ҚАЗАҚСТАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА 1941-1945 1941ж 22 маусымда фашистік Германия өзара шабуыл жасаспау жөніндегі кеңес герман шартын бұзып неміс армиясы соғыс жарияламастан КСРО аумағына баса көктеп кірді. 1940ж жасалған «Барбаросса» жоспарына сай Германия қысқа мерзім ішінде Архангельск Еділ Астрахан шебіне шығуды көздеді. Бұл қауырт соғыс блицкригтің негізгі мақсаты еді. «Барбаросса» жоспарын жасағанда фашистік Германияның басшылары КСРО «көптеген ұлттардың жасанды әрі әлсіз бірлестігі» «ішкі бірліктен айырылған этникалық конгломерат» ретінде қарастырды.
Қазақстанда армия қатарына 1млн 200 мыңнан артық қазақстандық әскери міндеттілер шақырылды. Қазақстанда құрылған әскери құрамалардан алғашқылардың бірі болып 312 атқыштар дивизиясы айқасқа кірісті. 312дивизиямен бір мезгілде дерлік солтүстік батыс бағыттағы майданда Қазақстанда құрылған генерал майор И.В.Панфилов басқарған 316 дивизия өзінің жауынгерлік жолын бастады. Панфиловшылар жаумен күші тең болмаса да 50 жау танкісімен болған шайқаста жеңіп шықты. Бұл тарихи шайқасқа қатынасқан 28 жауынгерге КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының қаулысымен Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Волоколамск ауданында өткен осындай шайқастарының бірінде ержүрек жауынгер талантты командир генарал майор И.В.Панфилов ерлікпен қаза тапты.
1926 жылы қаңтарда Қызылордада тұңғыш кәсіби қазақ театры ашылды. Онда М.Әуезов Ж.Шанин С.Қожамқұлов Қ.Қуанышбаев Қ.Жандарбеков З.Атабаева және басқа да дарынды драматурнтер режиссерлер және артистер жұмыс істеді. Бұл кезеңде Қазақстанның тұңғыш кәсіби суретшісі Ә.Қастеев керемет туындылар жазды. Ол жазған көтеген акварель туындылар «Ескі және жаңа тұрмыс» деген топтама ретінде белгілі.
Соғысқа дейінгі кезеңде Ә.Ысмайылов Қожахбет және Құлахмет Қожақовтар Б.Сәрсенбаев О.Таңсықбаев сияқты қазақ суретшілері жұртшылыққа кеңінен танымал болды.
ҚАЗАҚСТАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА 1941-1945 1941ж 22 маусымда фашистік Германия өзара шабуыл жасаспау жөніндегі кеңес герман шартын бұзып неміс армиясы соғыс жарияламастан КСРО аумағына баса көктеп кірді. 1940ж жасалған «Барбаросса» жоспарына сай Германия қысқа мерзім ішінде Архангельск Еділ Астрахан шебіне шығуды көздеді. Бұл қауырт соғыс блицкригтің негізгі мақсаты еді. «Барбаросса» жоспарын жасағанда фашистік Германияның басшылары КСРО «көптеген ұлттардың жасанды әрі әлсіз бірлестігі» «ішкі бірліктен айырылған этникалық конгломерат» ретінде қарастырды.
Қазақстанда армия қатарына 1млн 200 мыңнан артық қазақстандық әскери міндеттілер шақырылды. Қазақстанда құрылған әскери құрамалардан алғашқылардың бірі болып 312 атқыштар дивизиясы айқасқа кірісті. 312дивизиямен бір мезгілде дерлік солтүстік батыс бағыттағы майданда Қазақстанда құрылған генерал майор И.В.Панфилов басқарған 316 дивизия өзінің жауынгерлік жолын бастады. Панфиловшылар жаумен күші тең болмаса да 50 жау танкісімен болған шайқаста жеңіп шықты. Бұл тарихи шайқасқа қатынасқан 28 жауынгерге КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының қаулысымен Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Волоколамск ауданында өткен осындай шайқастарының бірінде ержүрек жауынгер талантты командир генарал майор И.В.Панфилов ерлікпен қаза тапты.
Оған қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді ал 8 гвардиялық атқыштар дивизиясына генералдың есімі берілді. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда қазақ халқының көптеген ұлдары ерлікпен шайқасты. Олардың ішінде Кеңес Одағының Батырлары Мәлік Ғабдуллин Бауыржан Момышұлы Рашид Жанғозин Төлеген Тоқтаров Рамазан Елебаев Төлеуғали Елебековтер бар. Мәскеу үшін болған шайқаста полковник Г.П.Коротков бастаған 238 атқыштар дивизиясындағы қазақстандық жауынгерлер өздерін даңққа бөледі. Дивизия жауынгерлік Қызыл Ту орденімен марапатталып табандылығы ержүректігі мен батырлығы үшін 30 гвардиялық дивизия болып қайта құрылды.
Жауынгерлік ерлігі мен берік тәртібі үшін 79 атқыштар бригадасы 73 гвардиялық дивизия болып қайта құрылып оған «Сталинградтық дивизия» атағы берілді. 1943ж Орал облысынан майданға 24 қазақ қыздары аттанды. Үш жылдан астам уақытқа созылған Ленинград үшін шайқас елдің бүкіл солтүстік батыс бөлігін қамтыды. Ладога көлі аймағындағы алғашқы шайқастардың өзінде ақ қазақстандық 310шы 314атқыштар дивизиялары ерекше көзге түсті. Қазақстандық жауынгерлер Ленинград облысының 22елді мекенін азат етуге қоршаудағы қаланың «Үлкен жермен» байланысын қамтамасыз етуге «Өмір жолын» салуға қатысты. Ленинград үшін күрес шежіресінде Әлия Молдағұлованың даңқты есімі мәңгіге қалды. Ержүрек комсомол мерген қызды lll дәрежелі Даңқ орденімен марапаттады ал қаза тапқаннан кейін 1944ж шілдеде оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 24 атқыштар бригадасында қызмет еткен З.Оңғарбаева да ержүрек жауынгер ретінде көпке танылды.
Қазақстан жауынгерлері Балтық теңізі шептерін табанды түрде қорғады. Қызыл тулы «Киров» крейсерінде соғыс басталғанға дейін жіберілген 156 қазақстандық ерлігімен көзге түсті. 1942ж жаз бен күзде соғыстың шешуші оқиғалары КСРО ның оңтүстік шығыс бөлігінде Еділ мен Дон өзендерінің аралығында болды. Қазақстанда құрылған бөлімшелер Еділдегі щайқасқа да қатысты.
Қаһарманқала Сталинградтың тұрғындарының есінде Қазақстанда жасақталған полковник Г.Сафиуллин басқарған 38ші атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің ерліктері жатталып қалды. Мыңдаған қазақстандықтар Еділ бойы мен Дон далаларында көрсеткен ерліктері үшін ордендермен медальдармен марапатталды. Ұшқыш Нұркен Әбдіровке танкіші Тимофей Позолотинге атқыш Гияз Рамаевқа минометші Қарсыбай Сыпатаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Днепрден өту шайқастарына қатысқан 73ші гвардиялық дивизиясының 210 жауынгеріне 72 гвардиялық дивизияның 29жауынгеріне 8 гвардиялық дивизияның 46 жауынгеріне Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Соғыс жылдары партизан қозғалысына қатынасқан қазақстандықтардың саны 3,5 мыңға жетті. Паритизандық қозғалыстың Ғалым Ахмедияров Ғалым Омаров Нұрым Садықов Қасым Қайсенов Нұрым Сыздықов Әди Шәріпов Тоқтағали Жангелдин т.б. Батырларының есімі кқпке танылды. Халық кекшілдерінің қатарында қазақстандық әйелдер Нұрғаным Байсейітов Тұңғыш Жұмабаева Жамал Ақәділова т.б. Аянбай шайқасты. Поляк партизандық жасақтарында Жамбыл облысынан Салтынбек Төлешов Шығыс Қазақстан облысынан Константин Трокин Қарағанды облысынан Михаил Авдейчик Қызылорда облысынан Омар Тойымбетов т .б.шайқасты.
Соғыстың басынан аяғына дейін әскери бөлімдер ретінде шайқастан 12 қазақстандық дивизияға құрметті атақтар берілді.
5дивизия гвардиялық дивизияға айналды. 497қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды. Бұл атақты 97қазақ иеленді олардың ішінде қазақ қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова бар. Төрт қазақстандық ұшқыш Талғат Бигелдинов Леонид Беда Иван Павлов Сергей Луганский Кеңес Одағының Батыры атағына екі мәрте ие болды. 1990ж 11желтоқсанда көрнекті қолбасшы Бауыржан Момышұлыда осы құрметті атақ берілді.
1941 ж Бауыржан Момышұлы аға лейтенант шенінде батальонды басқарып
Мәскеу түбіндегі шайқастарда өз құрамасын жау қоршауынан үш рет алып шық
ты. «Даңқ орденінің толық иегері» атағына 110 қазақстандық ие болды. 1941ж 26
маусымда әуеде от жалынға оранып бара жатқан бомбалаушы ұшағын дау танкісі
колоннасы үстіне шүйілтіп жандарын пида еткен қазақтың баһадүр ұшқышы
Бақтыораз Бейсекбаев пен ұщақ экипажына 1996ж 2мамырда Ресей Федерация
сының Батыры атағын берді. Кеңес Одағының Батыры атағы соғыстағы ерен
ерлігі қолбасылық таланты үшін генерал С.Рахимовқа да берілді . Рейхтагқа
тікелей шабуыл жасап оған Жеңіс туын тіккендердің қатарында қазақстандық
Р.Қошқарбаев капитан Б.В.Чупрета минометші А.Бақтыгереев пулеметші А.Е.
Вицко байланысшы К.М.Волочаевтар болды.
Соғыстың алғашқы бір жарым жылының ішінде Қазақстанда 25 кеніш шахта түсті және қара металлургияның 11 байыту фабрикалары 19жаңа көмір шахталар 4 жаңа мұнай кәсіпшілігі Гурьевте мұнай өңдеу зауыты іске қосылды. Ақтөбеде салынып жатқан ферроқорытпалар зауыты Запорожье ферроқорытпалар заутының құрал жабдықтарын алды көмірлі Қарағанды өзінің техникалық кешенін донецкілік Пархоменко атындағы шахтаның жабдықтарымен толықтырды. Алматыдағы автожөндеу зауытының аяқталмаған құрылысы Луганск ауыр машина жасау зауытының цехтары орналасқан базаға айналса республиканың оңтүстігіндегі тамақ өнеркәсібінің жаңа құрылыстары Украинаның 14 қант зауытының құрал жабдықтарын алды. Балқаш мыс қорыту кешенінің қуаты Владимир облысындағы Кольчугин қаласының түті прокат зауытының құрал жабдықтарын меңгеріп оны іске қосқан соң елеулі түрде артты.
1941-1945 жылдары республика бұрынғы КСРО дағы қорғасын мыс қорыту полиметалл және мыс рудаларын өндіру жөніндегі жетекші орын сақтап қалды. Қазақстан одақтағы молибден мен марганец рудаларының 60 висмуттың 65 полиметалл рудалары мен қорғасынның 80 жуық өндірді
Соғыс қызып тұрған кезде республика қара металлургиясының «тұңғышы» – Ақтөбе ферроқорытпалар зауыты іске қосылды. Тары өсірудің шебері Шығанақ Берсиев атақты күрішшілер Ы.Жақаев Ким Ман Сам дәнді дақылдардан мол өнім алғандар М.Сатыбалдиев А.Дацкова Н.Алпысбаевалардың ерен еңбектерін атап өтуімізге болады.
Қару жарақ көлік киім кешек азық түлікті майданға жылдам жеткізу мақсатында қысқа мерзімде Қандыағаш Орск Жамбыл Шолақтау Талдықорған-Текелі темір жол желілері тартылды. Соғыстың соңғы жылдарында Қазақстан Республикасы еңбеккерлері фашизмнен зардап шеккен 48аудан мен 12 қаланы қамқорлыққа алды.
Соғыс жылдары жалпы 460 зауыт фабрика кеніш шахталар мен жеке өндіріс орындары оның ішінде 300дей эвакуацияланған кәспорындар салынды. 1942-1943ж Мақат Орск Ақмола Магнитогорс желісінің құрылысы аяқталды.
Румыния мен Болгарияны азат ету шайқастарына 387ші қазақстандық атқыштар дивизиясы қатысты. югославияда 73ші гвардиялық дивизия шайқасты. Ұлы отан соғысының ірі шешуші операциясы Берлинді алуға 150 атқыштар дивизиясы қатысты. Шайқас қызып жатқан уақытта қазақстандықтар лейтенант Р.Қошқарбаев қатардағы жауынгер Г.Булатов кіші сержант М.Еремин қатардағы жауынгер Г.Сывенко т.б. тіккен қызыл тулар желбіреп тұрды. Көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін 2027қазақстандық ордендермен медальдармен марапатталды олардың ішінде 14і «Кореяны азат еткені үшән» 234 «Жапонияны жеңгені үшін» медаліне ие болды.
Ерлікпен шайқасқан көптеген қазақстандықтар Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Б.Момышұлы Б.Бейсекбаев Х.Доспанова т.б қазақстандық батырлар соғыстан кейінгі кезеңде марапатталды. Қазақстандық құрамалар Ленинградты қорғауға Сталинград түбіндегі Курск доғасындағы шайқастарға Днепрден өту мен Украина Белоруссия Молдова мен Балтық елдерін Еуропа халықтарын фашистік езгіден азат ету шайқастарына қатысты.
1945ж 8мамырда Потсдамда гитлерлік Германия сөзсіз тізе бүгу Актісіне қол қойды. Сол жылдың 2 қыркүйегінде американдық «Миссури» линкорының бортында милитаристік Жапонияның сөзсіз тізе бүгуі жөніндегі Актіге қол қойылды. Жапонияның тізе бүгуімен Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.
ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНА КҮШТЕП ҚОНЫС АУДАРЫЛҒАН ҰЛТТАР
күшпен жер аударудың алғашқы құрбандықтарының бірі Қиыр Шығыстағы кеңестік коейлер. 1937ж Қазақстанға бұл этностың 100мыңдай өкілі қоныс аударылды. 1940-1941ж 200мыңдай поляктар Қазақстан аумағына орналастырылды. 1941ж 28 тамызда КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының «Еділ жағалауында тұратын немістерді көшіру туралы» Жарлығы шықты. Осы Жарлыққа сәйкес Еділ бойынан 1млн 120 мыңдай немістер көшіріліп оның 420мыңы Қазақстан аумағына орналастырылды
Бұл кезеңдегі әдебиеттің негізгі тақырыбы патриотизм Отанды қорғауға арналады. Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім» Ә.Тәжібаевтың «Ленинград» өлеңдері З.Шашкин Қ.Аманжолов Ә.Сәрсенбаевтың шығармалары көпке белгілі болды. Бірқатар жазушылар мен ақындар қолына қару алып Отан қорғауға соғысқа аттанды.А.Жұмағалиев Б.Бұлқышев В.Чугунов соғыста ерлікпен қаза тапты. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап ақ 90 жуық ақындар мен жазушылар майданға кетті. Соғыс жылдары дарынды жастар Ж.Молдағалиев Ә.Нұрпейісов С.Мәуленов Б.Момышұлы әдебиетке жауынгерлік рух шығармашылық серпін берді.
Алматыда орталық біріккен киностудия «Екі жауынгер» «Майдан» «Ол Отанын қорғайд» «Күт мені» және басқа да миллиондаған адамдардың азаматтық қалыптасуына оларды патриотизмге тәрбиелеуге үлкен ықпал жасаған адамдарды жеңіске үміттендірген ғажайып кинолар түсірді. Соғыс жылдарында республика жоғары оқу орындарының саны артты. 1943ж Шет тілдері педагогикалық институты Шымкент құрылыс материалдары технологиялық институты 1944ж Алматыда Консерватория және Қыздар педагогикалық институты ашылды.
1942ж Е.Брусиловскийдің «Гвардия аға» 1944ж А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» опералары қойылды. Соғыстан кейінгі жылдарда Е.Брусиловский мен М.Төлебаевтың «Амангелді» А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Төлеген Тоқтаров» М.Төлебаевтың «Біржан Сара» опералары жызлды. 1949ж осы операның авторларына және негізгі партиясын орындаушыларға КСРО Мемлекеттік сыйлықтары тапсырылды. Соғыс қарсаңында Қызылордада Корей музыка драмалық театры ал 1944ж Алматыда Балалар мен жасөспірімдер театры ұйымдастырылды.
1938ж Қазақстанда тұңғыш көркем фильмдер студиясы ашылды. 1938ж соңында Алматы кинохроника студиясы ұйымдастырылып қазақтың тұңғыш дыбысты деректі фильмі «Жамбыл ата» көрерменмен табысты. Осы жылы «Ленфильм» киностудиясында қазақстандық кинематографистердің алғашқы көркем фильмі «Амангелді» түсірілді. 1945ж Алматы көркем фильмдер киностудиясы тұңғыш рет өз күшімен «Абай әндері» фильмін жарыққа шығарды.
ҚАЗАҚСТАН СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕ 1946-1953
1946ж Қазақстан Компартиясы ОКнің бірінші хатшысы болып Жұмабай Шаяхметов сайланды.
1940-1950ж ұлт қайраткерлерін қудалау ісі жалғасты. М.Әуезов Ғ.Мүсірепов С.Мұқанов «Қазіргі тақырыпқа пьеса жазбацтындар» ретінде сыналды. Ә.Тәжібаевтың «Біз қазақпыз» атты шығармасы ескі хандар мен бай шонжарлар өмірін мақтау марапаттау деп сынға алынды. Белгілі композитор А.Жұбанов «феодалдық байшылдық дәстүрлерді асыра дәріптегені» үшін қатаң сынға ұшырады. Әсіресе 1947ж Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің «Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы саяси өрескел қателіктер туралы» қаулысы жарияланған соң ұлтшылдықты айыптау кеңінен қанат жайды. Қазан төңкерісінен бұрынғы жазылған ұлттық сипаттағы шығармаларды зерттеуші ғалымдар қуғындалды. Орталық Комитет 1948ж тамыз айында «Қазақ совет әдебиетінің жағдайы және оны одан әрі дамыту туралы» шешім қабылданды. Нәтижесінде Б.Кенжебаев Т.Нұртазин Ә.Қоңыратбев Е.Ысмайылов М.Әуезов Қ.Жұмалиев Ә.Марғұлан секілді талантты зерттеушілер ұлтшылдар қатарына жатқызылды.
Дулат Шортанбайұлы Мұрат Мөңкеұлы Ғұмар Қарашев сияқты қайраткерлердің шығармаларын пайдалануға тыйым салынды.
Ленинград пен Мәскеуде «Ленинград ісі» «Дәрігерлік ісі» дейтін науқандар қызу жүріп жатқан кезде Қазақстанда «Бекмаханов ісі» дейтін іс қолдан жасалды. Ермұқан Бекмаханов дарынды тарихшы еді. Ол 1943 ж Алматыда жарық көрген «Қазақ КСР тарихы» атты күрделі еңбектің негізгі авторларының бірі болды. Е.Бекмаханов 1946ж КСРО Ғылым академиясында докторлық диссертация қорғап оның қолжазбасын 1947ж «XlXғасырдың 20-40жылдарындағы Қазақстан» деген атпен жеке монография етіп жарыққа шығарған болатын.
Қазақ КСР Жоғары Сотының қылмысты істер жөніндегі алқасының үкімімен Е.Бекмаханов 25жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып Гулагтың алыстағы лагерьлерінің біріне айдалды.

Академик қоғам қайраткері А.М.Панкратова сияқты қайырымды да қамқор адамдардың тікелей көмегінің арқасында Е.Бекмахановтың ісі қайта қаралып 1954ж ақталып шықты.
Биология медицина және экология саласындағы біраз ғалымдарға «космополит» деген айыптар тағылып олар республиканың ғылыми зерттеу мекемелері мен жоғары оқу орындарынан қуылды.
Көрнекті қоғамтанушы ғалымдар А.Жұбанов Қ.Жұмалиев Б.Сүлейменов Е.Ысмайыловтарға саяси айыптар тағылды. ҚазКСР Ғылым академиясының президенті академик Қ.Сәтбаев пен заңғар жазушы М.Әуезовтер қудаланып Қазақстаннан Мәскеуге кетіп қалуға мәжбүр болды.
Бұл жылдары Жамбыл обылысы Мойынқұм ауданы Айдарлы ауылының шопаны Жазылбек Қуанышбаевтың атағы кең жайылды. Бригадада жүйелі селекциялық жұмыстар жүргізу арқылы ол жүннің және қаракөл елтірісінің сапасын елеулі түрде көтере алды. Оның қаракөлі халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерде көрсетілді. Дели Бухарест Познань және Нью-Йорк аукциондарына қойылды. Ерен еңбегі мен аса көрнекті табыстары үшін ол 1958ж екінші рет елдің жоғары наградасы «Орақ және балға» алтын медалімен марапатталды. Танымал механизатор Кәмшат Дөненбаева ауыл шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосты. Ыбырай Жақаев Кәмшат Дөненбаева Н.Головацкий Я.Геринг т.б ауыл еңбекшілері Социалистік Еңбек Ері деген атаққа ие болды.
И.Сталин қайтыс болғаннан кейін партиялық билікке талас басталды бар билік Н.С.Хрущевқа көшті.
1946-1951ж еңбекшілердің күш жігері қажырлы қайрат көрсетуінің арқасында республикада болат прокаты қара және түсті металлургия тау кен және көмір өнеркәсібіне арналған жасанды талшық өндіру жолға қойылды. Теміртау металлургиялық зауытында үш прокат станы және екі мартен пеші Ақтөбеде ферроқорытпа зауытының үшінші кезегі іске қосылды. 1947ж Өскемен қорғасын мырыш комбинаты алғаш рет мырыш шығарды.