«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»



Pdf көрінісі
бет69/236
Дата16.04.2022
өлшемі4,46 Mb.
#139665
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   236
Байланысты:
Сборник 3конф (1)

 
83-бабының 1-
тармағына сәйкес қылмыстық қудалауды заңмен белгіленген тәртіпте және 
шекте
 
жүзеге асыратын.
 
Жаңа редакциясындағы түбегейлі өзгеріс 
Конституцияның енді прокуратураға қылмыстық қудалауды мемлекет атынан 
жүзеге асыру өкілеттігін берілуінде. Конституцияның 83-бабының 1-
тармағынан «заңмен белгіленген тәртіпте және шекте»
 
деген сөздер алынып 
тасталды. Бұл түзетулер 83-баптың 1-тармағының нормасына басқа мағына 
береді, оның мазмұнын өзгертеді.
 
Конституцияның 83-бабының 1-тармағы прокуратураның мемлекет атынан 
қылмыстық қудалауды жүзеге асыратынын
 
бекіте отырып, қылмыстық 
процестің осы сатысындағы прокуратураның жетекші рөлін ерекше атап өтеді. 
Конституция өзге мемлекеттік органдарға мұндай құқық бермейді. 
Сонымен қатар, Конституция прокуратураның қылмыстық қудалауды 
жүзеге асыруына заңнамалық шек қоюды талап етпейді. Ол прокурорды 
мемлекеттің, яғни Қазақстан Республикасының атынан қылмыстық қудалауды 
жүзеге асыруға тікелей міндеттейді, бұл аталған функцияны тек қана 
прокуратураның жүзеге асыруын көздейді. Бұл аталған салада жеке тұлғаның 
құқықтары мен бостандықтарының барынша осал әрі мемлекеттің қорғауына 
мұқтаж болуымен байланысты. Осы мән мәтінде заңдылықты қамтамасыз ету 
жөніндегі прокурорлық қызметтің мәні, оның құқық қорғау әлеуеті барынша 
айқын көрінеді. 
Конституцияның 83-бабы 1-тармағының жаңа редакциясы мемлекеттің 
қылмыстық-құқықтық 
саясатының 
конституциялық 
новеллаларымен 
үйлесімділікке және қылмыстық қудалау тұжырымдамасын қайта қарауға 
бағытталған [6]. 
«Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің кейбір нормативтік 
қаулыларын қайта қарау туралы» ҚР ҚК 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 2 
Нормативтік қаулысына сәйкес «конституциялық түзетулер Республика 
Конституциясының қолданылатын құқық жүйесіндегі үстемдігін және еліміздің 


132 
бүкіл аумағында сөзсіз орындалуын қамтамасыз етуге, ерекше қорғалатын 
конституциялық құндылықтардың тізбесін кеңейтуге және қорғалу деңгейін 
арттыруға, конституциялық бақылауды күшейтуге, сондай-ақ адамның және 
азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеудің мазмұнын, шарттары 
мен шектерін нақтылауға бағытталған» [7]. 
Конституция бойынша қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын жалғыз 
мемлекеттік орган прокуратура болып табылатынын назарға ала отырып, 
қылмыстық істерді тергеп-тексеруді ұйымдастыру және жүргізудің, істің 
тағдырын және қылмыстық қудалау шеңберіне тартылған адамның процестік 
мәртебесін анықтайтын маңызды шешімдер қабылдаудың негізгі тәсілдерін 
өзгерту қажеттігі туындайды. 
Тәуелсіз Қазақстанның демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде 
қалыптасып, дамуында аса маңызды орынды прокуратура органдары иеленеді. 
Демократиялық үдерістер жағдайына байланысты уақыт өткен сайын 
прокуратура органдары қызметі дамып жетілуде.
2010жылы бастау алған құқықтық саясатты дамыту тұжырымдамасы мен 
2017жылғы наурыздағы Конституциялық реформаларды жүзеге асыру 
барысында да прокуратураның құқықтық мәртебесін қайта қарап, өзгерту 
саяси-құқықтық жаңарудың негізі болды.
Қорыта келгенде, ғылыми мақаланы зерделеу нәтижесінде мынадай 
тұжырым жасауға болады: 
Прокуратура органдарының қызметін жетілдіру мемлекеттің аса маңызды 
міндеттерінің бірі. Өзге мемлекеттер тәжірибесі мен ұлттық заңнаманың даму 
жолына талдау жасап, мемлекеттік билікті тиімді іске асыру мақсатында 
прокуратура тек конституцияның даму тенденциясымен бірлесе дамуы керек, 
сонда ғана ол мемлекеттегі заңдылықтың сақталуы аясындағы негізгі 
міндеттерді іске асыра алады деп тұжырымдаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет