Ясауитану пәнінің міндеттері мен мақсаты туралы жазыңыз


Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бүгінгі күнгі жағдай туралы , кейінгі кезеңдегі жөндеу нәтижелері туралы мәселені көрсетіңіз



бет66/68
Дата26.05.2022
өлшемі16,79 Mb.
#145104
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
Ясау толықтырылған
195.Намаз үйренейік, Дәрігердің үшінші қаруы
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бүгінгі күнгі жағдай туралы , кейінгі кезеңдегі жөндеу нәтижелері туралы мәселені көрсетіңіз

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сәулет ескерткішінің құрылымы жағынан атап өтуді жөн көрдік. Құрылысты жүргізуді Әмір Темір өз дуанында игілікті істермен шұғылданатын Мәулен Убайдулла Садырға жүктейді [3, 8 бет]. Кесенені салу жедел қолға алынып, сол заманғы деңгейден қарағанда, аса қарқынды жүргізілді. Негізгі және қосалқы бөлмелерді салу кезінде құрылысшылар қолдарындағы архитектуралық сызбалар мен ғимарат жобасына сүйеніп отырды. Архитектуралық көлемдер мен олардың бөлшектерінің асқан шеберлікпен салынғандығының себебін тек осылай ғана түсіндіруге болады. Әмір Темірдің болашақ кесене жобасын жасауға тікелей қатысып, құрылысшыларға нақты нұсқау бергендігін әр-түрлі жазба деректер де дәлелдейді.
Жобаны әзірлеу барысында олар белгілі бір модульді пайдаланды, оның жартысы да ширегі де өлшем ретінде жүре беретін. Сондай ақ, композициялық негіз етіп алынған модульдік жүйе де қолданылатын. Осы жүйе бойынша архитектуралық көлемдердің мөлшері ішкі және сыртқы тарамдардың, қуыстардың түрлері, қанаттардың ұзындығы, терезе және есік ойықтарының, аркалардың, қуыстардың, күмбездердің, сталактиттердің және тағы басқа бөлшектер өлшемдерінің тепе-теңдіктері белгіленіп отыратын. Ғимараттың жеке бөліктерінің жобадағы және кеңістіктегі өзара үйлесімділігі, негізінен алғанда, шаршы келген қабырға ұзындықтарынан тұратын бас бөлменің көлденеңіне қаншалық сәйкесуіне байланысты белгіленген.
Осы әдіс Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салу кезінде кеңінен қолданылды. Жобаны өлшеу нәтижесі кесененің 60,6 сантиметрлік тең қабырғалы модульдік – көлемдік торға дәл келіп тұрғанын көрсетті. Ал 60,6 см ортағасырлық бір кезге тең [3, 9 бет].
Қожа Ахмет Ясауи кешені – аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені 46,5 м., ұзындығы 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені 50 м. жуық) және бірнеше күмбезі бар орталық залының төңірегінде түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған.
Кесене құрылысы сол маңда орналасқан ХІІ – ХІҮ ғасырлардың кішігірім кесенелерін біртіндеп бұзып, олардың кірпіштерін Әзірет Сұлтан кесенесінің құрылысына пайдаланудан басталды. Осылайша биіктігі 14-15 метрлік құрылыстың бірінші кезеңі 1391-1393 жж. аралығында тұрғызылып, ол екінші қабаттың төбе жабынымен аяқталды. Бас портал – Пештақ жартысна дейін қаланып, сырты сырлы қышпен қапталуын күтіп тұрды. Алайда 1393-1399 жж. аралығында өткен екінші кезеңінде портал өзіне тиісті биіктікке дейін (60-65 м) қаланбады, бар-жоғы 41 м биіктікпен тоқтап қалды. Бұған себеп аса ауыр бұл бөлік бірден шөгіп, оның Қазандық бөлмесімен жалғасқан жері ажырап жарыла бастауы еді, сонымен бірге, портал нишасын жапқан арка да ортасынан екіге бөліне бастаған болатын [4, 33 бет]. Кесененің бұл бөлігінің (мұнаралар мен аркаға дейінгі аралық) қабырға қалындығы 3 метрден 5 метрге дейін барады және құрылыстың астына 2 метр тереңдікке дейін іргетас қаланған бөлігі де тек осы жерлері ғана, әйтсе де, тап осы бөлік екі жаққа қарай шөге бастап, арканың қиысқан ұшы мен артқы қабырғасы екі айырылып, жарық пайда болады. Бұл кезде (1399 ж.) ұсталардың дені Самарқандағы Бибі Ханым мешітінің құрылысына алып кетілген болатын, Түркістанда негізінен кесенені сырлы қышпен қаптау жұмыстары жүріп жатты. Пештактың биіктігі 65 метрге дейін көтерілмегендіктен Қазандық бөлмесінің екінші күмбезі де қаланбай қалды, бірақ күмбездің бірінші қабатының сырты көгілдір түсті бояулы қышпен қапталды. Егер екінші күмбез қаланғанда біріншісі сегіз бұрышты мойынның үстінен қонатын биік барабанның (Қабірхананыкі сияқты) ішінде қалып, оны сырлы қышпен қаптаудың қажеті болмай қалатын еді 





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет