Атомдық және ядролық компоненттері мен материалдары
Қолданылу аймағы бойынша атомдық реакторлар 3-ке бөлінеді:
Тәжірибелік реактор - бұл әр түрлі ядролық реакторларды жобалау үшін, әр түрлі физикалық өлшеулерді оқып үйрену үшін қолданылады, қуаттылығы бірнеше киловатты құрайды.
Зерттеуші реакторлар - бұл ядролық физикада, қатты денелер физикасында, радиациялық химияда, биологияда қолданылатын материалдарды активті зонада түзілген нейтрондар мен гамма кванттарымен атқылап жаңа изотоптар алу үшін қолданылады. Бұл реакторлардың қуаттылығы 100 МВт құрайды.
Изотоптық реакторлар (өндірістік, қарулық) ядролық қару жарақтар жасау үшін қолданылатын изотоптарды алу үшін керек реактор.
Достарыңызбен бөлісу: |