Р.Ридберг тек сутегінің спектр сызығын ғана емес, басқа элементтердің спектр сызықтарында да, спектр сериялары байқалатынын, сонымен қоса сол сериядағы барлық сызықтардың жиілігі ν мына заңдылыққа бағынатынын анықтады ν=Т(n2) – Т(n1) мұндағы n1, n2 - бүтін сандар. Т(n2) және Т(n1) функциялары спектрлік термдер деп аталады. Мысалы, Бальмер сериясы үшін (2) өрнегінен Т(n2)= R/22 және Т(n1)= R /n21 алынады. Егер n1 үздіксіз ѳссе, онда Т(n1) →0 да, Бальмер сериясының жиілігінің шегі Т(n2) терм болады. 1908 ж. Ритцтің комбинациялық принципі деп аталатын қағиданы В.Ритц тағайындады. Ол бойынша: Кез келген атомның спектр сызығының шығарылу жиілігі екі термнің айырымы түрінде жазылуы мумкін; термдердің әр турлі комбинацияларын қүрып, сол атомның барлық мумкін деген спектр сызығының жиілігін табуға болады. Атом массасын өлшеуге арналған құрылғы. Жұмыс істеу принципі.
Ядролық физикада масса энергия бірлігімен өлшенеді. Қазіргі кезде Масс-спектрограф арқылы, атом массасын өлшеуде бүтін мəннен кейінгі 6-7 таңба дəлдікке дейін дəл өлшеуге болады. Сондықтан да ядро массасы атом массасына сəйкестендіріледі. Атом массасы бүтін саннан өзгеше, ал ядро массасы жақын келетін бүтін санмен дөңгелектенеді. Бұрын айтылғандай массалық сан (А) нуклон санын, реттік нөмір (Z) протон санын көрсетеді.Масс-спектрометрия — атомдардың, молекулалардың және молекулалық бөлшектердің массасын, сондай-ақ олардың таралымын магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің ауытқуын бақылау арқылы тікелей өлшеуге арналған аналитикалық әдіс.