1-сурет Уран-графитті реактор: 1-графитті бәсеңдеткіш; 2-ураннан жасалған блоктар; 3- бор (не кадмийден жасалған стержендер)
Бәсеңдеткіші бар реакторлар баяу (жылулық) нейтрондарда жұмыс істейді. Бөлінетін изотоппен (U236 не Рu239) байытылған отынды пайдаланған соң, жылдам нейтронда жұмыс істейтін реакторды жасауға болады. Бұл реакторда нейтрондардың жартысы U238 –ды Рu239 –ға не Th232-ді U233-ға айналдыруға жұмсалуы мүмкін, пайда болатын жылулық нейтрондармен бөлінетін ядролардың саны, реактор жұмысына жұмсалған бөлінетін ядро санынан көп болуы мүмкін. Яғни, реакторда жанатын отыннан пайда болатын отынның саны көп. Сондықтан бұл ядролық реакторлар көбейткіш реакторлар деп аталады.

Ядролық отын мен ядролық шикізаттың табиғи қорлары өте көп, сондықтан оны пайдалану арқылы адамзатты электр энергиясымен мың жылға дейін қамтамасыз етуге болады. Атомдық энергетиканың дамуы өте маңызды мәселелерді шешуге байланысты. Біріншіден, қызмет көрсететін адамдарды сәуле шығарудың зиянды әсерінен қорғайтын әдістерді табу қажет, ал қоршаған ортаны радиоактивті изотоптардан ластанудан қорғау қажет.