3. Батыс түркi халықтары арасындағы Ясауидiң iзбасарлары. Аңыз бойынша Ахмет Ясауидің рухани әсері Анадолы, Балқан,Әзірбайжан қысқасы бүкіл батыс түркілеріне кеңінен мәлім болған. ¦лы бабамыздың тікелей жөн сілтеуімен, көптеген дәруіштері Рұм өңіріне ағылғанын аңыздардан білеміз.
Әулие Челебидің мәлімдеуі бойынша Аушар Баба, Пір Деде, Ақязылы, Қыдемлі Баба Сұлтан, Гейіклі (Киікті) Баба, Абдал Мұса, Хорос Деде сияқты аталған өлкеде Ясауи дәруіштерініңқабірі көптеп кездеседі.
Сонымен қатар аңыз бойынша Жин Осман, Шейх Нүсрет, Гажгаж (Гыжгыж) Деделер - Ахмет Ясауидің шәкірттері.
Әзiретi Ахмет Ясауидің Анадолыдағы мәшһүр жолын қуушысы – Қажы Бекташ Уәлi. Батыс түркiлерi арасындағы аңыз-әпсаналарға қарағанда Қажы Бекташ Уәлi Ясауи жолын қуушы - Лұқпан Перенден Хорасанда-ақ дәріс алған. Әпсана желiсiне қарағанда оған Анадолыға (Анатолия, Кiшi Азия) бару жүктелген, Қыршећирде (Сулуджа қараћөйүк) ол рухани софрасын жайған және көптеген дәруiштiң көңiл көзi ашылуына себепкер болған. Қажы Бекташ Уәлi – бүгiнгi Бекташилiк тариқатының құрушысы. Аталмыш түркi дәруiшiнiң атақты iзбасарлары - ТаптұқӘмре, Сары Салтұқ, Барақ Баба. Ал бүгiнгi өлеңдерi мен дүниетанымдары көпшiлiк қауымға мәшһүр Жүнiс Әмiре ТаптұқӘмренiң берекелi рухани софрасынан рухани нәрмен сусындаған.
Ислам сәулетіндегі мешіт эстетикасы туралы,ішкі құрылымы туралы сипаттап жазыңыз
Мұсылман сәулетінің ережесінде мешіт құрылысында күмбез, мұнара, көркем жазулар болды. Мешіттің ішінде міндетті түрде Кағбаға бағытталған өте көркем өрнектелген михраб орнатылды. Ислам сәулет өнерінің мазмұны, басқа да өнер туындыларының жасалуы исламдық діни ұстанымға сай болды. Исламда мешіт - әлемнің моделі мен символы.
Мешіт, ханака, медіреселерді әрлеуде исламдық сәулет өнерінде көбіне жазу өрнектеріне көп мән берілген. Күмбез, қабырғалар, жақтаулары, есік беттері т.б. бөлшектерде мұсылмандық канондық мәтіндер жазылды.
Діни тұрғыда ислам тірі жанды бейнені салуға тиым салғандықтан ислам мәдениетінде, оның ішінде ортағасырлық сәулет ескерткіштерін әрлеуде сәулеттік жазу өнерінің дамуы биік деңгейге жетті. Мешіттердегі ең қастерлі орын михраб, әдетте айнала Құран сүрелерімен әрленген. Ислам өнері өзінің даму кезеңдерінде витраждар, яғни шыны өнері, фрескалар, мозайкалық әрлеудің түрлерін исламдық өнер талаптарына сай дамытып отырды. Тарихи даму процесінде канон, оның өзіндік өмір сүруі , қызметі әлемдік діндерде қалыптасқан өнер жүйесімен айқындалады. Сонымен қатар оған өнердің жүйесінде пайда болған жетекші өнердің айқындаушы ықпалы болды. Канонда абслютті түрде көркем ойдың өзіндік ерекшелігін айқындай алмайды. Ол тек белгілі тарихи шеңберде белгілі мазмұнды формальді деңгейде көркем толықтылықтың тұрақтылығын ұйымдастыра алды. Мешіт, мұнараларымен алыстан көз тартатын әдемі қалалар, сарайлар өз стилдерімен ерекшеленді. Жолаушылардың сапар жолында дамылдауына оңтайлы соғылған керуен сарайлар әдемі ою өрнекпен нақышталды. Мешіттердің ішкі жағына кілем секілді етіп, әдемі мозаикалар салынды. Осы күнге дейін сақталған қала сыртындағы дәулетті кісілер тұратын елді мекендер тек бекем қабырғаларымен ғана емес, әдемі жазбаларымен, әшекейлілігімен тамсандырған керуен сарайларды қалыптастырды. Әдемі ғимараттармен қатар су көздері салынып, неше түрлі су бұрқақтары әлемді тамсандырды.
Достарыңызбен бөлісу: |