Ясауитану пәнінен бақылау сұрақтары 1- деңгей


VIIғ. Ислам сәулетінде ұстынды мешіттер түрлері қалыптасты. Мешіттің белгілі сәулеттік бөліктері исламдық діни түсініктерді қамтыды



бет12/15
Дата20.11.2022
өлшемі0,84 Mb.
#159069
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Ясауитану жауаптары (1)

VIIғ. Ислам сәулетінде ұстынды мешіттер түрлері қалыптасты. Мешіттің белгілі сәулеттік бөліктері исламдық діни түсініктерді қамтыды.
1.Мешіт күмбезі-жамал,
2. мұнаралары-жалал,
3. мешіттің сыртына түсірілген Құран сөздері- сыпат.
Ислам өнері өзінің даму кезеңдерінде витраждар, яғни шыны өнері, фрескалар, мозайкалық әрлеудің түрлерін исламдық өнер талаптарына сай дамытып отырды. Тарихи даму процесінде канон, оның өзіндік өмір сүруі , қызметі әлемдік діндерде қалыптасқан өнер жүйесімен айқындалады. Сонымен қатар оған өнердің жүйесінде пайда болған жетекші өнердің айқындаушы ықпалы болды. Канонда абслютті түрде көркем ойдың өзіндік ерекшелігін айқындай алмайды. Ол тек белгілі тарихи шеңберде белгілі мазмұнды формальді деңгейде көркем толықтылықтың тұрақтылығын ұйымдастыра алды.
Мешіттердің негізгі белгісі 7 ғасырдың соңында айқындалды. Ислам дінінің тарихи даму процесінде діни, көркемдік мәнге ие белгілі символдар жүйесі пайда болған. Бірақ исламдық сенімдердің категориялары мен түсініктері пайда болған алғашқы кезеңде эстетикалық, көркемдік мәнге ие символдар жиынтығы әлсіз байқалған. Алайда кейінгі мұсылмандық сәулеттің дамуы кезінде діни-көркемдік символдар дүниеге келген.
Мәселелен, «жамал» сөзіне сәйкес Жаратушының сұлулығын білдіретін символ мешіт күмбезі болды. Құдайдың ұлылығын білдіретін «жалал» сөзіне сәйкес мешіт мұнаралары символданды. Аллаһтың әсем есімдерін білдіретін символ (сыфат) ретінде мешіттің сыртқы , ішкі қабырғаларындағы жазу болды. Сонымен қатар Аллаһ жолының мәңгілік көктеуін білдіретін түс – жасыл.
Мұсылман әлемінде мешіттердің әртүрлі архитектуралық түрлері қалыптасқаны белгілі. Мешіттердің негізгі белгісі VII ғасырдың соңында айқындалды. Көптеген мешіттердің бір немесе бірнеше мұнаралары болды. Олардан азан айтылады. Намаз оқитын бөлмеде михраб бар.
Михраб - Меккеге бағытталған мешіт бөлмесіндегі ойық. Михрабтың жанына құтба оқитын - мінбер орналасады. Мешіттің едені мен ауласына әдетте кілемдер төселіп, әрбір мешіттің жанында табиғи немесе қолдан жасалған су көздері болады.

  1. Ясауи іліміндегі заттардың символдық мәнін табыңыз

Барлық діндерде сопылар, дәуріштер киген киімдер, ұстаған заттардың өзіндік сипаты мен мәні бары белгілі. Исламдағы дәуріштердің киімдері сопылықтың алғашқы кезеңдерінде (VIII—IX ғғ.) дөрекі, жүн матадан жасалса, кейінгі кезеңдерінде қатты тығыз, түксіз кілем сипатты матадан, қойдың жүнді терісінен тігілген.
XIX ғ. дуаналар жыртылған жамаулы киімдеріне сай каландарлар, жандапуш, хиркапуш деп аталған екен. Дәуріштердің басына киген бас киімі «кұлақ», белбеулері «қамар» деп аталған.
1866 жылы Түркістанда болған суретші В.В.Верещагин өзінің
Жазбасында Түркістан қаласының өміріне, әлеуметтік-экономикалық жағдайына тоқталып, сипаттама беріп, зерттеуінде «шошақ бас киім киген дәуріштердің жыртық киімдері, арқаларына асынған түйіншегі, бір қолында таяғы, ал екінші қолында асқабақтан жасалған ұзын ыдысы бар» деп жазады.
Дәуріштің киім киюі, ол киімдері мен заттарының мәні туралы мәселені қарастыра отырып сол заманда дуананың жиегі қойдың жүнді терісімен жиектелген, жүн жіптермен кестеленген қызыл бас киім киіп, кең белбеумен белін буып,ыдыс байлағаны туралы хабардар боламыз.
Ортағасырлық миниатюралардағы дәуріштер киімдерін зерттеген З.Рахимова дәуріштер киімдерінің түстік мәні әлі де өз зерттеулерін талап ететінің айтады. Әрбір түс Жаратушыны танудағы сопының жеткен баспалдағын бейнелеген. Аспан көк, сары, қызыл, ақ түстер Жаратушыны тану жолындағы шариғат, тариқат, мағрифат, хақиқат жолдарын көрсеткен. Дәуріштің белбеуі - оның алдындағы міндеттерін орындауға дайын екенінің белгісі ретінде болды. Бас киім Жаратушының берген игілігін сипаттайды, сондықтан ұстаздың шәкіртіне бас киім сыйлауы шәкірттің жеткен жетістігін мойындау, бата беруді көрсетеді. Зерттеушілер дәуріштің киімі мен оның бөлшектері оның сопылық жолды игерудегі белгілік бір көрсеткіші болған, оның әрбір қадамы киіміндегі бір бөлшекпен белгіленген дейді.
Дәуріштер бұрыннан келе жатқан ортағасырлық мұсылман халқының киімдерін шапан, тайласан, белбеу, бас киім - кұлақшын, шалма киді. Сопылар оларды жаңа бір мазмұнмен толықтырды. Бұл киімдердің кейбір бөлшектері сопылардың жолдарының кезеңдерін бейнелеген деуге болады.
Әр түрлі тариқаттарда бас киім әр түрлі көлемде, түсте болды. Сопылық ордендердің басым бөлігінде бас киім толық матадан немесе үш, төрт жыртыстың бөлігінен біріктіріп жасалған.
Түркістан каландарлары туралы П.Поздевтің зерттеуінде бас киімнің бәрінде әліп, кәлима шахадат жазылғаны айтылады. Бас киімнің төменгі жиектері қойдың жүнді терісімен көмкерілген.
Бұл бас киімді киген дәуріш жан-жағынан, алыстан ештеңені көрмей, тек Жаратушыны ойлау керек деген сенімге негізделген.Сенім бойынша Мұхаммед Пайғамбарға (с.а.а) Жебрейл періште арқылы көктен берілген бас киім, шапанды төрт бөлікке бөліп, Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әлиге, төрт халифасына берген дейді.Бас киімнің бірнеше бөліктегі матадан құралуының бір белгісін осымен бейнеленсе керек.
Дәуріштер рухани үстемдік белгісі ретінде хирка киген. Түркістан дәуріштері кемер белдік байлаған. Ол белдікті байлаудың өзіндік бір мәні бар. Риазат белбеуі –құлшылық ету, тақуалық, Құдай жолына біржола түсуді бейнеледі. Белдік мүридтікке бел буғанда құрбандыққа шалынған қойдың жүнінен жасалған. П.Поздев өз зерттеуінде Түркістан каландарларының белбеулерінің ені 25 см. болғанын, оған қанағат тасы бекітілгенін айтады.
Зерттеулерде «Ахмет басында тәж болатын, бұл тәж, күпі, шырақ, дастархан (софра),байрақ және жайнамаз аманат ретінде Тәңір тарапынан Хз. Мұхаммед пайғамбарға берілген. Күпі-кебенек иығына жабылады деп айтылады.



  1. Ясауи іліміндегі Құран мен суннаның маңыздылығын көрсетіңіз

Диуани хикмет шығармасындағы 147-ші хикметтің алғашқы шумағы мынадай:
Қоштамайды-ау ғалымдар сіздің айтқан Түркіні
Арифтардан есітсең ашар көңіл мүлкіні
Аят, хадис мағынасы Түркіше болса қолайлы
Мағынасына жеткендер жерге қояр бөрігін
Міскін, әлсіз Қожа Ахмет, жеті атаңа рахмет
Парсы тілін біледі, көп айтады түрігін
Жоғарыдағы шумақтан кейбір маңызды мәселелерді азды-көпті пайымдауға, әсіресе Ахмет Ясауидің Құранды қалай түсінгенін байқауға болады. Оның пікірінше, Құран – барша мұсылмандардың білуге тиісті кітабы. Ол тек қана ғұламалар үшін арналмаған. Құранды білу жеткіліксіз, ол діни ғұмыр мен мінез-құлыққа сәйкес келу керек (39, 941-2, Мінажатнама 14-ші шумақ). Онсыз да Яссауидің хикметтерінде терең тәпсірге орын берілмеген. Төменде де көрінетіндей, ол таңдап алған аяттарды ғана түсіндіретін тақырыптармен байланыстырған. Яссауидің осындай Құран түсінігі оның діни түсінігіне алып келеді. Оның пайымынша, діннің Яссауидің осындай Құран түсінігі оның діни түсінігіне алып келеді. Оның пайымынша, діннің негізінде кітап бар. Кітап мүміндердің барлығына ортақ дүние. Мүміндер дінді Құраннан және оны жеткізуші әрі көрсетуші Хазіреті Мұхаммедтен үйренуге тиіс. Яссауи алғашқы хикметінде- ақ Аят пен хадисті әркім айтса, құлақ түр дей келе, бұл жағдайды ашықтан-ашық білдірген. Ал, хикметтердің аяғындағы Мінәжатнамада болса, Менің хикметтерімнің қайнар дереккөзі хадис, … Менің хикметтерімнің әміршісі Сүбхан, Оқып-білсең, мағынасы Құран деген. Осылайша, Құран мен хадис хикметтердің екі негізгі қайнар дереккөзіне айналған.
Яссауидің діни түсінігінде Құран мен сүннетке деген тәуелділік айқын байқалады. Дегенмен,өзге сопылар секілді оның да діндегі шариғат-тариқат жіктеліміне бой алдырғанын аңғаруға болады. Бұл 147-ші хикметтің екінші шумағынан анық көрінеді:
Қазы, мүфти, молдалар шариғаттың жолында
Ариф ғашық алып тұр тариқаттың биігін
Ғамал қылған ғалымдар дініміздің шырағы
Пырақ мінер мақшарда қисайта киер бөрігін
Сопылық тарихына өшпес ізін қалдырған осындай діни түсінік, Яссауидің ой-пікірлерінде де тереңге тамырын жайған. Орта Азияның ортасынан орын алған Түркістан аймағында Ислами сенім мен сана-сезімнің енді-енді орнығып келе жатқан тұсында-ақ осындай қос түсініктің қоғамға жаңа серпін бермегенін пайымдаймыз. Бұл түсінік әлі күнге дейін Ислам әлемінің түкпір-түкпірінде жалғасын табуда. Бұған күдікпен қарауымыздың бірден бір себебі - оның діни ілімдер мен сопылық түсініктің арасындағы елеулі бөлінушілікке алып келуі. Екіншіден Яссауидің мұндай діни түсінігі оның жоғарыда айтылған Құран мен хадиске толассыз жүгіну түсінігімен қарама-қайшы секілді болып көрінеді. Өйткені әяттар мен хадістер шариғат- тариқат жіктеліміне рұхсат бермейді. Анығырақ айтқанда, Яссауидің өзі Құран мен хадиске жүгіну керектігін сан рет қайталап, шариғаттың негіздеріне әрдайым айрықша мән берген. Ал, бұл жалпы сопылық түсінікте қарама-қайшылык деп ойлаймын. Шариғат-тариқат жіктелімінің ең көрнекі мысалын 22-ші хикметтің үшінші шумағынан көруге болады. Ұлы сопы Халлаж-ы Мансур (308922 ж. қайтыс болған) әнәл-хақ секілді асыра сілтеуші пікірлері үшін өлтірілген. Парсы тілін білсе де түрік тіліңде сөйлеп, түрікше жазған. Біздің түсінігімізше ол тілді құрал ретінде пайдаланған. Біріншіден дінді осы тілмен түсіндіруге Болатындықтан, екіншіден де қоғамдық татулық, бірлік пен езара төзімділіктегі діннің маңызын қоғамға ез тілімен жеткізу үшін қолданған. Өйткені хикметтер қоғамның барлық сатыларында баршаға түсінікті метод пен деңгейде діни және моральдық-этикалық міндеттемелердін орындалуына қатысты үндеулерге толы. Бір жағынан ғұламалардын Кұран аяттарының басқа тілдердегі мағыналарына жақсы кезбен қарамауы Құранды сақтап қалу қаупінен туындаған Болуы да мүмкін. Бұл жақсы ниеттегі алдын алу іс-шарасы болумен қатар, ислам ғылымдарының басқа тілдерге қызмет етуіне кедергі келтірген деп ойлаймыз. Дегенмен Құран Карім араб тілінде түсті. Бірақ бұл тек қана пайғамбарымыз Хазреті Мұхаммед мен оның пікірлестерінің осы тілді қолдануымен байланысты. Сондай-ақ адаммен бірге әртүрлі діндерді жаратқан да Алла Тағала (30 Рұм, 22-аят). Сол себепті Алланың кітабы мен дінінің сол тілдерде түсіндіруі табиғи құбылыс болып табылады. Осы жерге дейінгі талдаулардан мынадай нетиже шығаруымызға болады. Ясауи өмір сүрген XII ғ. Түркістан аймағында ислам діні орныққанымен түркі халықтарының көпшілігі көшпелі өмір салтын ұстанды. Сол себепті олардың діни білімі таяз болды, тіпті діни эмір салтын ұлтшылдық мәселесін көтермеген. Сол себепті осы өлеңінен басқа хикметтерде ұлттық компоненттер кездеспейді. Парсы тілін білсе де түрік тіліңде сөйлеп, түрікше жазған. Біздің түсінігімізше ол тілді құрал ретінде пайдаланған. Біріншіден дінді осы тілмен түсіндіруге Болатындықтан, екіншіден де қоғамдық татулық, бірлік пен езара төзімділіктегі діннің маңызын қоғамға ез тілімен жеткізу үшін қолданған. Әйткені хикметтер қоғамның барлық сатыларында баршаға түсінікті метод пен деңгейде діни және моральдық-этикалық міндеттемелердін орындалуына қатысты үндеулерге толы. Бір жағынан ғұламалардын Кұран аяттарының басқа тілдердегі мағыналарына жақсы кезбен қарамауы Құранды сақтап қалу қаупінен туындаған Болуы да мүмкін. Бұл жақсы ниеттегі алдын алу іс-шарасы болумен қатар, ислам ғылымдарының басқа тілдерге қызмет етуіне кедергі келтірген деп ойлаймыз.



  1. Түрік ислам руханиятындағы Ханафилік, Матуриди және Ясауи тұғырларын көрсетіп, мәнін ашыңыз

  1. Ясауидің кемел адам концепциясының бүгінгі күн өзектілігі тұрғысынан мәнін көрсетіңіз

Иасауи ілімі адамның ішкі тыныштыққа жетуі арқылы қоғамда бірлік пен тыныштық орнатуды, адамды іштей бөліну мен ыдырау психологиясынан арылтуды мақсат етеді. Иасауи адамның ішкі әлеміндегі ыдырауды реттеуге ықпал ететін күшті уағыздайды, ол - Тәңірге деген махаббат. Иасауиде адамға жөн сілтер, жол көрсетуші серігі - ақыл (басират-көңілдің көзі). Адам ақылы арқасында періштеден де үстем тұрады. Ақыл -адамның өзін-өзі тануына ықпал ететін Тәңір тарапынан берілген қуат. Адам өзін-езі тану арқылы менмендік, кекшілдік, ашу, өтірік, жамандық, құмарлық сияқты адамның ішкі әлемін балталайтын пессимистік психологиядан арылады. Иасауи адамды имандылық, тобашылдық, қанағат, махаббат, сабыр, игілік, жомарттық, шыншылдық, әділет, қарапайымдылық, өзара сүйіспеншілік және құрмет сияқты сезімдерді байытуға үндейді. Иасауи ілімінде адамның кемелдікке жетуі теориялық (шариғат) және практикалық (тариқат) таныммен қаруланып қана қоймай, оны өзінің хәлі арқылы рухында сезініп, жүзеге асыруы шарт. Яғни, таным “суық теория” мен “құрғақ практика” шеңберінде қалып қоймауы керек. Иасауи ілімінде теория-“қал (сөз)”, практика да “хәл (іс)” өзара тұтастықта болғанда ғана толық мәнге ие болады. Сондықтан да Тәңірге махаббат арқылы ұмтылу шарт. Ясауидiң сопылық дүниетанымында Аллаға бағынуға, оны тануға көп мән берiлген. Себебi, Алланы тану – көңiл көзiн ашудың негiзгi кiлтi. Сондықтан сопылық жолдың кезек күттiрмейтiн басты өзегi – Алланы тану (мағрифату-л-лаҺ). Сопылық дүниетаным бойынша әлем мен әлемдегі барлық жаратылыстарды Алла ғашықтығының әсері ретінде қарау және сүю негiзгi мәселе ретiнде қарастырылады.Ол Құдайдың бар екендігін, осы тәріздес жаратылыстар әлем иесінің кемшіліксіз көрінісі екендігін дәлелдейді. Құдайдың құдіреті мен шеберлігі кездеспейтін ешбір дене, мақұлық жоқ. Сондықтан жаратылған барлық болмыс Құдайдың жаратқан өрнегі, Алланың ауызбен айтып жеткізуі мүмкін емес шеберлігінің белгiсi болып табылатындығын жазып кеткен. Ахмет Ясауи - осы ақиқатты түсінген ұлы ойшыл. Оның пікірі бойынша әлем мен әлемдегі бүкiл жаратылыстар ұлы Жаратушының құдіреті шексiз екендiгiн көрсетедi. Ұлы бабамыздың көзқарасы бойынша дүниедегі барлық жаратылыстар Алланың ұлы, жомарт, мейірімді де рақымды екенiн дәлелдейдi. Жаратылысқа өмір берген де, бейне берген де тек олғана. Ол - шексіздік (мұтлақ) қайнары. Ясауи ілімінде нәпсі жамандықтың, ал рух болса жақсылықтың қайнар көзі болып табылады [4]. Жақсылық пен жамандықтың бірге болуы мүмкін болмағаны сияқты, нәпсі мен рухтың қатар өмір сүруі де мүмкін емес. Екеуінің бірі ғана өмір сүруі керек. Ал рухтың өмір сүруі үшін, нәпсінің өлуі шарт. Өйткені өмірдің мәні рухтың тазалығында, яғни көңіл айнасының ашылуында жатыр.

  1. Ясауи іліміндегі Алла, адам және әлем қатынасын салыстыру арқылы мәнін негіздеңіз

Қожа Ахмет Ясауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Ясауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда”. Осы хикмет жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. “Ашқсыз адам” – илаһи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, ашқ отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, көз жасы, қайрат-жігерімен одан шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашқ - кемелдікке жетелейтін күш-қуат көзі. Қожа Ахмет Ясауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат), ол “Сізді, бізді Хақ жаратты ибадат үшін” – дейді. Бұл ибадат (убудийат) – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Құдайлық ашқты, Аллаға деген махаббатпен тұтастықта көретін Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы Алла жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп қарайды. “Сүннет екен кәпір де болса берме азар, Көңілі қатты ділазардан Құдай бизар” деген хикмет адамның тегі мен түсіне, діні мен діліне қарамастан оған құрмет көрсету, адам ретінде ардақтауды пайғамбарлық сүннет (жүйе, заң, қағида) ретінде танытады. Өйткені Қожа Ахмет Ясауи ілімі – дін, мәзһаб аясына сыймайтын шексіз ашқ (махаббат) жолы. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында “дертті адам”, “топырақ адам”, “кемел адам”, сондай-ақ, “ғарип адам” тұлғалары да дәріптеледі.
Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды. Қожа Ахмет Ясауи өзін де ғарип ретінде көрсетеді:
Ғариппін ешкімім жоқ, бейшарамын һәм пақыр,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет