Ахмет Ясауидің халқына жасаған үш қызметi туралы баяндаңыз
а. Тiлге қызметi. Түркi халықтары арасына ислам дiнiнiң таралу барысы бiрнеше ғасырларды қамтыды. Себебi, дiни iлiмнiң өзегi есептi дiни шығармалар ислам орталықтарында араб, парсы тiлдерiнде жарық көрдi. Орта ғасырлық оқымыстылар мен бiлiмдiлер бiлiмдi екендiктерiн көрсету немесе пiкiрiн өзгелерге жария ету мақсатында шығармаларын сол замандағы дiн тiлi, ғылым тiлi яки ортақ түсiнiстiк тiл - араб немесе парсы тiлдерiнде жазды. Сондықтан арабша, парсыша оқу-жазу бiлмейтiн ауыл халқына ақиқат iлiмiн меңгеру қиын екендiгi айтпаса да түсiнiктi. Тiл - адамдардың бiр-бiрiмен қарым-қатынас құралы немесе адамның iшкi ойын, сезiмiн сыртқа шығаруы емес пе?! Сондықтан, әке-шешесiне, құдай қосқан қосағына немесе адал досына айта алмайтын жан сарайындағы кейбiр қалау-тiлектерiн адам ұлы Жаратушысынан осы тiл арқылы жалбарынып сұрай алады. Дегенмен, Құран аяттарынан, Пайғамбардың хадистерiнен немесе ұлы имамдар мен әулиелердiң жалбарынуларынан алынған дұғалар да бар. Алайда, бұлар көбiнше араб немесе парсы тiлiнде оқылады. Әйтсе де шынайы дұға адамның жан сарайынан пәк сезiммен және шын жүрегiнен шыққан сөздер болуы керек сияқты. Ал осы тектес дұғалар ана тiлде жасалынады. Ал өзге тiл арқылы айтылатын дұға – жаттанды дұға. ¤йткені, дұға, өтініш адамның ең таңдаулы тілектері мен қалауларын қиыла сұрайтын, адамды тәкәппарлығынан түсіретiн тәрбие құралы десек артық етпес. Дұға ұлы Жаратушыға сүйіспеншілікпен бас ию арқылы құлдың рухы мен денесінің Аллаћпен байланысқа түсуі емес пе?! “Ғибадат – дейдi, Хазiретi Мұхаммед, - мүміннің миғражы” – яғни, құлдың Алласымен қауыштыратын тұрағы деп түсіндірген. Сондықтан дұға - бар болуы әуелден соңсызға дейін жалғасатын Аллаћ махаббаты мен адам махаббатының кездесетін нүктесі. Бұл нүктеде адам Аллаћты ойлай отырып, оған жақындайды. Ал осы нүктеге жету үшін адам мағынасын білетін сөздермен, түсінетін тілмен сөйлеп Хаққа жетуі, Жаратушымен қауышуы керек. Сондықтан Құл Қожа Ахмет араб, парсы тiлдерiн жетiк меңгерген болса да шәкiрттерiне бiлiмдi ана тiлiнде сусындатты. Бiрiншi болып түркi тiлiнде хикметтер жазды. Осылай түркi халықтарының көңiл көзiн ашуға, Алласымен ана тiлiнде қауышуға алғаш себепкер болды.Мiне, кемеңгер бабамыздың бастауымен түркі тілінде дiни-сопылық шығармалар жарық көре бастады, исламдық-түркiлiк әдебиет дүниеге келдi, тiптi үлкен жетiстiкке жеттi. Ясауиден кейiн дүниеге келген шығармалардың авторлары, исламдық-түркiлiк әдебиеттiң өкiлдерi осы Ясауи бабамыздың iзбасарлары болатын. Ясылық Ахметтiң алғаш түркi тiлiнде дәрiс беруi, хикметтер жырлауы арабша-парсыша түсiнбейтiн түркi халықтары үшiн заманында туған қажеттiлiк болса керек. Себебi, Орта ғасырлық ғалымдар мен білімділер арабша-парсыша сөйлеген, еңбектерiн арабша-парсыша жазған деп жоғарыда баяндалған болатын.