4. Алаш тарихының «актаңдақтары». Тақырыптық бағыттар: - Алаш қозғалысы туралы тың деректер, құжаттар, естеліктер; - Алаштың беймәлім есімдері; - Алаш қайраткерлерінің зерттелмеген еңбектері; - Алаш идеясы және Кеңес үкіметі орнау кезеңдегі беймәлім оқиғалар, көтерілістер. Байқау үш кезеңнен тұрады 1-кезеңде Байқауға келіп түскен жұмыстарға қазылар алқасы сараптама жасап, іріктеуден өткізеді. Әр номинация бойынша үздік 10 (барлығы – 40) жұмыс екінші кезеңге жіберіледі.
2-кезеңде үздік 40 жұмыстың авторлары тақырыбы бойынша баяндама жасап, өз номинациясындағы қарсылас үміткерлермен бетпе-бет пікірталасқа түседі. Сұрақ-жауап және талқылау түрінде болатын бұл кезең «Ақ жол» ҚДП белгілеген қалада өткізіліп, әр номинциядан үздік үш (барлығы 12) қатысушы ақтық сынға жолдама алады.
3-кезең Алашорда үкіметінің құрылған күні қарсаңында, желтоқсан айында Астана қаласында өткізіледі. Байқаудың ақтық сынына қатысушылар өз жұмыстарын қорғап, қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.
Байқау шарттары: 1. Жұмыс бір адамның (жеке үміткердің) атынан және өзі көрсеткен номинация бойынша ұсынылады;
2. «Ақ жол» партиясының Алаш идеяларын одан әрі дамыту жолындағы қызметін өз мазмұнында тақырыпқа сәйкес қамтыған жұмыстар оң тұрғыда ескеріледі;
3. Плагиатқа (басқа авторлардың дайын жұмыстарын көшіріп ұсынуға) жол берілмейді;
4. Шығарма бастақырыбының оның мазмұнына сәйкес келгені және тапқыр да жинақы қойылғаны мақұлданады (номинациялардың және тақырыптық бағыттардың аттарын сол күйінше қайталамаған жөн);
5. Жұмыста сілтеме жасалған дереккөздер дәл, нақты және шынайы болуы қажет;
6. Мерзімінен кеш жолданған жұмыстар қабылданбайды.
7. Жеңімпаздар келесі байқауға араға бір жыл салып қайтадан қатыса алады. Мысалы, биылғы, 2023 жылғы байқауға 2022 жылдың жеңімпаздары жіберілмейді, ал 2021 жылдың және одан бұрынғы мезгілдің байқау жеңімпаздары қатысуға құқылы.