Xxi ғасыр мұғалімдеріне қойылатын талаптар



бет1/2
Дата09.01.2022
өлшемі20,41 Kb.
#110661
  1   2
Байланысты:
XXI ғасыр мұғалімдеріне қойылатын талаптар


XXI ғасыр мұғалімдеріне қойылатын талаптар:

1. Жеке көзқарастары бар және оны қорғай білетін тұлға болуы керек.

2. Психологиялық-педагогикалық білімдерін жетілдіріп үйренумен қатар

шебер қолдана білуі тиіс.

3. Білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыларды баулу.

4. Ұстаздың ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік,

сараптамашылық қабілеттерімен қатар болып жатқан педагогикалық

жағдайларды, құбылыстарды талдай білуі шарт.

Модульдік оқыту технологиясының мазмұны.

1. Модульдік оқыту технологиясының құрылымы.

2. Оқу модулінің кіріспе бөлімі.

3. Оқу модулінің диалогтік бөлімі.

4. Диалогтік бөлімді айқындаудың негізгі кезеңдері.

5. Диалогтік бөлімді құру қағидалары.

6. Танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруда оқушылардың білімділік дәрежесін есепке алу.

7. Шығармашылық және технология.

8. Оқу модулінің диалогтік бөлімінің ерекшеліктері.

9. Психологиялық атмосфера және оның диалогтік бөлімдегі ролі.

10. Диалогтік бөлім – оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.

11. Ойын арқылы оқыту және ойындар.

12. Дискуссиялық формалар.

13. Ойын арқылы оқыту технологиясы.

14. Диалогтік бөлімде оқу еңбегінің нәтижелерін бағалаудың мәні мен мағынасы.

15. Оқушылардың іс-әрекетін бағалаудың оқу модуліндегі нұсқаулары.

16. Оқу еңбегінің нәтижелерін бағалау.

17. Оқу модульнің қорытындысы және бақылаудың басқа түрлері. Бұл педагогикалық технологиялық негізінде  қалпына келтіре қайталай‖

оқыту циклының идеясы жатыр.

Оның мазмұны:

1. Оқыту мақсатын жалпы анықтау.

2. Оқыту мақсатын анықтаудан оны нақтылауға көшу.

3. Оқушылардың білімділік дәрежесін алдын-ала бағалау.

4. Оқыту тәртібінің жиынтығы (бұл кезеңде ―кері байланыс‖ негізінде

оқытуды түзету орын алады).

5. Нәтижені бағалау.

Осындай құрылымына қарай оқу процесі ―модульдік‖ сипатқа ие болады.

―Модуль – қандай да бір жүйенің бөлігі, яғни оқу процесі ортақ құрылымы, бірақ әр түрлі мазмұны бар жекеше бөліктерден тұрады. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны оқытып қана қоймай, оның танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға, оқу процесін ―диалогтік қарым-қатынас негізінде құруға тырысу қажет. Модульдік оқыту технологиясының құрылымы үш бөліктен

тұрады, яғни, кіріспе, диалогтік және қорытынды. Әр оқу модулі әр түрлі сағат сандарынан тұрады, әрине бұл оқу бағдарламасы бойынша тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер көрсеткендей, 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі ең тиімді болып саналады. Оқу модульнің бірінші ерекшелігі жалпы қанша сағат бөлінсе де ,кіріспе бөліміне 1-2 сағат, қорытынды бөліміне 2-3 сағат беріледі де, қалған сағаттың барлығы диалогтік бөлімде игеріледі. Мысалы, оқу модуліне 9 сағат жоспарланса, 1 сағаты – кіріспе бөліміне, 2 сағаты – қорытындыға, қалған 6 сағаты – диалогтік бөлімге берілуі керек. Егер оқу модулі 12 сағаттан тұрса 1 және 3 бөлімдегі сағат сандары өзгеріссіз қалады да, ―диалогтік бөлімге 9сағат беріледі.Бұл оқу материалын барлық оқушылардың 3 деңгейді күрделілікте өз деңгейіне сай оқып меңгеру қажеттілігіне байланысты. Яғни оқу модулінің мазмұны бойынша оқушылар қарапайым білім, білік, дағдыны меңгеруден бастап ―білімді көшіру немесе пайдалануға дейінгі машықтарын көрсете білу керек. Бірнеше рет қайталау – қарапайымнан күрделіге қарай, репродуктивті тапсырмалардан шығармашылық ізденіске дейін итермелейді. Бұл әр оқушыға оқу материалын түсіну, деңгейінен білімді көшіру  деңгейіне

дейін меңгеруге мүмкіндік берді.

Ал мұғалім еңбегі мынадай тізбектен тұрады:

1. Оқушыларды оқу мақсаттарымен таныстыру.

2. Класта берілген блокты немесе тарауды оқыту модулімен таныстыру.

3. Оқу материалын мұғалімнің қысқаша (схема, график, кестелер т.б.

түрінде) баяндауға немесе зерттеу тұрғысында беруі).

4. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ―диалогтік негізінде әрбір

оқушының іс-әрекетінің нәтижесін әр сабақ сайын бағалай отырып

ұйымдастыру.

5. Жалпы тарауға қарағанда оқу материалын 4-7 ретке дейін қайталай

оқыту.


6. Тарау, блок бойынша тест алу.

7. Тарау бойынша релейны зачет алу (немесе диктант, бақылау, т.б.).

Бұл 3 деңгейлі жүйеден тұратын карточкалармен білім тексеру.

Әрбір оқытудың жаңа технологиялары оқыту теориясы бойынша белгілі бір субъектілердің қарым-қатынасындағы қасиеттерін өзгерте жаңа өрістегі белгілерді қалыптастыруға ұмтылады. Оған қажетті оқытудың құралдарын өзгерте жаңа мазмұнда, жаңа сипатта жетілдіре анықтауды көздеген. Осы оқыту технологиясының көздеген мақсатындағы ерекшеліктерін топтау арқылы анықтайық. Бірінші топтағы оқытулар оқу пәнінің оқу материалдарын жетілдіре, жаңарта оқушының танымдық және психикалық қасиеттері мен процестерін дамытуға байланысты оқытудың ақпаратттық оқыту, бағдарламалап оқыту, модульдік оқыту, әр деңгейлі оқыту, кіріктіре оқыту және дидактикалық бірліктерді ірілендіре оқыту технологиялары болып табылады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет