орнауына қарсылық танытуға шақырды.
Түркістанның елеулі саяси ұйымы 1917ж 17 наурызда Ташкентте құрылған «Шура-ислами» болды. Оның құрамына ұлттық буржуазия мен зиялылардың жер иелері мен мұсылман діни қауымының өкілдері енді. Ұйымның жұмысында М.Шоқай А.Кари А.Темірбеков т.б. Белсенді рөл атқарды. Ұйым Ресейдің құрамында Түркістан ұлттық діни автономиясын құруды уақытша үкіметтің Түркістан комитетіне қолдау көрсетуді оқу ағарту мен тұрмыс саласында реформалар жүргізуді жақтады. 1917ж 10 шілдеде Ташкентте қазақтың белгілі қайраткері Серәлі Лапиннің жетекшілігімен «Шура-улема» қоғамдық саяси ұйымы құрылды.
Ақпан революциясы жер мәселесін шешкен жоқ бірақ дворяндардың тірегі- самодержавиені жойып помещиктердің жағдайын елеулі әлсіретті. Ақпан буржуазиялық демократиялық революциясы Қазақстандағы ұлттық аграрлық мәселелерді шешпеді отарлық басқару тәртіптерін жоя алмады.
1917ж шілдеде Орынборда бірінші жалпықазақ съезі шақырылды. Онда мемлекеттік басқару автономия халықтық милиция құру оқу ағарту сот Құрылтай жиналысына қатысу саяси партиялар құру т.б. Жөнінде мәселелер қаратырылды. Съездің негізгі шешімі «демократиялық парламенттік және Ресей Федеративтік республикасының» құрамында болатын аумақтық ұлттық автономияда қазақтардың құқықтарын қорғау болды. Съезде «Алаш» партиясын құру жөнінде шешім қабылдады.
«Алаш» партиясының басшылары Ә.Бөкейханов А.Байтұрсыеов т.б. Сияқты либерал демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларының өкілдері еді. Партия қатарына ғылыми және шығармашылық зиялылар өкілдері М.Тынышбаев М.Жұмабаев ш.Құдайбердиев т.б. Кірді. Алаш партиясы өз төңірегінде қазақ халқының әр түрлі топтарының өкілдерін топтастырды.
Алаш басшылары мен бүкіл партия негізінен Қазан революциясын қолдаған жоқ. Олар «Қазақ халқын отарлық езгіден құтқару» ұранымен бірікті. Ә.Бөкейханов өз отандастарына арнаған үндеуінде Ресейдегі 1917жылдың оқиғасын төңкеріс деп атады. Алаш партиясы бағдарламасы жобасының авторлары демократиялық сайлау жүйесін ұсынды. Депутаттар сайлауы жасырын, дауыс беру жолымен жалпыға бірдеу тең төте жіне құпия өткізілуге тиіс болды.
Бағдарлама жобасының «Жергілікті бостандық» деп аталатын екінші бөлімінде автономиялық ұлттық қағида негізінді құрылатыны айтылды. Бұл бөлімде ел мүддесі үшін жұмыс істейтін адал да әділ мемлекеттік қызметкерлерді іріктеп алу қағидасы ұсынылды. Земство басқармаларында милицияда жұмыс істеуге лайықты азаматтарды халықтың өзі таңдауы тиіс болды. Бұл сол кезең және бүгінде ешқашан құндылығы мен өзектілігін жоғалтпайтын тұжырым саналды.
Екінші тарауда Алаш партиясы әділдікке жақ нашарларға жолдас жәбірлерге жау болады» деген қағида айтылды. Бұл үзінді Алаш партиясын құрушы қайраткерлердің жоғары адамгершілік мақсаттары мен парасат пайымын нақты көрсетеді.
«Негізгі хұқық» деп аталатын үшінші тарау «Россия республикасында дінге қанға қарамай еркек әйел демей адам баласы тең болу . Жиналыс жасауға қауым ашуға жария сөйлеуге газет шығаруға кітап бастыруға –еркіншілік» делінген. Бұл Алаш партиясының ең демократияшыл ізгілікті идеялары еді. Кеңес конституциясында жалпы демократиялық құқықтар мен бостандықтардың орнына таптық принцип негіз етіп алынғаны белгілі. Еңбекші таптың санатына жатқызылмаған азаматтардың барлығы құқықтары мен бостандықтарынан айырылған еді. Осы тұрғыдан алғанда Алаш партиясы қайраткерлерінің тұжырымы дұрыс болып шықты. Бұл тұжырым тәуелсіз еліміздің 1995 ж Конституциясымен үндес келеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14 бабынды
Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең
Тегіне әлеуметтік лауазымдық және мүліктік жағдайына жынысына нәсіліне ұлтына тіліне дінге көзқарасына нанымына тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемісуге болмайды делінген
Алаш бағдарламасы жобасының «Дін ісі» атты төртінші тарауында дінді мемлекеттен бөлу идеясын қарастырылды.
«Ел қорғау» деп аталатын тарауда әскери қызметті ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Қазақтар әскери қызметті атты милиция түрінде атқаруы белгіленді.
Алаш партиясы бағдарламасы жобасының жетінші тарауы «Салық» деп аталды. Жобада «Салық әл ауқат табысқа қарай байға байша кедейге кедейше әділ жолмен таратылу» қарастырылды. Бұл өте ізгілікті және демократияшыл тұжырым еді.
Жұмысшылар деп аталатын сегізінші тарауда Алаш қайраткерлері жұмысшыларға большевиктердің таптық ұстанымы негізінде емес құқықтық қисын тұрғысында баға берді. Жұмысшылардың құқықтары елдегі барлық әлеуметтік топтармен теңестірілді.
Бағдарламаның «Ғылым білім үйрету» деп аталатын тоғызыншы тарауында оқу білім ісін барша жұрттың игілігіне айналдыру идеясы қарастырылды. «Оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық һәм ақысыз болу жұртқа жалпы оқу жайылу. Бастауыш мектептерде ана тілінде оқу қазақ өз тілінде орта мектеп университет ашу» деп атап көрсетілді. «Алаш» қайраткерлері тұжырымы бүгінгі өмірімізде де өз құнын жойған жоқ.
Алаш партиясы бағдарламасы жобасының оныншы тарауын «Жер мәселесі» деп аталады. Бағдарлама жобасында жерді сатуға тыйым салынды. Жердің бүкіл байлығы үлкен ормандар өзендердің мемлекетке тиесілі екендігі айтылды.
XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИТІ
XlX ғ соңы- XXғ бас кезінде Қазақстанда «жаңа әдістік» аталған оқу орындарф ашыла бастады. «Жаңа әдістік» жақтаушылар мұсылман мектептерінде тарих жаратылыстану орыс тілі т.б. Зайырлы пәндерді енгізумен қатар оқытудың жаңа әдістемесін ұсынды.XXғ бас кезінде қазақтың ұлттық зиялы қауымы қалыптасты. С.Көбеевтің И.Криловтан аударған мысалдар жинағы жарық көрді. 1913ж басылған «Қалың мал» романы қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі оқиға болды. XXғ бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының бірі Сұлтанмахмұд Торайғыров еді. Ол сол кезде «Қамар сұлу» романын жаза бастады.
XXғ бас кезінде аса танымал әрі көрнекті әдебиет қайраткерлерінің бірі ақын түркітанушы ғалым аудармашы педагог көсемсөзші қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов болды.
Тұңғыш ақындық еңбегі қазақ тіліне аударылған И.А.Крылов мысалдарының жинағы «Қырық мысал» болды. 1911 және 1914ж Орынборда «Маса» атты өлеңдер жинағы жеке басылып шықты. А.Байтұрсыновты қазақ тілтану ғылымының негізін салушы деуге болады. Ахмет Байтұрсынов 1913-1918ж аралығында Орынборда қазақ тілінде шығып тұрған жалғыз «Қазақ» газетінің редакторы болды.
XXғ бас кезіндегі қазақ әдебиетіндегі ірі тұлғалардың бірі Міржақып Дулатов ақын әрі жазушы өлең жинақтары мен бірінші қазақ романы «Бақытсыз Жамал» авторы ретінде көпке танылды.
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясында ерекше орын алады. 1912ж Қазанда оның «Шолпан» атты өлеңдер жинағы шықты.
Қазақ философиялық ойының дамуында Ш.Құдайбердиев ерекше рөл атқарды. Оның 1911ж «Мұсылмандық шарты» атты еңбегі қазақ тарихы жөніндегі «Түрік қырғыз қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбегі жарық көрді. Ш.Құдайбердиевтің қоғамдық саяси көзқарастары XXғ бас кезінде жарияланған «Қазақ айнасы» «Қалқаман Мамыр» «Еңлік Кебек» «Үш анық»
Қазақ әдебиеті діни философиялық бағытының көрнекті өкілі Мәшһүр Жүсіп Көпеев болып табылды. Қазан қаласында оның үш кітабы жарық көрді.
Мұхаметсәлім Кәшімов «Әдеп» «Үгіт» «Ақыл кітабы» «Насихат қазақия» сияқты шығармалары. «Мұңлы Мариям» романы да шықты
1907жылы қазақ зиялыларының бір тобы Петербургте редакторы Әбдірашид Ибрагимұлы болған «Серке» газетін шығара бастады.
Оқу ағарту мен білім идеяларын бұқара арасында насихаттау мен бастауыш білім беру жүйесін кеңейту «Айқап» журналы «Киргизская степная газета» «Степной край» «Қазақ» газеттері елеулі рөл атқарды. 1911д бастап редакторы Сағынгерей Бөкеев болған «Қазақстан» газеті шыға бастады. Газетте халық әдебиеті жөніндегі зерттеу мақалалар жарияланды. 1913ж қыркүйек Петрпавловскіде татар мен қазақ тілінде «Есіл даласы» атты газет шыға бастады.
1916ж 1917ж соңына дейін Ташкентте К.Тоғысов басшылық жасаған апталық «Алаш» газеті шығып тұрды. Ақпан революциясынан кейін әр түрлі бағыттағы газеттер мен журналдар жарық көрді. Семейде «Сарыарқа» апталық басылымы «Абай» әдеби журналы мен «Халық сөзі газеті» Оралды «Ұран» газеті Ташкентте пантүріктік және жәдит бағытындағы екі басылым бас редакторы Мұстафа Шоқай болған «Бірлік туы» мен «Жас алаш» газеті Ақмолада «Қазақ» газетіне жақын көзқарас ұстанған «Тіршілік» газеті шыға бастады.
Белгілі ғалым этнограф А.Затаевич өз өмірін қазақтардың музыкалық шығармаларын жинау мен оны бір жүйеге келтіруге арнады. 1925ж ол өзінің көпжылдық еңбегінің жемісі «Қазақ халқының 1000 әні» 1931ж «Қазақстан 500 әні мен күйлері» атты еңбегін жариялады. Халық музыкасы мен ән өнерін көпке таныту мақсатымен ірі қалаларда қазақ орындаушыларының концерттері өткізіле бастады. 1925жылы Парижде Кеңес артистерінің құрамында әнші Ә.Қашаубаев өнер көрсетіп француз баспасөзінің ыстық ықыласына бөленді ақындар мен музыканттар Ж.Жабаев К.Әзірбаев И.Байзаков т.б. Көпке танымал болды. 1934ж Қазақ драма театры жанынан музыкалық театр ашылып оның бірінші қойылымдары М.Әуезовтың «Айман Шолпан» мен Б.Майлиннің «Шұғасы» болды. Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» «Ер Тарғын» «Жалбыр» опералары қойылымы айтулы оқиғаларға айналды. Музыкалық театрдың артистері К.Байсейітова мен Қ.Жандарбеков биші Ш.Жиенқұлова даңққа бөленді.
Қазақ музыкалық аспаптарын бес топқа бөлуге болады
-үрмелі аспаптар саз сырнай қос сырнай қамыс сырнай мүйіз сырнай сыбызғы адырна ұран керней
-шекті аспаптар жетіген шертер екі және үш шекті домбыра қылқобыз
Өздігінен үн шығаратын аспаптар жіңішке метал тілшіктің көмегі арқылы үн шығаратын шаңқобыз немесе шаңқауыз тәрізді жеке топ құрайтын аспаптар
-бетіне керілген затты соғу арқылы үн шығаратын аспаптар даңғыра дауылпаз шыңдауыл дабыл кепшік шың
-қоңыраушалардың көмегімен үн шығаратын аспаптар қоңырау әр түрлі асатаяқтар
Сол уақыттағы белгілі суретшілердің бірі Николай Гаврилович Хлудов болды.
1917ж 2 қарашада «Ресей халықтары құқықтарының Декларациясы» жарияланып онда ашық мәтінмен «Ресей халықтарының бөлініп дербес мелекет құруына дейінгі ерікті өзін өзі билеу құқығы» танылатыны жазылды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы негізінен қалалар мен басқа да ірі елді мекендерде 1917ж қазан айының соңынан 1918ж наурыз айына дейін созылды.
Кеңес өкіметі бәрінен бұрын Сырдария облысының маңызды орталықтарының бірі Перовск қаласында орнады. Сырдария Ақмола облыстары мен Бөкей Ордасындағы көшілік аудандарда большевиктер бастаған күштер қарулы қарсылық көрсетуге шамасы келмеген. Уақытша үкіметтің жақтастарынан басым түсіп Кеңес өкіметі бейбіт жолмен жеңіске жетті Торғай Орал Семей Жетісу облыстарында жаңа өкімет қарулы көтерілістің нәтижесінде орнықты.
Кеңес өкіметін орнату мен нығайту дұмысына «Үш жүз» партиясы белсене қатысты. Партияның негізін 1917ж 17 қарашада Мұқан Әйтепов қалады. Партия басшылығына К.Тоғысовтың келуімен үш жүзшілер басқа қозғалыстарға қарсы күрестегі большевиктердің сенімді одақтасына айналды. Алайда белгілі бір әлеуметтік негізі мен айқын бағдарламасы болмағандықтан елеулі саяси күшке айнала алмаған «Үш жүз» 1918ж жазында тарап кетті.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ АВТОНОМИЯЛАР
1917ж қарашада өткен lV Өлкелік төтенше мұсылман съезі орталығы Қоқан болатын Түркістан автономиясын құру жөнінде шешім қабылдады. Съезд сайлаған автономия үкіметін көрнекті қоғамдық саяси қайраткер М.Тынышбаев кейін Мұстафа Шоқай басқарды.
1918ж қаңтардв Ташкент кеңесі Қоқанға құрамына Ташкенттің қызыл гвардияшы бөлімдері большевиктерге ниеттес қалалық гарнизон солдаттары кірген жазалаушы отряд жіберді. Большевиктер өздерінің идеологиялық қарсыластары армян ұлтшылдарының «Дашнакцутюн» партиясымен одақ жасауға да барды. Дашнактардың отряды мұсылман тұрғындарға қарсы жасаған ерекше қатыгездіктерімен көзге түсті. 29 қаңтар күні Қоқан автономиясын талқандау басталды.
1918ж 30 сәуірде Ресейден жіберілген большевиктердің басшылығымен құрамына Қазақстанның оңтүстік аймақтары енген Түркістан Кеңестік Федерациялық Республикасы жарияланды. Түркістан АКСР інің астанасы Ташкент қаласы болды.
1917ж желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының Екінші жалпықазақ съезі болып өтті. Съезде қазақ халқының саяси тағдырына қатысты маңызды құжаттар қабылданды. Негізгі мәселе автономия мен оның үкіметін құру жайынды болды. Съезд «Алаш» атауымен қазақ автономиялық үкіметінің құрылған жөнінде мәлімдеді. «Алашорда» деген атпен Уақытша халықтық кеңес үкімет құрылғанын жариялады. Алашорда автономиясының орталығы Семей қаласы болып жарияланды. Алашорда үкіметн Әлихан Бөкейханов басқарды. Жетісу жерінде Алашорда милициясын құрып жасақтауда Отыншы Әлжанов зор еңбек сіңірді. А.Байтұрсынов 1919ж В.И.Ленинмен кездесуден соң төтенше өлкелік орган Қырғыз Әскери Революциялық Комитеттің құрамына енгізді.
ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТ СОҒЫСЫ МЕН ШЕТЕЛ ИНТЕРВЕНЦИЯСЫ ЖЫЛДАРЫНДА
Шетелдік соғыс интервенциясының етек алуына Антанта елдері дайындалып солардың нұсқауымен жасалған 1918ж 25 мамырдағы Чехословак корпусы бүлігінің үлкен әсері болды. Бұл іс жүзінде Азамат соғысының басталуын білдірді. Чехославок корпусының бүлікшілері ішкі контрреволюциялық күштермен бірлесе отырып Сібірдің бірқатар қалаларын Оралды және Қазақстанның Петропавл Ақмола Қостанай Атбасар Семей қалаларын басып алды.
Кеңес өкіметіне қарсы қолдарына қару алған атаман А.И.Дутов бастаған Орал және Орынбор казактары көтерілді. Қазақстандағы Азамат соғысының ең алғашқы ошақтарының бірі 1917ж қарашасынды Орынбор қаласында пайда болды. Большевиктерге қарсы күштер мен саяси қозғалыстардың өкілдері өкімет билігін басып алып жергілікті Кеңестерді қуып таратты. Омбыда адмирал Колчак басқарған уақытша сібірлік ақ гвардияшыл үкімет құрылды. 1918ж шілдеде Орынборды атаман Дутов басып алып Кеңестік Түркістанды Ресейден бөліп тастады. Алашорды Азамат соғысы мен Кеңес өкіметін құлату жағдайларында Кеңестерге қарсы бірігіп күресу мақсатымен Орынборда Дутовпен одақ жасасты. Омбыдағы Уақытша сібір үкіметімен тығыз қарым қатынас орнатып Орал Сібір Жетісу казактарымен байланыстарын нығайтты.
Ақ гвардияшылармен күресте партизандық қозғалыстың ошақтары Ақмола Семей облыстарында құрылды. Азамат соғысының барысында Қазақстан тарихында Черкасск қорғанысы орын алды. Тарбағатай мен Алтайдағы «Тау қырандары» партизан отрядтарының әрекеттері 22және 25 Чапаев дивизиясының ұрыс қимылдары Орал мен Орынборды ерлікпен қорғау сияқты маңызды оқиғалар болып өтті. Қазақстандағы Азамат соғысы жылдарында нағыз қаһармандық пен табандылықтың үлгісін Ә.Жангелдин экспедициясы танытты.
1919ж жазда Шығыс майданда Колчак армиясының жеңіліске ұшырауына байланысты Батыс Солтүстік Солтүстік- Шығыс Қазақстан мен Жетісуды азат ету мүмкіндігі пайда болды. 1919ж соңында ақ гвардияшылардан Қазақстан аумағы түгелге дерлік азат етілді. 1920ж наурызда Қазақстандағы Азамат соғысының соңғы майданы Солтүстік Жетісу майданы жойылды. Біртіндеп бүкіл Қазақстан аумағындағы Кеңес өкіметі қалпына келтірілді. 1919ж шілдеде РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Қазақ өлкесін басқару жөнінде Революциялық Комитет құру туралы декрет жариялады. Қазревкомның ең негізгі міндеттерінің бірі қазақ халқының кеңестік үлгідегі мемлекеттілігін құру болды. Қазақстанда көмір өндіру 1913ж салыстырғанда 5есеге мұнай өндіру 4 есеге қысқарды.
ӘСКЕРИ КОММУНИЗМ САЯСАТЫ
Әскери коммунизм саясаты атанған белгілі экономикалық саясат елдегі материалдық ресурстардың барынша шектеулігі кезінде бұрын соңды болып көрмеген бүліншілік шетелдік соғыс интервенциясы Азамат соғысы мен оқшаулану жағдайларының аса қажеттігінен қалыптасты. Бұл саясаттың әрекет етуінің сипаты уақытша болды. Оның тікелей міндеті өндіріс пен бөлуді орталықтандыру мемлекеттің қолына қорғаныс мүдделеріне сай елдің азықтық шикізат т.б. Ресурстарын шоғырландыру мен оны тиімді пайдалану еді. Әскери коммунизм саясаты енгізіліуімен бірге ірі кәсіорындармен қатар орта тіпті ұсақ кәсіпорындар да национализацияланды. Астық монополиясы мен азық түлік салғырты жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігі енгізілді.
Әскери коммунизм саясатының көрінісі азық түлік салғырты болды. Азық түлік салғырты шаруалардан өндірген өнімнің өздерінің күнкөрісіне жететін шамалы бөлігінен басқасының бәрін армия мен қалалардың жұмысшы тұрғындарының мұқтаждығы үшін мәжбүрлеу жолымен реквизициялау түрінде жүзеге асырылды.
Әскери коммунизм саясатының ең ауыр салдары Қазақстандағы 1920ж жаппай аштық болды.
1921-1922ж аштық. Республиканың басым бөлігінде 1921ж қуаңшылық орын алып қатты жұт жайлады. Жұттың кесірінен малдың 80 пайызына дейіні қырылып қалды. 1921ж қарашасында елдегі ашығушылар саны бүкіл республика халқының 1/3 бөлігін құрап, 2млн 300мың адамнан асып түсті. Ашығушылар қатарына БОАКтың 1921ж жазындағы Декретімен Орал Орынбор Ақтөбе Бөкей Қостанай губерниялары жатқызылды.
Аштықтың Қазақстанның солтүстік батыс аудандарына таралуына табиғат апаттары ғана емес орталықтан жасақталған азық түлік отрядтарының ауыл шаруашылық өнімдерін зорлықпен тартып алулары да себеп болды. Мәселен азық түлік отрядтары Семей мен Ақмола губернияларының шаруаларынан азық түлік салығы бойынша 4 млн пұттан астам астық пен 24,5мың пұт май жинады.
Жергілікті халықтан тартып алынған астық май ет т.б. Өнімдер Мәскеу Петроград Самара Қазан Саратовка жіберілді. 700мыңнан астам адам Қазақстаннан тысқары аймақтарға көшіп кетті.
Тұрар Рысқұлов өзінің «Даладағы аштық» атты мақаласында бұл жылдары аштықтың әрбір адамды қамтығанын қазақтарға үнемі қырылып қалу қаупі төнгенін атап көрсетті. Осы кезеңде республика халықының басым бөлігі аштыққа ұшырап 1млн жуық адам аштықтан суықтан аурудан қаза тапты.
В.И.Ленин 1921ж «Нақты ет салығы туралы» Декретке қол қойып ол бойынша көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын ет салығынан босатты.
РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің 1919ж 10 шілдеде В.И.Ленин қол қойған декретімен «Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет» құрылды. Қазревкомның алғашқы құрамына С.Пестковский А.Байтұрсынов В.Лукашев Ә.Жангелдин М.Тұнғаншин С.Меңдешев Б.Қаратаев кірді. Әр түрлі уақытта Қазревкомға Ә.Әйтиев А.Авдеев А.Әлібеков С.Арғыншиев
1920ж 9наурызда Қазревком «Алашорда» үкіметі мен оның аймақтық бөлімшелерін толық жою туралы бұйрық шығарды. Қазревком 1919ж шілдесінен ҚазАКСР құрылған 1920ж қазан аралығында 15 ай қызмет етті.
1920ж 26 тамызда Кеңес өкіметі БОАК пен РКФСР ХКК –Кеңестік негізінде құрылған федерациялық социалистік мемлекет РКФСР құрамында астанасы Орынбор қаласында болатын «Қырғыз автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декрет жариялады. 1920ж 4-12 қазан аралығында Орынборда Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі болып өтті. Бұл күні 1920ж 4қазаны қазақ кеңестік ұлттық мемлекеттіліктің туған күні болып табылады. Съезд өкіметтің жоғарғы органдары республиканың Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесін сайлады. Қазақ АКСР ОАК төрағасы болып Сейтқали Меңдешев Қазақ АКСР ХКК төрағасы болып В.Радус Зенькович сайланды. Съезде қазақ кеңестік мемлекеттілігін құрудың негізгі қағидалары Конституциялық негізде анықталған «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды
1921ж қаңтарда болған қазақ кедейлерінің съезінде Қазақстанның оңтүстігінде жер су реформасын жүргізу жөніндегі мәселелерді шешуге тиіс «Қосшы» одағын құру туралы шешім қабылданды. «Қосшы» одағын құру оның жұмысын жолға қою және жер су реформасын жүргізудің белсенді қайраткерлері О.Жандосов, А.Розыбақиев т.б. Болды.
1924ж 16 қыркүйекте Түркістан ОАК нің Төтенше сессиясы Орта Азия республикаларын ұлттық мемлекеттік тұрғыдан межелеу жөнінде қаулы қабылдады. Межелеудің нәтижесінде Қазақ АКСР Ақмешіт Қазалы Шымкент Түркістан уездері Әулиеата уезінің көп бөлігі бұрынғы Сырдария облысының Ташкент пен Мырзашөл уездерінің бір бөлігі берілді. Қазақ АКСРінің қарамағына Жетісу облысының Алматы Жаркент Лепсі Қапал уездері мен Пішпек уезінің Георгиев Шу Қаранөкіс болыстары өтті. Орынбор губерниясы Қазақ АКСР құрамынан шығарылды. Қазақстан аумағы ұлғайып 2,7млн шаршы шақырымды құрады халқының саны 5млн 230мың адамға жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет