Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері. 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011


Алланың жібіне жалғану-діни сауаттылық туралы



бет40/46
Дата05.02.2022
өлшемі4,28 Mb.
#13776
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46
Алланың жібіне жалғану-діни сауаттылық туралы.
Абай атамыз; «Жайнаған туың жығылмай, Жасқанып жаудан тығылмай, Жасаулы жаудан бұрылмай, Жау жүрек, жомарт құбылмай, Жақсы өмірің бұзылмай, Жас қуатың тозылмай, Жалын жүрек суынбай, Жан біткенен түңілмей, Жағалай жайлау дәулетің Жасыл шөбі қуармай, Жарқырап жатқан өзенің Жайдақ тартып суалмай, Жайдары жүзің жабылмай, Жайдақтап қашып сабылмай, Жан біткенге жалын жай, Жақсы өліпсің, япымай!» деген 92-санмен белгілеген астарлы насихатпен «Ж» таңбасына мән беріп, пайғамбар намазын толық орындаған қазақтың соңы ақ-өлімен аяқталатынын көрсетіп кетіпті. Бұл қасиетті меңгерудің кітабы 29-сүре болып, жұбы 92-ші сүремен араны жүріп өтумен, нәпсіні тазартып, тақуалық қасиетті меңгерумен, Раббысының ризалығына қауышумен және қажылықпен де байланысты, Алланың жібіне жалғану болып саналады. Қажы болу деген Мекке қаласына барып, қағаз алып қайту емес, Абай атамыз көрсеткен «Ж»-16 санды қажырлықты, Алла жолында соғысушы, жетілген адам бейнесін қалыптастырушы, тақуалық дәрежемен байланысты. Егер осы шарттарды орындамай-ақ қайта-қайта қажылыққа барып, қажы аталып, мақтанға айналдырғандар және оны міндетті, парыз деп дәріптегендер де; Алланың бекітіп берген жібін тарқатушы, ысырап жасауға азғырушы және аяттарға, үкімдерге серік қосып, пайғамбар намазын бөлуші, Аллаға ортақ қосуға азғырушы шайтан адамы болып шығады. Және 29-сүрені оңнан солға аудасақ; онда 69-санымен тұжырымдалып, кітаптар саны болып, ал 69-шы кітап Ясауи бамыздың жазған үш дәптердің бірі болған, хикметтерімен, зейнетелу қағидасымен тығыз байланысты. Ал, енді бұндай шытырман ну тоғайдан қалай шығамыз? Кім жол көрсетіп, жобаны-кітапты береді? Шәкәрім атамыз: «Ақыл құсы адаспай аспандаса, Әлемде нәрсе болмас көзден таса. Жеті көк жерден оңай басқыш болып Ғарышқа қол жетеді қармаласа, Жаның бәрі мендей жар табар еді, Терең ой, сау ақылмен шамаласа. Өлім маған өмірден мың есе артық, Жарға құрбан болуға жан жараса. Дозақ отын күл қылып сөндіремін, Жаралы жүрегімнен қан тараса...От арқылы жарыма бас ұрамын, Тыңдаман, кәпірсің деп, табаласа. Адамға періштелер сәзжде қылған, Адамнан жарым артық тым тамаша...Сау жүрек тесіле ме оқ батпаса, Оқ орнынан біздің ой-шыққан маса. Айық адам аңғармас ішкі сырды, Байқайды сол тесіктен мас қараса. Араққа ақыл, мастыққа ой билетпек,-Оңай емес ертерек ойланбаса. Тәкәпар өзімшілді құдай ұрар, Ақылына бас имей шалқаласа. Сопыларға біздің жар бір қараса, Жар нұрымен жүрегін араласа. Жанын жан, ескі иманын иман демей, Байғұстар қалар еді-ау таң-тамаша.» Шәкәрім атамыздың інжіл құндылықтары мен Ғиса пайғамбарымыздың, Ыбырайым, Мұса пайғамбарларға берілген нұсқаларды да (кітаптарды) меңгергенін және ата-жолында шырақ жағып, аруақ шақырып бата алу, жер көктің есіктеріне жер кезіп, киелі жерлерден шығатын нұр арқылы жалғанғанын ескертіп, насихаттайды. Қазіргі жүрек ашу хикметін, жын-шайтанан деп, серік қосуға санағандарды ақылға бас имеген тәкәппарлар деп, және олардың дін ғылымының пайғамбарымыздан кейін жетіліп, екінші сатысы тарихат, мағрипат білімін меңгеруге байланысты, ескі иманның жаңғыруын Ясауи бабамыздың көрсеткен 69-санды хикметтерін меңгергендігін де ескертеді. Діни сауаттылық дегенің өлімді жеңу, бағындыру арқылы аян, кітап алумен болатынын түсіндіреді. Бұл жағдайды пайғамбарымыз: «Алла кімге жақсылық қаласа дінді терең түсіндіреді. Расында, мен тек үлестірушімін, ал Алла береді. Қашан бұл үммет Алланың әмірін орындауда мықты тұрса, Аланың әмірі келгенге дейін оларға қарсы келушілердің зияны тимейді.» ( 63/71) Осындай 63,71-ші сандармен белгігеннің өзінде дін ғалымдарының мән бермеген, бірақ құран сандар тағлыммен байланысты құпия сыр бар екені де хақ. «Түсімде, маған бір қадақ сүт әкелді. Мен одан тырнақтарымының астынан сүт шықанша қанып іштім, сосын қалғанын Омар ибн Хатаббқа бердім» «Оны неге жорыдың уа, Алланың Елшісі?»,-деп сұрады. Ол: Білімге» (72/82-өсиет) Енді анық білім дегеніміздің өзі, жастық кезде аян көріп бағытыңды дұрыстай білсең, ал ержеткенде түс көру және оны жору білімін меңгерумен және құран білімін меңгеру арқылы иманның дәрежесінен қарай, уахилық анық білімге жалғанумен және 72;82 сандар тағлымымен жын қуатын толық меңгерумен, жанға құпия білім болған иманның зейнетелуін де ескертіп тұрғаны хақ. Сондықтан да аталарымыз осындай білімді меңгере алмаудан; «Ілімен білім, ортасын таба алмасаң бүлін!» деп ескертіпті. «..Тұр ей, пәлеше! Жаннатқа мүміннен басқаның кірмейтінін хабарла! Расында Алла дінді күнәкәр кісі арқылы да қолдай береді,-деді» (1571; 42203) «Заман жақындағанда мүміннің түсі түгелге жуық жалған болмайды, мүміннің түсі пайғамбарлықтың қырық алтыдан бір бөлігі.» (2087; Әбу Хурайрадан) Жалпы уахилық нұсқау түстердің жанаттан болып, тек мүмін болған адам баласы ғана жанатқа жалғанып, тірі кезінде-ақ түс арқылы жаннатқа кіретінін де ескертеді. Және қандай күнәкар кісі болса да түс көріп, Алладан ескерту хабар алатынын да ескертеді. Сонымен бірге қиямет мезгілінде мүмін болған адамның түсі жалған болмайтынын және ондай адам баласының, аян және уахи көретінін ескертеді. Сондықтан дін ғалымдарымен, имамдардың «уахиды тек пайғамбарлар ғана көреді» деген пәтуаларын да жалғанға шығарған пайғамбар өсиеті; «Сендерден бұрын өмір сүрген Исрайлдықтардың арасында, пайғамбар болмаса да аян алатын кісілер болған, менің үмметімде сондайлардан біреу болса, ол Омар!» (1460; Әбу Хурайрадан) Сонымен бұл өсиеттерден; түс, аян және дін имамдарының және жалпы ислам қауымының діни сауатылығының нәтижесін; сенімге келу арқылы мұсылман болып, сонан кейін ілім мен білімдердің ортасын тауып момындық, мүміндік қасиеттерді меңгерумен, яғни пайғамбарлық дәреже 46 кітаптың ішіндегі «Бірге» айналатын, бір бөлімін меңгерумен нәтижелетінін ескертеді. Ал, енді бұл бірленудің сипаты яғни мүмін, момындық қасиеттерді меңгеруді, қай елдің әулиелері шеше алды, деген сұрақ қойыңыз? Сандар құпиясын және жан сырын зертеп, Әл-Фараби атамыздың жазған еңбектеріне, сол замандарда көптеген дін ғалымдары қарсы болған, және дін ғалымдары тарапынан қудаланған да еді. Өкініштісі де, ондай замандағы іргелі ғылымдардың толық жетілмеген уақыттары түгіл, қазіргі таңда да әулие, ғұлама бабамыздың көптеген жан ғылымының сырын баяндаған, бірақ зертеліп, сыры ашылмаған 9-дың 5-ке қатынысы, «терция» заңдылығы, тоғыз құмалақ сияқты да құпия сырлы еңбектері бар. Ал бұл сандар құпиясын, Абай атамыз, 4-ті 10-мен дәрежелеп, 5-қуатты қосып; 45-санды қара сөзінде пайғамбарымыздың өсиетін, және Әл-Фарби атамыздың жан сырының білім құпияларын шешіп, қазақтың салт-дәстүрінен, діл білімнің негізінен жүйелеп көрсеткенін, зертеп, білген бірде-бір Абай танушы ғалымдар қазақтан әзірге шыға қойған жоқ. Абай атамыздың көрсеткен мүміндікті меңгерудің, 45-қара сөзін, дінді бірлеу насихаты деп түсініп, сонан кейін сахабалық дәрежеге көтерілу үшін, 46-сүрені, кітаптарды меңгерумен пайғамбарлық қасиеттің 46 кітаптарды бірлеумен нәтижеленіп, 47-ші кітап Мұхаммед пайғамбар шапағаты екенін білгеніңіз де жөн. Ал, егер біздің Масһаб имамдарымыз түгіл, дін ғалымдарының аян, уахи алу, түс көру білімі болса, осы уақытқа дейін соңғы 4-5 жылдың ішінде, арнаулы талай хаттар, мақалар жазып, елдегі қазіргі болып жатқан дін сынақтарын ескерткен және көптеген қателіктерін көрсетіп, құран арқылы мысалдар келтірген жазбаларыма жауап бермек түгіл, қайта сондай әрекеттерден кейін міндетті түрде өздерінің белгілі басылымдары беттерінде, бірін-бірі мақтап, білімділігін дәріптеген мақалары жарық көретін еді. Жарайды, бұндай ақпараттардың еліміздің бұл топтарына қабылданбау себебі де, менің олар сияқты әлемдегі тозған білімдерді жинап алып, меңгеріп, халыққа керек болмаса да әйтеуір кітаптар жазып, арнаулы қорғап алған атағым да, және басқалай лауазымдылар алдында бас иіп, «жапарқұл» бола алмағандығымнан болар. Егер тура жолда болмай-ақ, тек мүміндік қасиетпен түс көру білімі маһаб білімде болған болса; онда дін хазіретіміздің Арыстан баба қасына; Сұлтан Бейбарыс атамыздың топырағы деп, Беріш Құрбан атамыздың топырағын әкелгенін қалай түсінеміз? Және Мансұр-Мақсұр ұрпағы Сунақ-Тохир атамызды неге Әбу-Бәкір сахабадан тікелей таратып, Мансұр атамыздың әкесі, Сунақ атамыздың бабасы Арыстан бап екенін, тарихта ашық дәлелдер, мұрағаттар бар екенін ескермейді де және халыққа жалған, өтірік ақпарат неге береді? Егер масһаб білімін жетік меңгергендер, діни сауатты яғни ілмен білімнің ортасы болған тіл білімдері болса, онда неге кітап берілген әулиелерден яғни өздерінен сұрап, аян алып, өз істерінің дұрыстығын, неге дәлелдемеді және бүкіл үкіметіміздегі дін ісін басқарушылары болашақта ақиқат анықталса, халық алдында надан атануымыз мүмкін деген ар-ұят сезімі, болмай және аян алып, тексеріп көретін иманы түгіл, қарапайым діни сауаттылығы және ондай әділетті істі туындататын ұлттық намысы, яғни ары да болмағаны ма? Қарапайым ғана және пайғамбар намазының негізі болып табылатын; ақиреттік тіл білімінің негізі болған, түс көру білімін меңгермеген имам, қалай пайғамбар ізбасарымыз,-деп өздерін-өзі дәрежелеп, «биғат» (пәтуа) беріп, Раббымыздың нұсқауына, пайғамбарымыз өсиетіне жала жабады? Бұндай дін исламда және қазіргі таңдағы қазақ еліндегі болып жатқан, көре алмастықтың, іштарлық, дүниеге шоқыну, салдарынан пайда болған тәкәппарлық пен надандықты пайғамбарымыз алдын-ала ескертіпті; «Расында, Алла пенделерден білімді тартып алмайды, бірақ білімді ғұламаларды алу арқылы жояды. Ол бірде бір ғұламаны тірі қалдырмаған кезде адамдар, білімсіз надандарды өздеріне басшы етіп алады. Сөйтіп оларға сұрақтар қойылса, білімді болмаса да пәтуа (биғат) шығарып, нәтижесінде өздері де адасады, өзгелерді де адастырады.» (85/100) Сонымен шариғатты жол қылып, яғни «42-13» аятқа ашық ортақ қосушы; «Білімсіз надан дін басшысы» болған және заман талабына қарай құдайдан келетін уахиға жалғана білмеген, қандай да бір білімді пендені ескертеді. Енді жоғарыдағы 15-санды жанға қожалық; насырды меңгеру үшін де, әуелі осы мысалдардағы түс, аян көру арқылы, Алла жолында нәпсіңмен соғысып, малыңды қуатандарып, тазартып және рухани қуат- балаға, таза қуатқа айналдырумен болатын сөз ғылымын меңгерген; Қожа насырлықтың және дін білімімен бірге, іргелі ғылымдарды меңгерген; төрелікті, билікті меңгерумен «Лама»-16 санды сүрені меңгерумен де анықталады. Ал, төреліктің, қожалықтың оның алғашқы белгісі болып; адам тағдырына жазылған төрт санды кітабын оқып, дәрежелеумен және басқа кітаптарға жалғануымен көрнісін береді. Бір қарапайым мысал келтіре кетейін; Қазақ елінде алғашқы дін сынағы Ясауи зікіршілер тобын, зікір-гипноз деген сияқты, басылым беттеріндегі мақаларымен, масһаб ғалымдары, имамдары тарапынан ашық қудалу болып жатқан кез еді. Оның алдында, бұл топтың арасына кейде өзім барып, сұхбатасып, істерін жасырын бақылап, және пайдаланытын кітаптарын да талқылап зертедім. Бірақ, олардың өздерін басқа діни топтардан жоғары ұстап, менің ата-жолын да зертеуге шақырған ұсынысымды қабылдамағасын, арасына бір туысқанымды да кіргізіп те зертеуге тура келді. Сонан муфтият пікіріне де қарсы, олардың жария айқай зікірімен, «Құран сыры» деген оқулықтарының қателіктерін сынап, мақала жазып, оны тек санаулы адамдарға ғана беріп, муфтият баспасына да ұсынып, нәтиже шықпағасын, үн парақ қылып таратпақ болып ниеттендім. Бірақ, Айша анамыздан аян алып; «Ертең 11,-30-да менімін кездесуге кел.»деген шақыру алып: Құран аяты: «Әй елім! Егер мен оларды қудалсам, мені Алладан кім қорғайды, түсінбейсіңдер ме?» (11-30) деген үкімді оқып, маған бұл жерге араласпа деген нұсқау деп жорып, бұл әрекетімнен бас тартқанмын. Сонан 3-жыл өткенде құран сандар құпиясын зертеу барысында өз туған күн, ат, ныспыңмен сана деген уахи келіп, тексеріп қарасам осы (11;30) саны шығып тұр. Бұл сан менің туғанда бірге өмірге келген аятым, тағдыр кітабымның құпиясы болып шықты. Енді, бүгін 2012 жылы қаңтардың 30-күні болса, осы күні туған баланың атын Мұрат деп қойып санап көрсек: 2012=23; Мұрат=5; 1+30=31; 1х30=30 сандары 31-ді қайта дәрежелеп, 4-сүренің саны, ал 30 аят саны және 35 тағы ныспысын (әке, ата) сан мәндерімен, тағдыр кітабының сандық мәндері шығады. Ал ай мен күнің қосындысы 31-санын қайта дәрежелгенімізде сүре мәні 19-санынан аспау шарт. Ал неге 19-саны шектік белгі болу керек десеңіз, бұл тұрғыда алдағы басылымдарда, арнаулы талқылаумен түсінік береміз. Сонда бұл күні туған бала; «Ал кім осы айтылғанды дұшпандық, зұлымдықпен істесе, оны жақында отқа саламыз. Бұл Аллаға оңай.» (4-30) және 35 т,б аяттармен тағдыр кітабы жазылып келген болып шығады. Бұл сүремен келгендер неке, отбасы, шаруаға бейім және зинқорлық т,б ағайындық шектерді, шариғат үкімін бұзса, өмірінде, тағдырында қиындықтар болып, қайғы қасіретке қалатынын ескертеді. Сондықтан мұндай сандық белгімен туылғандар рухани тазалықты сақтағанда ғана, бақытты өмір сүре алады. Негізінен, ел басқаруға құмар, билік адамдары көбіне 13-сүремен туылады. Енді қазақтағы діни сауатсыздықтың бірі; Мұрат Досбол деп әкесімен бірге жазылған, ақирет кітабына да аруаққа да кесірі тиетін, жан, рух несібесінің өзгеруіне соқтыратын 1000-жылғы ескі әдетімізге қайта оралуда тұр. Және Мұраттың біліп білмей істеген күнәсі, Досбол атты ақсақалдың да, жамандыққа ортақ болуына, көрінде тыныш жатқызбауына себепші болып, аруағының назына да қалатыны сөзсіз. Енді бұл есімді; Айгүл Досбол десек, түрлі алғыс алатында, қарғыс алатында, кейбір жағдайда жөзекшелікпен де айналысатын да, немесе күйеуіне боқтық естіген Айгүлдеріміздің, аруақ заңдылығына кесірі тиіп қана қоймай, тіптен әйел затының өлі түгіл, тірі кезінде де ерекекпен және үлкен кісімен қатар аталуының өзі қазақ халқында «Ат ататтырып сүйек сындырушы» болып есептеледі. Досбол-6 санын берсе; Досболов-ва=8,9 сандарын беріп, тағдыр кітабының өзгерісімен де ерекшеленеді. Егер рухани жалақыңыз; 6-күлше наның орнынына 9-күлше нан алып, сонымен өміріңіз сыналып, көбірек зейнет нұрын алған дұрыс па, әлде дәл сондай сынықпен 6-күлше нан алған дұрыспа, өздеріңіз шешіңіздер қазақтың филолог ғалымдары. Адам баласының рухы, жаны және тәніндегі ақпараттардың мысалға;Мұрат Досболов Мырзабай ұлы деп берілген ныспысының өзі, діл бақшасының үш сатысын; рух, жан, тән арасын бөліп тұрып, сырттан мезгілдік, мүшелдік, жер-көктік, дарындылық сияқты тағдыр несібесінің жыныс, кәсіп ерекшеліктенің өз орнын тауып, жын мен шайтанның арласпауына да жағдай жасайды. Ал әкесінің немесе атасының атымен Айгүл Досбол деп аталып жүрген әйел затының, егер Досбол марқұмның аруағы тозақтық болып және ақирет өмірінің, тағдырдың сынағына түсіп, меңгере алмай, бақи өмірінде азаптан толық босана алмаған болса, онда еркек жынының әйел затына жүктелумен, әйел қылығының өзгеріске ұшырап, түрлі теріс ықпалдарға түсуіне ғана себепші болады. Және Айгүлге қарсы айтылған түрлі өсек, жаман сөздермен ақпараттарда Досбол марқұмның тағдырына ортақ санға 5+6=11 екі аруақтық кітаптың орнына, бір кітапқа айналып, жанының тағдырлық өзгеріске ұшырауы мен, өз қауымнан тыс ақпараттардың пайда болуымен, ұрпақтардың, өмірге келетін баларының да түрлі сынақтармен, ауру, азаптарымен өмірге келуіне жағдай жасайды. Бұндай жан сырларының жеті ата шежіре ағашына қандай қатыстылығын келесі басылымда көрсетеміз. Әрбір табиғаттағы жартылыс нәрселерінің жанды, жансыз жаратылыстарының бәрі өлшеніп, саналып, жүз жыл сайын, қуаттық шамаларының түрленуі, соған байланысты адам тұтынатын азықтардың да ішкі тербелістік, сыртқы өрістік шамасы да өзгеріске түсуімен, соған байланысты ұлтық үніміз де, сөз ұғымдары да өзгеріске түсіп, заман, дәуір өзгерісіне қарай бейімделіп, үндердің, сөз қуатының сандық мәні де кеңістікте түрленіп, өзгертінін білген абзал. Сондықтан әрбір мүмін болған адам баласы түс көру, яғни ақиреттік тіл білімін меңгеру арқылы сандарға байланысты аяндар алумен, құран аяттары арқылы ақиреттік құпия кітабының үкімдеріне жалғану арқылы және өзіне тән жаратқанның рахмет кітабын көріп, сонымен бірге діл бақшасын, рухани егінін егіп өсіру үшін де; Неке, семья құрып, ұрпақ тәрбиелеп; 4х4=16 санды «жұлдызды» «Малын» түгелдеп, 10-күнде 100-қойын тауып, бағып, күтіп меңгергендер иманның 60-бұтақты ағашына, шежірге жалғанған және тарихатты меңгергендер болып, осындай жағдайдан кейін ғана, зікір зейнетін толық алуға, жүректің толық басқарылуына, мағрипатқа өтуге арналған, жоғарыдағы Шәкәрім атамыз насихаттаған 15-санды меңгергендер, енді сопылық жолға түскен болып, өзіне берілген белгілі сан, таңба бөлек кітабымен бірге; 106-кітапты «Алтау араз болса ауыздағы кетеді.» деген нақылдың ғылымын алуы сөзсіз. Және мұндай сопылық мақамдағылар; Екі «жұлдызы» (спутник) жарық болып жанған, иманның 70 бұтақты шежіре ағашын меңгеру жолында, түрлі дарындылық сатыларынан өтіп, пайғамбарымыздың 55 намазын толық орындаушылар болып саналады. «Рахман» сүресі, негізінен 78-аят бұтақтан тұрып, яғни 78-пайғамбарға, шежіре ағашына, Раббының көркем атына, мықты сөздерге, кісі нұрға аян арқылы жалғанумен ерекшеленеді. Енді бұл оқырманға онда да тек баспасөз, ақпарат жағында жүрген қауымға ғана ұсынылып отырған 5-ші кітапты, дәптер деп атамай, шағын болса да кітап дегеннің де мәнісі бар. Себебі дәптер болса, тек маған өзіме ғана берілген жаратқаның жеке кітабы болу керек. Ал, негізінен бұл берілген мағлұматтар, жалпы атамыз қазаққа жан дәптері болып жазылып, оқылған деректер болып, ал енді барлық әулиелер дәптерлерінің басын қосып, заман білімен жүйелсек, онда барлығын тұтастай алғанда, ұлттымыздың тура жолға бағыт беруші және нұрландырушы кітабымыз болып табылады. Бірақ, өкіншке орай, бұл басылымдар, қазіргі таңдағы дін жолының шайтан адамдарының жоғалтуға тырысып жатқан, үмметік ерекшелігімен әдет-ғұрып, салт-дәстүр болып қалыптасқан тура жолдың қағидасы нұрландырушы кітабымыздан, пайғамбар намаздарының насихаттарынан үзінділер ғана. Бұл басылымен «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген әркімнің жоба алу кітабымен аяқтап, келесі басылым «Алтау араз болмасын» деген 6-санымен, 106-шы кітап, құраның жүрегі, інжіл, рух арқылы берілетін намаздар қағидасын, яғни аруақтық білімін көрсетеміз.

Каталог: public -> upload -> orig -> user -> 225 -> blog
upload -> Қр іім тжк мөҚҚ бөлімшелері жылына сан-алуан шығулар атқарады
upload -> Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу бөлімінің курсанты Ж. Н. Жолдасбеков
upload -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар камитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм
upload -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Көкшетау техникалық институты» рмм
upload -> Іім төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты Жедел-тактикалық пәндер кафедрасы Бекітілді
upload -> Қазақстан Республикасы халқының Тілдері күніне арналған онкүндікті өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
upload -> «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты» рмм
blog -> Ұлылардан ұлағат алайық! Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, Өлді деуге бола ма айтыңдаршы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет