Xx ғ бас кезіндегі Қазақстанның қоғамдық саяси жағдайы



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі463,37 Kb.
#93221
1   2   3   4   5
Байланысты:
9 synyp tarikh vord

Нәтижесінде қала халқының саны қарқынды түрде артып 1959ж 44пайызға жетті.
Осы жылдары Қазақстанның картасынды 15жаңа қала және 86 қала типтес кент пайда болды.
1950ж ұзындығы 483 км Мойынты Шу темір жол тармағы салынды. Солтүстіктен оңтүстікке қарай Трансқазақстан магистралін салу жұмыстары жүргізілді. Жамбыл Шолақтау темір жол желісімен пойыздар жүре бастады.
Темір жолдағф қалыпты жүмыс оның жекелеген бөліктерінің Түркістан Сібір Қарағанды Орынбор Ташкент Омбы Рязань Орал Томск темір жолдарының құрамына кіруіне байланысты күрделене түсті. 1958ж республика аумағында Қазақ Темір жолының құрылуымен қиындықтар жойылды.
1949ж көктеміне қарай Алматыда астананы елдің 56 қаласымен байланыстырған автоматтық телефон станциясы жұмыс істей бастады. 1945ж республикада 1,15млн квт/сағат электр қуаты өндірілсе 1960ж оның көлемі 10,5 млн квт сағатқа тең болды.
«Байқоңыр» ғарыш айлағы космодромының іргесі 1955ж қаланды. Осы кешеннен 1961ж 12 сәуірде Ю.А.Гагарин адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа сапар шекті. Бұл тарихи оқиғаның құрметіне қазақтың жас ақыны Олжас Сүлейменов «Адамға табын Жер енді» атты поэмасын жазды.
Семей полигоны бұрынға Семей облысы Абыралы ауданы жіне Палодар мен Қарағанды облыстарының біраз жерін қамтыды. Мұнда 1949-1989жылдар аралығында қуаты әр түрлі 470тей жарылыстар жасалынды. Оның 90і әуеде 26сы жер үстінде 354і жер астында өткізілген. Алғашқы сынақ 1949ж 29тамызда таңғы сағат 6.30да Абай және Абыралы аудандарында халыққа ескертілместен жүргізілді.(жарылыс қуаты 30 килотонна)
1963-1988ж жылына 14-18 сынақ өткізіліп жер астында барлығы 343 ядролық жарылыс жасалған.
Тың игеру
1954жылы ақпанда Қазақстан Компартиясы ОКнің бірінші хатшылығына Қазақстанда
ешкімге белгісіз П.К.Пономаренко сайланды. Ж.Шаяхметовті қызметінен алу мәселесін
Кремльде шағын топ қана шешті. Шын мәнінде Н.Хрущев бұл кезеңде қзінің кадрларын
түрлі орындарға қоя бастаған болатын ал Ж.Шаяхметов болса тың жерлерді тез арада игеру
идеясын қолдамады.
Жаңа жерлерді игеру есебінен 1954-1955ж 13млн гектар жер жыртылып 1955ж одан 1100-1200 млн пұт астық алу жоспарланды. КСРО да тың кеңейтуге байланысты белгіленген тапсырма 1954ж тамыздың басына қарай орындалды жоспарланған 13млн гектардың орнына 19млн гектар жер жыртылды оның ішінде Қазақстанда 8,5млн гектардан аса тың жер жыртылды. Тамызда «Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі игеру туралы» жаңа қаулы қабылданды.
Тың жерлерді игерудің басым көпшілігі негізінен Қазақстанның солтүстігіндегі бес облыста Қостанай Ақмола Солтүстік Қазақстан Көкшетау және Павлодар облыстарында жүзеге асырылды.
Қазақстанда 1954-1960жылдары 25,5млн гектар тың және тыңайған жерлер игерілді. Тың игерушілер қоныстану орнына жеке мүлкімен тегін көшіп келді отағасына біржолғы берілетін ақшалай жәрдем көлемі 500-1000 ал отбасының әр мүшесіне берілетін жәрдем көлемі 150-200 сом болды. Үй салуға 10жылға 10мың сом несие берілді мал алуға 1500-2000 сом көлемінде несие берілді 1,5 центнер астық немесе ұн түріндегі азық түлік қарызы беріліп тың игерушілер ауыл шаруашылығы салығынан 2-5жылға босатылды. 1954-1959ж Қазақстанның тың жерлерін игеруге 20 млрд тай сом қаражат жұмсалды.
Тың игеруді желеу етіп екі млнға жуық орыстардың украиндардың т.б. ұлт өкілдерінің көшіп келуі Қазақстанның солтүстік облыстарында тілдік және демокрафиялық проблемаларды ушықтырды.
Республиканың 1954-1965жылдардағы қоғамдық саяси өмірі
Қоғамдық ойдағы екі бағыттың күресі мен өзара бір біріне әсер етуінің нәтижесі. Съезд көпшілік бұқараға өкімет билігін жүзеге асырып отырған жүйенің шынайы идеологиялық бейнесін ашып көрсетпеуге шешім қабылдады. Тек КОКП ОК нің «Жеке адамға табынушылық және оның зардаптары туралы» қаулысы дайындалды. Онда жеке басқа табынушылық байланысты жіберілген қателіктер мен бұрмалаушылықтардың «кеңестік құрылыстың терең демократияшыл сипатын өзгерте алмағаны» атап көрсетілді.
Шығыс Қазақстан облысындағы орыс тілі пәнінің мұғалімі майдангер жоғары білім маман М.Елікбаевтың тағдыры. Ол Н.С.Хрущевтің атына хат жазды. Хатында адамның жеке басының құқықтарын бұзу ұлттық саясат саласындағы бірқатар бұрмалаушылықтар қазақ тілінде оқытатын мектептердің қықастылуы т.б.өкімет орындары жүргізіп отырған саясаттағы олқылықтар жөнінде өз пікірін білдірді. Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті мен Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық партия комитетінің қуғындау шараларынан кейін оны КОКП қатарынан шығарды. Одан әрі бағынбаған мұғалімді психиатриялық ауруханаға жапты ал аштық жариялаған кезде түтікше арқылы күштеп тамақтандырды. КСРО Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлерінің деректері бойынша психикалық емдеу жолымен елде 90мыңнан астам «басқаша ойлайтындар» жазаланды.
1954-1965ж Қазақстан халқына өгзе республикалардан 0,5 млн адам қосылды. 1962ж қазақтар республика халқының 29пайызы құрады ал 1897ж қазақ ұлты елдің 85пайызы еді.
Үлкен наразылықтың бұрқ етуі 1959ж жазда болып өтті Теміртауда
Қазақстанның шет елдермен әсіресе бейбітшілік сүйгіш саясат ұстанып отырған отарлық бұғаудан азат Шығыс елдері Үндістан Индонезия Бирмамен Непалмен және ҚХРмен байланыстары кеңейе түсті.
Қазақстанда бұл кезеңде шетелдік мәдениет пен өнердің кәсіподақтардың көптеген делегациялары Үндістанның премьер министрі Дж. Неру мен президенті С.Радхакришнан тағы басқа да мемлекет басшылары болып қайтты. 1955ж Қазақстанда 185делегация ал 1957ж дүние жүзінің23 елінен 500дей делегация болып қайтты
1965ж шаруашылық реформасы
Сол кездегі КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы А.Н.Қосыған бастаған реформашыл күштер экономиканы басқаурдағы әкімшіл жүйені сынады. Өнеркәсіпті басқаруды салалық қағидамен жүзеге асыруды өнеркәсіп салалары бойынша одақтық республикалық министрліктер құруды ұсынды.
1965ж өнеркәсіпті басқару жүйесіне өзгерстер енгізу мен бірқатар мемлекеттік жоспарлау органдарын қайта құру жөнінде заң қабылданды. Қабылданған шешімдерге са Қазақ КСР Халық шаруашылығы кеңесі таратылды. Халық шаруашылығы кеңесі арқылы басшылық етудің аумақтық жүйесі одақтық және одақтық республикалық министрліктер мен ведомстволар арқылы басшылық етудің құрылымымен алмастырылды.
Ғылым дамуының ерекше жетістігі Ю.А.Гагариннің ғарышқа ұшуы еді.
М.И.Калинин атындағы Шымкент ұсталық сығымдау қондырғылары зауытының жұмыс технологиясы жақсартылды. Озық технологиялық үрдістерді дайындау мен оны өндіріске енгізгені үшін 1965ж Ащысай полиметалл комбинаты жұмысшылары мен республика ғалымдарының үлкен бір тобына Лениндік сыйлықтың лауреаттары атағы берілді.
Өнеркәсіптің дамудың қарқыны. Өскемен конденсатор және Кентау трансформатор зауыты Семей кабель зауыты тәрізді электротехникалық машина жасаудың ірі кәсіпорындары қатарға қосылды. Павлодар машина жасау зауыты трактор зауыты болып қайта құрылды. 1965ж Өзен кен орны өзінің бірінші мұнайын берді. Алматы Шымкентте мақта мата өнеркәсібі кәсіпорындары ал Жезқазған Семей Ақтөбеде тоқыма фабрикалары іске қосылды.
1965ж қарай елімізде 19 көмір шығаратын өндірістік қуат іске қосылды.
1966ж Қазақстанда жоспарлаудың жаңа тәртібіне шаруашылық есепке 11 өнеркәсіп орны оның ішінде Өскемен қорғасын мырыш комбинаты Шымкент цемент зауыты Алматыдағы «Жетісу» аяқ киім фабрикасы т.б көшті.
1967ж соңында 193 өндіріс орны келесі екі жылда 13 министрлік пен ведомство өзі кәсіпорындарын шаруашылық жүргізудің жаңа жүйесіне көшуді толық аяқтады. 1970ж қарай кәсіпорындардың 80пайызы астамы жоспарлаудың жаңа жүйесі бойынша жұмыс істеді.
Каспий теңізінің жағасында Шевченко қаласының жанында дүние жүзінде тұңғыш рет су тұщытатын атомдық қондырғы орнатылды. 60жылдардағы өнеркәсіптің даму қарқыны республика картасында жаңа қалалардың пайда болуына себепші болды.
Бұрынғы жұмысшы кенттері қалаларға айналды немесе Қостанай облысындағы Рудный қаласы Маңғыстаудағы Ақтау қаласы тәрізді қайтадан тұрғызылды. 1959-1964жж Қазақстанға жылына орта есеппен 64мың адам келген болса 1965-1975ж Қазақ КСР халық шаруашылығына басқа республикалардан 115мың адам келіп қосылды.
КОКП ОК 1965ж наурыз Пленумында ел басшылары тиімді аграрлық саясат талдамасын түзуге кезекті әрекетін жасады.
КСРО үкіметі ауылшаруашылығында қалыптасқан проблеманы шешудің жаңа жолдарын іздестіре бастады. 1967ж сәуірде КОКП ОК мен ККСРО Министрлер Кеңесі «Совхоздар мен өзге мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын толық шаруашылық есепке көшіру туралы» қаулы қабылданды. Ауыл шаруашылығына жүргізілетін тәжірибелер жалғаса берді.
1970-1980 жылдардағы ауылшаруашылығының дамуындағы жетістіктер мен сәтсіздіктер.
1971-1980жылдары республиканың ауыл шаруашылығының 18млрд сомнан астам күрделі қаржы жұмсалды. 1971ж 1985ж дейін Қазақ КСР жыл сайын одықтық қорға бір килограмы 2 сомнан аспайтын 300мың тонна ет өткізіп отырды.
Экономиканың ауыл шаруашылық секторында реформалар жүргізуде сол кездегі республика Министрлер Кеңесінің төрағасы Бәйкен Әшімов үлкен еңбек сіңірді. 1976ж Петропавл жылу электр орталығының іске қосылуымен Солтүстік Қазақстан республикадағы толық электрленген өлкелердің біріне айналды.
70жылдары республика ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірқатары шаруашылық жүргізудің қалыптасқан құрылымын өзгертуге әрекеттенді. Сондай адамдардың бірі И.Н.Худенко еді. Еңбекші қазақ ауданындағы «Іле» совхозын кейін Алматы облысы Күрті ауданының «Ақши» совхозын басқарған ол ауыл шаруашылығ басқарудың жаңа формаларын енгізе бастады. Ол сол кездің өзінде фермерлік шаруашылықты дамытуға әрекеттенді қағазбастылықты күрт азайтып шаруаларға бірқатар еркіндіктер берді.
Саяси өмір мен ұлттық қатынастар(1965-1985)
1964ж 14қазанда КОКП ОК Бірінші хатшысы Н.С.Хрущевті өзінің бұрынғы серіктерінің бір тобы орнынан алды. 1960ж 19қаңтарда Н.И.Беляевтің орнына бұған дейін республика Министрлер Кеңесінің төрағасы болып істеген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Республика үкіметінің құрамы өзгертіліп көптеген облыс басшылары қайта сайланды. 1978ж 20сәуірде ҚазКСР Жоғары Кеңесінің 7 сессиясында ҚазКСР жаңа Конституциясы қабылданды.
Жүйе дағдарысының айқын көрінісі сол елдің үкіметінің тілегімен деген желеумен Ауғанстанның аумағына 1979ж желтоқсанында Кеңес әскерлері шектеулі бөлігінің енгізілуі болды. КОКП ОК Бас хатшысы Л.И.Брежнев бастаған кеңес басшылығының шағын тобы қабылдаған осындай маңызды шешім қисынсыз әрі кеңес халқының мүдделеріне кереғар келді.
60жылдары Мәскеуде жоғары оқу орындарында оқып жүрген қазақ студенттері Мақаш Тәтімов Сәбетқазы Ақатаев Мұрат Әуезов т.б.жасады. олар «Жас тұлпар» жасырын қоғамдық ұйымын құрып саяси және ағартушылық қызметпен айналысты.
80жылдары КОКП ресми идеялық бағытына ашық түрде күдік келтіргендер болды. Олар диссинденттер деп аталды. Өзіндік балама бағыт ұстанып Кеңес өкіметі органдарымен қақтығысқа барғандардың қатарына Махмет Құлмағамбетов Хасен Қожахметов т.б. болды.
Мамандығы жоғары терең білімді философ Махмет Құлмағамбетов 1962ж кеңестік тәртіпке қарсылығы үшін Қостанай облысынң Рудный қаласында тұтқындалып Қылмыстық істер кодексінің 58бабы бойынша 20жыл мерзімге сотталды. Ол өз мерзімін белгілі заңгерлер Буковский Снявский Гафттармен бірге өтеді. Бостандыққа шыққан соң Сібірдегі газ құбыры құрылысында жұмыс істеді соңынан шетелге эмиграцияға кетті.
1983ж М.Құлмағамбетов КСРО әр түрлі құрылыстарында сотталғандардың еріксіз еңбегін пайдалану мәселелері бойынша жүргізілген халықаралық істе куәгерлік жасады. Ол ұзақ уақыт бойы Мюнхендегі «Азаттық» радиостанциясының қазақ редакциясында жұмыс істеді. КОКП мен Кеңес үкіметінің ұлттық экономикалық және әлеуметтік саясатына сын тұрғысынан баға берді.
1975ж Алматыда Олжас СҮлейменовтың «Аз и Я» атты кітабы жарық көрді. Ақын бұл кітабында ежелгі орыс әдебиетінің белгілі ескерткіші «Слово о полку Игоревенің» славян және түркі этникалық әлемінің шекарасында пайда болып, оны екі көшілес мәдениеттің өмір шындығы үйлесімді бейнеленгені жөніндегі қорытындыға келді. Партияның әсіре ұлтшыл және барып түрған сауатсыз идеологтары үшін О.Сүлейменов жасаған қорытынды дөрекі ақылға сыйымсыз болып көрінді. «Аз и Я» кітабы тауар айналымынан кітапханалардан алынып тасталды жаңа баслымына тыйым салынды.
Қазақ халқының мүдделерімен санаспаудың айқын көрінісі КОКП ОК Саяси бюросының 1979ж көктемдегі Қазақстан аумағында неміс автономиясын құру жөніндегі шешімі болды. Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың куәлік етуіне қарағанда мұндай ұсыныс КГБ Төрағасы Ю.Андроповтың тарапынан жасалған. Онымен қоса Қазақстан солтүстігінде неміс автономиясын ұйымдастыру үшін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы А.Коркин бастаған арнайы комитет жөнінде шешім қабылданды. Комитеттің шешімі бойынша болашақ автономияның орталығы Целиноград облысында орналасқан Ерейментау қаласы болып белгіленіп құрамына Көкшетау Қарағанды Павлодар облыстарының бірқатар аудандары енгізілуі тиіс болды.
1979ж 16маусымда қазақ жастары Целиноградтың орталығына Ленин алаңына жинала бастады. Жастар қолдарына «Қазақстан біртұтас» және «Неміс автономиясына жол жоқ» деген ұрандар көтеріп шықты. Көп ұзамай шеруге қатысушылар қаланың орталық бөлігіне лық толды. Ленин алаңына жиналғандар митинг ашты.
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері 1955-1961ж Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған Жұмабек Тәшенов қазақ жерінің аумақтық тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді. 1977жылғы КСРО Конституциясында «КСРО кеңес халқының мемлекеттік бірлігін бейнеледі» деп нақты атап көрсетілді.
1982ж қарашада қайтыс болған Л.Брежневті КГБнің бұрынғы төрағасы Юрий Андропов алмастырды. Көп ұзамай 1984ж ақпанда Ю.Андропов қайтыс болғаннан кейін ел басшылығы мемлекет басшысына тән қасиеттері жеткіліксіз денсаулығы нашар Константин Черненкоға өтті. К.Черненко бір жылдан сәл астам уақыт бойы КСРО басшысы болды.
республиканың мәдени өміріндегі ерекше оқиға 1946ж маусымда КСРО ҒА ҚАЗАҚ филиалының негізінде Қазақ КСР Ғылым академиясының ашылуы болды. 1946 жылы мамырда Қазақстан Ғылым академиясының салтанатты ашылуы ресімі өтті. Аса көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаев оның алғашқы президенті болды. Академияның құрметті мүшелері болып И.Бердин С.Вавилов И.Мещанинов В.Обручевтер сайланды..
Қ.И.Сәтбаев Қазақстан ғылымында ерекше орын алды. Оған 1942ж «Қазақ КСР Жезқазған ауданындағы пайдалы кен орындары» атты іргелі еңбегі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығы Геология минералогия ғылымдарының докторы ғылыми атағы беріліп КСРО ҒАның корреспондент мүшелігін сайланды.
1950ж соңында Қазақ КСР ҒА жүйесінде 50ғылыми зерттеу мекемесі оның ішінде 19институт 13сектор екі мұражай обсерватория үш ботаникалық бақ пен 8ғылыми база жұмыс істеді. Академияда ғылыми техникалық прогреске өз үлестерін қосқан 500ге жуық аспирант білім алды.
1985ж республикада 40377 ғылыми қызметкер жұмыс істеді. олардың 864 ғылым докторы ал 650 Ғылым академиясының академиктері корреспондент мүшелері профессорлар болды. 1946-1949ж Қазақ КСР ҒА ғылыми зерттеу мекемелері 900ден астам ұсыныстар мен зерттеулерді өндіріске енгізуге ұсыныс жасады.
КОКП XXсхъезінің қоғамды сталинизмнен арылту жөніндегі әрекеті «жылымық» деген атау алды. Жеке басқа табынушылықтың жалғасуына қарсы күрес жазықсыз сотталғандарды ақтаудан көрінді. Интеллигенция өкілдерінің кейбіреулері ғана ақталды. Қазақтың айтулы азаматтары Ілияс Жансүгіров Сәкен Сейфуллин Бейімбет Майлин Темірбек Жүргенов Жүсіпбек Аймауытов Санжар Асфендияровтар ақталып олардан жалған айыптаулар алынып тасталды. Бірақ сол кезде қазақ зиялыларының Ә.Бөкейханов М.Дулатов А.Байтұрсынов М.Жұмабаев Ш.Құдайбердиев сияқты жарқын өкілдері ақталмай қалды.
1947ж М.Әуезов өзінің «Абай» роман эпопеясының екінші кітабын аяқтады. 1949ж оған КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. С.Мұхановтың «Сырдария» Ғ.Мұстафиннің «Миллионер» М.Иманжановтың «Алғашқы айлар» И.Шухов пен Н.Ановтың романдарында А.Тоқмағамбетов Т.Жароков Ғ.Орманов Ә.Тәжібаев Қ.Бекходин т.б.поззиялы шығармаларында көркемдік бейнесін тапты. Сондай батыл ғалымдардың бірі профессор Бейсенбай Кенжебаев жазушылар Ғабит Мүсірепов Ю.Домбровский Ілияс Есенберлиндер болды.
Бұл кезеңде әншілер Роза Бағланованың Бтбігүл Төлегенова Ермек Серкебаевтың балетмейстер Болат Аюхановтардың таланты жарқырай ашылды. Шәкен Аймановтың және С.Қожықовтың ел арасындағы халықтың ежелгі және бай тарихы бейнеленген кинофильмдері кең танымал болды.
Оқырмандар арасында Бауыржан Момышұлының Морис Симашконың Ілияс Есенберлиннің Әбіш Кекілбаевтың Оралхан Бөкеевтің Юрий Гердтің шығармалары Мұқағали Мақатаевтың Олжас Сүлейменов Кәкімбек Садықовтың Мұхтар Шахановтың Қадыр Мырзалиевтің Сырбай Мәуленовтың Фариза Оңғарсынованың Қабдыкәрім Ыдырысовтың т.б.өлеңдері мен поэмалары кең тарады. Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясына 1974ж Мемлекеттік сыйлық берілді.
Мұқан Төлебаевтің евгений Брусиловскийдің Құддыс Қожамияровтың шығармаларында ұлттық фольклор жаңа қырларынан танылды. Шәмшә Қалдаяқовтың Нұрғиса Тілендиевтің Ілия Жақановтың әндерін халық жатқа білді. Сахна төрінен әншілер Ғарифолла Құрманғалиев Манарбек Ержанов Гульвира Разиева Жамал Омарова Роза Рымбаева Әлібек Дінішевтер тыңдаушыларын өз таланттарымен тәнтті еті.
Қазақстан киносының «Қыз Жібек» «Атаманның ақыры» «Ана-Жер ана» атты көркем фильмдері экранға шықты. Құрмұхан Жантөрин Асанәлі Әшімов Ыдырыс Ноғайбаев Әнуар Молдабеков Сәбира Майқанова Әмина Өмірзақова т.т сияқты бір топ актерлері ұлт мақтанышына айналды. Жастар арасында «Досмұқасан» «Айгүл» «Ариан» музыкалық ансамбльдері сүйіспеншілікке бөленді.
80жылдары соңында ұлттық кино өнеріне өзінің көркем және идеялық принциптері бар кинематографистердің жаңа буыны келді. Олардың қатарында «Соңғы аялдама» «Бөлтірік берік астында» «Сұлтан Бейбарыс» фильмдерін қосуға болады. О.Рымжанов С.Әзімов А.Шәжімбаев тәрізді деректі кино шеберлерінің жұмыстары өткір проблемаларды қозғауымен шынайылығымен танылды.
Арал апаты. Өзбекстан мен Қазақстан жерінде Тұран ойпатының шөлді белдемінде Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл Арал теңізі деп аталады. Арал теңізі 1960-1970ж дүниежүзілік теңіз деңгеінен 53,0 м биіктікте жатса 1998ж 18 метрге төмендеген. Соның салдарынан теңіз 2 суарыққа Үлкен Арал және Кіші Арал бөлініп қалды. Арал теңізінің тартылуына байланысты Арал апаты қалыптасты.
Аралмен бір мезгілде табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланбаудың нәтижесінде Балқаш проблемасы да қалыптасты. Балқаш алабын тиімсіз игеруден 1970-1985ж көлге құятын өзендер суының көлемі азайып кетті. Металлургия кәсіпорындары өндіріс қалдықтарының әсерінен көлде ауыр металдар мен күкірт оксидтерінің мөлшері артты. Өлкенің табиғи әлеуметтік және экономикалық жағдайы асқына түсті.
Демографиялық үрдістер. Қазақ халқы XX ғасырда бірнеше демографиялық дағдарысқа ұщырады. 1914-1920ж Бірінші дүниежүзілік соғыс ұлт азаттық көтеріліс Қазан төңкерісі мен Азамат соғысы жылдарында халықтың 19пайызы опат болды. 400 мыңы шетелдерге біржолата қоныс аударып көшіп кетті. 1921-1923және 1931-1932ж аштықтан 2,5млн дай адам өлді. 900 мыңдайы бас сауғалап ауа өшті. Екінші дүниежүзілік соғыста қазақ халқы 600 мыңдай азаматынан айырылды.
1954-1962ж Тың игеру кезеңінде жүргізілді. Осы жылдары Қазақстанға 2млнға жуық адам көшіп келді. Қазақстан халқының саны 1970ж қарай 13млн адамға жетіп олардың ішінде қазақтар 32,6пайыз құрады.1989ж санақ бойынша Қазақстанда халық саны 16,2млн адамды құрады. Олардың ішінде 9млннан астамы қала тұрғындары ал 7млн ауылдық жерлерде тұрды.
1999ж санақ бойынша Қазақстандағы тұрғындардың саны 14952420 адамды құрады 2009ж Ұлттық халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны 16009,6мың адамды құрады.1999ж санақ аралық кезеңде республика халқының саны 1028,3 мың адамға өсті. 2012ж мәлімет бойынша қазақтардың саны 10764мың болып республика тұрғындарының 64,1пайыз құрады. 2013ж Қазақстан халқының жалпы саны 17млн адамға жетті
Қазақстанда қайта құру кезеңінде (1985-1991)
1985 ж К.У. Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК Бас хатшысының қызметіне М.С Горбачев сайланды. КОКП ОК-нің сәуір Пленумында әлеуметтік-экономикалық өмір мәселелерін жаңаша қарастыру әрекеті жасалды. Әлеуметтік экономикалық дамуды жеделдету бағыты жарияланды.
Бұл бағыт 1986 жылғы ақпанда болып өткен КОКП XXVIIсъезінде одан әрі дамытып, мақұлдады. Партия өзін қоғамды жаңарту жолында елді соңынан ерте алатын нақты күш деп жариялады. Сондықтан әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдетуге бағыт алған сәуір (1985)Пленумы, одан кейінгі пленумдар да КОКП XXVII съезі де КСРО-ны жақындап келе жатқан терең дағдарыстан құтқара алмады, құтқара алмайтында еді Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы ” мәселе қараған КОКП ОК-нің қаңтар (1987) Пленумында партия мен бүкіл қоғам қызметінің басты мақсаты қайта құру болып табылатыны жарияланды.
Д.А. Қонаев ұзақ жылдар бойы республика басшылығында болды. Ол КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі болып, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алды. Еш күмәнсіз адал, дарынды және талантты адам Д.А. Қонаевтың өзі де бүкіл КОКП сияқты, өміршіл-әкімшіл жүйенің өкілі ғана болып қалды. Оған республика егемендігі тек сөз жүзінде ғана жарияланған жағдайда жұмыс істеуге тура келді. Неғұрлым маңызды саяси шешімдер Мәскеуде қабылданып, ұлттық респуликаларға дерективалар ретінде ғана жеткізілді. Жоғарыдағылармен келіспеу немесе кез келген нараылық білдіру « партиялық тәртіпті бұзушылық» немесе «ұтшылдық» деп бағаланады.Әкімшіл жүйе «көсемдерге» тбынушылықты тек Мәскеуде ғана емес,республикалар ен блыстарда жүргізіп отырды.
1986 жылы 16 желтоқсан күні таңертең Қазақстан Компартиясы ОК-нің V Пленумы болып өтті. Күн тәртібіне бір ғана ұйымдастыру мәселесі қойылды. Пленум Бар-жоға 18 минутқа созылды. Осындай қысқа мерзім ішінде аса маңызды мәселелердің бірі – республиканы ширек ғасырдай юасқарған саяси қайраткерді ауыстыру мәселесі шешілді. Д.А. Қонаевтың орнына бұған дейін республика еңбек етпеген, халыққа мүлдем бейтаныс,КОКП-ның Ульяновск обкомының бірінші хатшысы болып істеген Г.В. Колбин тағайындалды. Д.А.Қонаев “Өтті дәурен осылай ” атты кітабында өзінің басшылық қызметінен кетуі жайлы былай деп жазды: “Бұл жолы мен Бас хатшыға жеке мәселемен бардым.” Амандасқаннан соң әңгімені созбастан, мен оның үстелінің үстіне өз өтінішімді қойдым, Горбачев, менің ойымша , мұндай әңгімеге дайындалған тәрізді…
Іштей Бас хатшының менен орныма кімді ұсынатынымды сұрайтынына үміттенгенімді мойындаймын. Ол сұраған жоқ. Сол кезде оған өзім сұрақ қойдым. Горбачев барынша қатқылдау сөйледі: “Бұл мәселені шешуді бізге қалдыр. Республикаға жақсы коммунист жіберіледі”. “Жақсы коммунист” Генннади Колбин болып шықты[ Бұл хабар Қазақстан жұртшылығына тез тарады. Тарихта “Желтоқсан оқиғасы ” . “Желтоқсан қозғалысы”, “Желтоқсан көтерілісі” деп аталып жүрген Қазақстандық демократ жастардың толқуы дәл осы кезде басталды. Ол-ғасырдан ғасырға созылған отаршылдық езгіге қазақ халқының төл мәдениетін, тіліг, тарихын жоюға бағытталға саясатқа наразылықтан туындады.

1986 жылы 17 желтоқсан күні таңертең Алматыда жаппай толқу басталып , кейінірек ол республикасының басқада қалаларына тарады. Г. В. Колбиннің республикасының жоғарғы басшылығына тағаындайындалуы толқу үшін тек сылтау ғана еді. Оның басталуына жылдар бойы қордаланған себептер әсер етті.


1986 жылғы желтоқсандағы қазақ жастарының бой көрсетуі ұлтшылдық сипатта болған жоқ . Шеру бейбіт, саяси сипатта болып , мемлекеттік құрылысты жою мен басқа халықтарға қарсы әрекеттер жасау деген үндеулер болған жоқ.
Желтоқсан көтерлісінің басында Қ.Рысқұлбеков, Е.Айнақұлов, Қ.Айтмұрзаев, Б.Иманғожаев, О.Сейтембеков, А.Қаметов, Е.Көбесбаев, Е.Сыпатав , Л.Асанова т.бШеруге қатысушыларды ұстау кезінде партия комитеттері мен кеңестік өкімет орындары заңдылықты өрекел бұзуға жол берді уакытша ұстау бөмелеріне арнайы бөлімдерге тергеу бөлімдеріне жеткізілген қала сыртына әкетілген адамдардың саны 8,5 мыңға жетті.

Қ.Рысқұлбеков, Е.Сыпатаев , М.Әбдіқұлов т.б жастар қатаң жазаланды. Сотталған 99 адамның 46 –сы біраз уақыт өткен соң ақталды. Аз уақыттың ішінде 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін 787 адам комсомол қатарынан шығарылды, 1138 адамға комсомолдық жазалар қолданылды, 271 адам оқу орнынан 100 деген адам жұмыстан қуылды. Денсаулық сақтау және көлік министірліктері 309 адам ішкі істер министірлігінен 1200 адам жұмыстан шығарылды. Жоғары оқу орындарынан 12 ректоры қызметінен алынды. 1987 жылы шілдеде КОКП ОК қабылдаған “Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интарнационалдық және патриоттық тәрбие берудегі жұмыстары туралы” қаулда 1986 жылғы Алматы қаласындағы желтоқсан оқиғасы “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” ретінде бағаланды.


Желтоқсан оқиғасы ақиқатын ашуға қозғау салған КСРО халық депутаты М. Шахановтың КСРО халық депутаттарының I-съезіне сөйлеген сөзі болды
Шешімін күтіп қордаланып қалған проблемалар халық арасында наразылық туғызды. Осындай наразылықтың бір көрінісі Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында 1989жылдың жазында болған оқиғалар еді. Мұнда тұрғын үй алу мектепке дейінгі балалар мекемелеріне деген кезек өте баяу жылжыды жастардың арасында жұмыссыздық өсті. Осы аймақтан мұнай мен газ алып отырған орталық ведомстволар жергілікті кадрлар дайындауға ұмтылыс танытпады жұмыс күшін республикадан тыс жерлерден әкелді.
Әлеуметтік жағдайлардың күрделенуі елеусіз түрде жергілікті халық өкілдері мен қалада тұратын Кавказ ұлттарының өкілдері арасындағы қатынастарлың шиелінісуімен ұштасып кетті. 1989ж маусымда қалада екі жақтан да қан төгілуге жеткізген жаппай тәртіпсіздіктер басталды.
1989ж шілдеде Донбасс пен Кузбасс кеншілерінен кейін іле шала Қарағанды көмір алабының кеншілері де ереуілге шықты. Ереуілдерге күнделікті 10-15 мыңдай адам қатысып отырды. Кеншілер бастапқыда еңбекақыны көтеру шахталардағы жұмыс жағдайын жақсарту азық түлік тауарларының түрлерін көбейту сияқты экономикалық сипаттағы талаптар қойды. Соңынан әлеуметтік шеңбердегі талаптарға Семей ядролық полигонын жабу бүкілодақтық ведомствалардың монополиясын жою талаптары қосылды.
Кеншілер құрған ереуіл комитетін Д.Тегісов П.Шлегель М.Рамазанов В.Перебейнос т.б. Басқарды.
Қарағандыға ереуілшілерді тыныштандыру үшін келген КСРО көмір өнеркәсібі министрі М.И.Щадовтың жауаптары кеншілерді қанағаттандырмады. Осы кезде Қарағандыға шұғыл түрде Н.Ә.Назарбаев ұшып келді. Бірнеше кездесуден соң үкіметке кеншілерді тыныштандырудың сәті түсті.

1980-1990 жылдардағы Қазақстан


Қазақстан 1988ж республикадан тыс жерлерге 6,7млрд сомның тауарларын шығарса сырттан 13,8 млрд сомның тауарлары әкелінді.
1980жылдардағы Қазақстан экономикасы. Республика экономикасында бұрынғыша бір жақты шикізат өндірісіне негізделген бағдар ұсталды. Пайдалы қазбалар мен қуат көздерін өндірудегі шикізат пен қуатты пайдалану тиімділігі төмен болды.
70жылдар басында –Павлодар Екібастұз Қаратау-Жамбыл Шымкент-Кентау тәрізді ірі аумақтық өндірістік кешендер тұрғызылды. 1981-1985ж аралығында әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарларына 300ден астам рет түзетулер енгізілді.
Экспорттық тауарлардың көлемі жағынан Қазақстан КСРО бесінші орын алды. Экспортқа шығарылған тауарлардың 97пайызын шикізат материалдар мен жартылай дайын өнімдер құрады. Қазақстан КСРО экспортқа шығарылған сары фосфордың 90пайызы мыстың 7 хром кенін қорғасын мырышты түгелге дерлік өндірді. 1990жылы қарашада Сауд Арабиясымен бірге шетелдіктер қатысуымен тұңғыш «әл-Барак Банк Қазақстан» банкі құрылды. Корея Республикасымен атап айтқанда «Самсунг» «Голд Стар» және басқа корпорациялармен байланыстар дами түсті. 1991ж бірінші жартысында Қазақстанда 24 елдің қатысуымен 35 бірлескен кәсіпорындар тіркелді. Кәсіпкерлерді көптеп тарту үшін республиканың жаңа заңдары бойынша шетелдік инвесторлар 5 жылға дейін пайда салығынан босатылды. Бірлескен кәсіпорындар негізінен халық тұтынатын тауарлар шығаруға бейімделді. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарының маңызды бағыты Жәйрем-Атасу Қарағанды Маңғыстау Алакөл және Жаркент еркін экономикалық аудандаы болды.
Алматы-Үрімші -Алматы жаңа әуе желісі ашылды. Панфилов қаласы мен Инин қаласының арасында автобус қатынасы жолға қойылды.
1989жылы Г.В.Колбин ҚАзақастаннан Мәскеуге ауыстырылды. ҚКП ОК бірінші хатшылығына Құрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Қазақстан Республикасының Үкіметін Ұзақбай Қараманов басқарды. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетініңі бірінші хатшысы Н.Ә.Назарбаев жанына жаңаша ойлайтын саясаткерлерді топтастырды. Орталық комитетінің екінші хатшылығына В.Ануфриев хатшылыққа Е.Асанбаев пен В.Двуреченский келді. Идеология бөлімін М.Жолдасбеков аграрлық бөлімді Ж.Кәрібжанов ұлтаралық қатынастар бөлімін Ә.Кекілбаев басқарды.
1988жылы Қазақстан Компартиясы ОК қаулысымен 20-40жылдар мен 50жылдардың бас кезінде қуғын сүргінге ұшыратып сотталған халықтың даңқты өкілдерінің есімі халқына қайтарылды. Әсіресе Шәкәрім Құдайбердиев Ахмет Байтұрсынов Мағжан Жұмабаев Жүсіпбек Аймауытов Міржақып Дулатов т.б танымал тұлғалардың ақталуы жұртшылық арасында зор қолдауға ие болды.
Қазақ КСР тілдері туралы Заңы 1989ж 22 қыркүйектегі Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің кезектен тыс өткен он төртінші сессиясында қабылданды. 1990ж шілдесі мен 1991ж маусым айының аралығында қазақ тіліндегі балабақшалар 482ге көбейді. Жалпы білім беретін 155 мектеп 4 кәсіптік техникалық училище республикада іс жүргізушілер мен машинка басушыларды қазақ тілінде оқытатын бірінші қалалық кәсіптік техникалық училище ашылды.
1992ж бастап «Заман –Қазақстан» атты біріккен қазақ түрік газеті шығарыла бастады.
90жылдары әдебиет пен өнер идеологиялық тыйым салулардан арыла бастады. М.Мағауин Ә.Кекілбаев Ш.Мұртаза С.Жүнісов Қ.Жұұмаділов С.Сматаев С.Елубаев сияқты жазушылар қазақ зиялылары мен қазақ халқының қиын тағдыры туралы күрделі шығармалар жазды.
Қазақстандағы сондай бұқаралық қозғалыстардың алғашқыларының бірі «Невада Семей» экологиялық қозғалысы болды. Ол 1989ж көктемде ақын О.Сүлейменов бастамасымен құрылды. Қозғалыс өзінің түпк мақсатын Семейдегі және Қазақстан аумағындағы басқа да сынақ полигондарын жабуға қол жеткізу деп білді.
«Невада Семей» қозғалысы әскери ведомствалардан ядролық сынақтар жөніндегі құпияларды жариялауды халық шеккен зардаптардың орнын толтыруды талап етті. Мұхтар Шахановтың бастамасын Арал теңізі маңайындағы тұрғындарға көмек беру мақсатымен Балқаш пен Арал проблемалары бойынша комитет ұйымдастырылды. Комитет дүние жүзі жұртшылығы мен КСРО үкіметінің назарын Арал теңізінің экологиялық апатына аударуда көп жұмыстар атқарды.
1990 ж «Азат» азаматтық қозғалысы дүниеге келді. Алғашқы кезде қозғалыс өз қатарына әр түрлі саяси партиялардың өкілдерін біріктірді. «Азат» өзінің басты мақсаты етіп Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алуын қойды.
Осы кезеңде Алматыда жаңа қоғамдық саяси ұйым Қазақстанның социал-демократиялық партиясы құрылды. Жастардың шағын тобынан «Алаш» партиясы қалыптаса бастады. 1990ж тамызда «Единство» ұлтаралық қозғалысы дүниеге келді.
Саяси қозғалыстар қызметін тәртіпке келтіру мақсатымен Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Lv сессиясы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заң қабылданды. Қоғамдық қозғалыстар 1990ж қазан айында республика Жоғары Кеңесінің «Қазақ КСР Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясын қабылдаған сессия кезінде ерекше белсенділік танытты. «Қазақ КСР Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация Қазақстан халқының еркін білдіре отырып Қазақстанның мемлкеттік тәуелсіздігін қорғау мен нығайту жолындаы барлық шараларды жүзеге асыратынын салтанатты түрде жариялады.
1989ж мамыр маусым айларында өткен КСРО халық депутаттарының 1 съезінде саясаттағы экономикадағы және қоғамдық өмірдің әлеуметтік рухани салаларындағы жағдайларға өткір сыни және табанды талдау жасалды. Кеңес қоғамына төнген дағдарыстың себептерін іздеуге әрекет етілді. Съезде барлық дәрежедегі партия және мемлекеттік органдар қызметтерінің арасын ажырату мәселесіне арнайы тоқталынды.
Жаңа одақтық келісімшарттың жасалу мүмкіндігі жайлы мәселені 1988ж өзінде ақ ең алдымен Балтық жағалауы республикалары ұлттық демократиялық қозғалыстарының өкілдері көтере бастады. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде де кейбір депутаттар тарапынан бұл мәселе көтерілді.
КСРО халық депутаттарының 1990 ж 15 наурыздағы кезектен тыс lll съезінде Кеңес Одағының алғашқы президенті болып М.С.Горбачев сайланды. Қазақ КСР 1990ж 24 сәуірдегі Xllшақырылған Жоғары Кеңесінің 1 сессиясында Н.Ә.Назарбаев Республиканың тұңғыш Президенті болып сайланды.
Қазақстан өзінің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясын 1990ж 25 қазанда жариялады.
1991ж 19 тамызда таңертең Кеңес Одағының радиостанциялары КСРО вице-президенті Г.И.Янаев КСРО премьер-министрі В.С.Павлов және КСРО Қорғаныс Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары О.Д.Бакланов қол қойған мәлімдемені жария етті. Мәлімдеме КСРО Президенті М.М.Горбачевтің денсаулығына байланысты өз міндеттерін атқара алмайтындығы бұл қызметтің КСРО вице-президенті Г.И.Янаевқа өтетіндігі туралы айтылды. Елді басқару және төтенше жағдай тәртібін тиімді жүзеге асыру үшін құрамына жоғарыда аталғандардан басқа КСРО КГБ төрағасы В.И.Крючков КСРО Ішкі істер министрі Б.К.Пуго КСРО Қорғаныс министрі Д.Т.Язов т.б кірген 8 адамнан тұратын төтенше жағдай жөніндегі КСРО Мемлекетттік комитеті құрылды.
Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитет елдің ауыр экономикалық және саяси жағдайын суреттей келіп барлық кінәні реформа саясатына аударып кеңес халқына үндеу тастады.
Конституцияға қарсы ТЖМК құруды мемлекеттік төнкеріс деп атаудан басқа жөні болмады.
ТЖМК ның №1 қаулысы бойынша КСРО барлық билігі мен басқару органдары одақтық және автономиялы республикалар өлке облыс қала аудан кенттер және ауылдар төтенше жағдай тәртібін мүлтіксіз орындауға міндеттенді. Осы қаулы негізінде саяси партия қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқтатылды митинг шеруге шығу ереуіл жасауға тыйым салынды. Бұқаралық ақпарат құралдарына қатаң бақылау орнатылды.
9тамызда тағы бірқатар жарлықтар шықты. ТЖМК қаулысында демократия мен прогреске айрықша ықылас көрсеткен «Комсомольская правда» «Московские новости» газеттерінің басылуына тыйым салынып «Известия» «Труд» «Рабочая жизнь» басылымдарын шығаруды шектеді.
Халықтың басым көпшілігі құрылған комитетті құптамады. «Азат» «Желтоқсан» Қазақстанның социал демократиялық партиясы ТЖМК қабылдаған жоқ және тұрғындарды оның жарлықтарына бағынбауға шақырды.
Осы күні кешке қарай Н.Ә.Назарбаев қазақ теледидары бойынша республика халқы алдында сөз сөйледі. «Еліміз үшін аса бір жауапты сағатта деді ол сөзінде сіздерді тыныштық пен сабыр сақтауға шақырамын» Қазақстан Президенті республика егемендігін нығайту саясатына демократия принциптеріне КСРО біртұтастығын сақтауға жақтастығын танытты. Ол Қазақстан аумағында төтенше жағдайдың енгізілмейтінін айрықша атап өтті.
Н.Ә.Назарбаев 1991ж 29 тамызында «Семей ядролық полигоны жабу туралы» арлыққа қол қойды.
1991ж тамызда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев КОКП ОК Саяси бюросы мүшелігінен шығатыны жөнінде мәлімдеді. Кейіннен Қазақстан Компартиясы өзі де КОКП құрамынан шығып кетті.
Қазақстан Компартиясы ОК 991ж қыркүйек пленумында төтенше съезд өткізу жөнінде ұйымдастыру комитеті құрылып Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қызметін тоқтатқаны жөнінде мәлімдеді.
1991ж 7 қыркүйек күні сағат 10да Алматыда Қазақстан Компартиясының кезектен тыс және төтенше съезі ащылды. Ұзаққа созылған айтыстардың нәтижесінде съезде Қазақстан Компартиясын тарату және жаңа партия құру туралы шешім қабылданды. Жаңа құрылған партия социалистік болып аталатын болды.
1991ж қазанда Қазақстан ЛКЖО XVlllкезектен тыс съезінде Қазақстан Лениншіл Коммунистік Жастар Одағы атауын Қазақстан жастар одағы деп өзгертуге шешім қабылдады.
Президенттік қызметке Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы Н.Ә.Назарбаев кандидат етіп ұсынылды. Қазақстан халқының көпшілігі Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдады. 1991ж 1 желтоқсандағы бүкілхалықтық сайлаудың қорытындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Сайлауға дауыс беруге тіркелген сайлаушылардың 89пайызы қатысты сайлаушылардың 99 өз дауыстарын Н.Ә.Назарбаевқа берді.
1991ж 10 желтоқсанда Республика Жоғары Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социолистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп атау жөнінде шешім қабылдады. 1989-1992ж Гурьев қаласы Атырау Целиноград-Ақмола Шевченко-Ақтау Голощекин ауылы-Приуралье болып өзгертілді. Республика картасынан «Коммунистік» «Социолистік» «Октябрь» деген сөздер жоғала бастады.
1991ж 12 желтоқсанда Н.Ә.Назарбаев «1986ж 17-18желтоқсан оқиғаларына қатысқан үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» Жарлық шығарды.
Беларусь және Украинаның басшылары 1991жыл желтоқсан айының басында Беларусь астанасы Минск қаласында бас қосты. Бұл республикалардың басшылары жүргізілген келіссөзден соң 1922ж КСРО құру туралы келісімшарт күшін жойғанын мәлімдеп Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру жөнінде келісімге қол қойды.
1991ж 13желтоқсанда Ашхабатқа Қазақстан мен Орта Азия республикаларының басшылары жиналып Минскіде қабылданған шешімді қолдайтындықтары жөнінде хабарлады. Бұл бұрынғы КСРО республикаларының қазіргі тәуелсіз мемлекеттер басшыларының Алматыдағы кездесуін ұйымдастыруға мүмкіндік берді.
1991ж 20 желтоқсан күні Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы төңірегіндегі бірқыдыру мәселелердң талқылау үшін Әзірбайжан Армения Беларусь Қазақстан Қырғыстан Молдова РКФСР Тәжікстан Түркіменстан мен Өзбекстанның басшылары Алматыға жиналды. Оған Грузия бақылаушы ретінде қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет