Ялта және Постдам жүйесі



Дата01.10.2023
өлшемі4,02 Mb.
#183154
Байланысты:
Ялта және Постдам жүйесі


Ялта және Постдам жүйесі
    • Осыдан дәл 70 жыл бұрын одақтас державалар – КСРО, АҚШ және Ұлыбритания басшыларының Ялта (Қырым) конференциясы болған еді. Онда соғыстан кейінгі дүниежүзі елдерін үш державаның ықпал ету ауқымы бойынша қалай бөлісу мәселелері қарастырылды.

Қаралған мәселелер, қабылданған құжаттар Бұл Иосиф Сталин, Франклин Рузвельт, және Уинстон Черчилльдің ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарындағы екінші кездесуі болатын. Алғашқы кездесу 1943 жылы Теһран қаласында болғаны мәлім.
Алдымен сөз болған ел – Польша. Кезінде Еуропа ғана емес, әлемдегі қуатты елдердің бірі болған Речь Посполита (бұрынғы Польша) 1795 жылы Австрия, Пруссия және Ресейдің талауына түсіп, тәуелсіздігінен айырылып қалған еді. Тек 1918 жылы ғана Ресей өкіметінің басына большевиктердің келуімен және І дүниежүзілік соғыста Германияның жеңілуімен мемлекеттілігін қайта құрды.
Ялта конференциясында тараптар Польшаның 1939 жылғы аумағын қайтадан қалпына келтіруге келісті. Алайда, Сталин Польша аумағындағы Батыс Белоруссия мен Батыс Украина жерлерін КСРО-ға беріп, аталмыш республикаларға қосуды талап етті. Батыс Белоруссия қазіргі белорустардың Гродно және Брест облыстары, ал Батыс Украинаға украиндардың Волын, Львов, Ровно, Ивано-Франковск, Закарпатье, Черновцы, Тернополь сияқты жеті облысының аумағы енеді
Осы конференцияда болашақ әлемдік қатынастардың негізгі бағыттары айқындалды. Әрине, олардың адамзат үшін пайдалы да, зиянды жақтары да жетерлік. Кейін, ұзақ жылдарға созылған капиталистік және социалистік лагерьлердің текетіресінің негізі осында қаланды. Осы уақытқа дейін әлем монополярлы болып келсе, енді ол биполярлы болатындығы осында айқындалды. Ялта конференциясында көп адам назар аудара қоймағанымен, мыңдаған адамның тағдырын тәлкек етіп, бастарына қара бұлт үйірген бір келеңсіз шешім де болды.
Потсдам конференциясы
Sunday Sermon
Потсдам конференциясы КСРО, АҚШ және Ұлыбритания үкімет басшыларының қатысуымен 1945жылы 17 шілдеден 2 тамызға дейін Берлин түбінде өтті. Конференцияға КСРО жағынан И. В. Сталин, Ұлыбритания премьері У. Черчилль (оны 28 шілдеден бастап жаңа сайлауда жеңген лейборист үкіметінің басшысы К. Эттли ауыстырды), АҚШ президенті Г. Трумэн, үш елдің Сыртқы Істер министрлері қатысты, штаб басшылары қатысты.
Потсдам конференциясы Европада соғыс қорытындысын, негізінен Германияны толық қарусыздандыру, соғыс құралдарын шығаратын өндіріс орындарын толық жою шараларын белгіледі. Конференцияның қаулылары нацистік мемлекетті жоюға бағытталды
Конференциядағы басты мәселе— Герман (неміс) мәселесі болғандықтан конференция Германияға қатысты барлық экономикалық, саяси жетекшілік істерін қарастырды. Бұл сұраққа қатысты жобаны Америка делегациясы ұсынды. Онда Германия бойынша Европалық консультативті комиссияның келісімімен Қырым конференциясындағы белгілі жағдайлар шешімі қамтылды. Потсдам конференциясы кезінде бұл комиссияда тағы бір құжат болды. Ол — Германияға деген кейбір қосымша талаптар келісімі. Бұл құжат алғашқы кезде Германияға деген Потсдамдағы саяси әрі экономикалық принциптер келісімін сәл жеңілдетті
Германияны бірнеше мемлекетке бөлшектеу туралы американдықтар мен ағылшындар мәселе қойған Тегеран және Ялта /Қырым/ конференцияларында Вашингтон мен Лондонның бұрын Германияның құрамына кіріп келген территориялар есбінен Польшаның батыс шекарасын өзгертуге келіскен болатын.
Потсдам конференциясына қатысушы үш мемлекет: Финляндия, Румыния, Болгария және Венгрия елдерімен дипломатиялық қатынас орнату мәселесімен шұғылдануға келісті. Конференция осы елдер және Италиямен бейбітшілік бітімін дайындау үшін Сыртқы Істер министрлерінің Кеңесін құрды. Оған КСРО, Ұлыбритания, Франция, Қытай, АҚШ өкілдері кірді. Кейін бұл Кеңеске Германиямен бейбітшілік қатынастарды да шешіп отыру міндеті жүктелді. Конференция Италия, Румыния, Венгрия, Болгария және Финляндиямен бітім шартын жасағаннан кейін үш ұлы мемлекет олардың БҰҰ-ға кіру жөніндегі мәселені қуаттайды деп шешті. Сөйтіп, Потсдам конференциясы соғыстан кейінгі халықаралық мәселелерді талқылап, маңызды қарарлар негізінде Германияның соғыстан кейінгі тағдыры шешілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет