“xx ғ. басындағы Қазақстанның мәдениеті”



бет4/10
Дата16.04.2022
өлшемі360,35 Kb.
#139655
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
мадениет

ХХ ғ. қазақ әдебиеті

  • Сәбит шағын сюжеттi өлеңдер мен мысал жанрында өнiмдi еңбек етсе, Бернияз заман шындығын лирикалық өлеңдермен ашуға ұмтылды. Ауыл мектептерiнде сабақ берген Спандияр мен Бекет еңбектерi олардың ұстаздық, ағартушылық көзқарастарымен байланысты едi. Көбеев «Қалың мал» атты роман жазды. «Айқап» журналын шығарған белгiлi журналист Сералиннiң әлеуметтік теңсiздiктi бейнелейтiн дастандары («Гүлқашима», «Топжарған») басылды. Отаршылдық қанауды, ел билеу жүйесiндегi саясатты, қазақ қоғамының мешеу күйiн сынауда Ғұмар мен Нарманбет өлеңдерi едәуiр көркемдiк табысқа жеттi. Бұл дәуiрдегi әдебиет ақын-жазушылардың ұстаған жолы мен көркемдiк iзденiстерi, бағыт-бағдары жағынан бiркелкi емес едi. Олардың iшiнде таза қазақы дәстүрге сүйенген, аракiдiк шығыс әдебиетiнен хабары бар ақындар тобы болды. Олар да ел iшiн жайлаған надандықты, ел билеушiлердiң әдiлетсiздiгiн, патшаның отаршылдық саясатын сынады. Мәшһүр-Жүсiп Көпеевтiң, Нұржан Наушабаевтың реалистiк өлеңдерi дәуiр шындығын ашып көрсеттi. 20 ғ-дың басындағы әдебиеттi толықтыруда «Исатай-Махамбет» дастанының авторы Ығылман Шөрековтi де, Қ. ә-нiң дәстүрлi саласын дамытқан әншi-ақындар легiнде (Майра, Иманжүсiп, Мәди, Кенен, Үкiлi Ыбырай) атап айтуға болады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң батырлары Амангелдi, Бекболат, т.б. туралы жырлар туды. Көтерiлiске байланысты туған халық поэзиясы ғасыр басындағы әдебиеттiң демокр.-халықтық бағытын толықтырып, оны жаңа мазмұнмен байытты; қараңыз: Қазақ халық поэзиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет