Ясауитану пәнінің міндеттері мен мақсаты туралы жазыңыз


Ахмет Ясауи ілімін зерттеген ғалымдар туралы баяндаңыз



бет17/68
Дата26.05.2022
өлшемі16,79 Mb.
#145104
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68
Байланысты:
Ясау толықтырылған

Ахмет Ясауи ілімін зерттеген ғалымдар туралы баяндаңыз

Ғасырлар бойы ел «Әзірет Сұлтан» деп қастерлеген қасиетті орын сан ғасырлар өтсе де өз маңызы жоймай, елдің рухани байлығының негізгі көзі ретінде Әлемдік деңгейге көтерілуде. Түркі тектес халықтың, қара шаңырақта отырған қазақ халқының көне заманнан келе жатқан елдігі мен бірлігінің, діні мен ділінің асыл діңгегі ретінде белгілі. Қазіргі кезде Ясауи ілімін шетелдік зерттеушілер зерттесе, бұл ілімімді отандық ғалымдар да кең зерттеп, талдап жаңа әлі елге айтып жетпеген, немесе белгілі бір кезеңнің ұстанымдарының негізінде ұмтылып бара жатқан тұстарын зерттеп ұсынуда, әлі де зерттеуде. 2016 жыл ЮНЕСКО-ның шешімімен «Ясауи жылы» болды. 1991 жылы Түркістан университеті болып ашылған Халықаралық қазақ-түрік университетіне Ясауи есімі берілді. Ортағасырларда Қазақ хандығының астанасы болған, көптеген тұлғалар, хан, батыр,билер қоғам қайраткерлері «Әзірет Сұлтаным» деп қастерлеп, осы жерде жерлену мәртебесін алуға ұмтылған жер. Бұл Ясауи ілімінің елдің тереңде жатқан болмысымен, діні мен ділінде бірге болып, өрлегенін байқатады.
М.Ф.Көпрүлуз аде, А.К.Боровков, Н.С.Банарлы, Е.Э.Бертельс, В.И.Зохидов, Э.Р.Рустамов Ясауидің хикметтерінің жазылу тарихын, поэтикасын, сопылық-философиялық идеясын, қоғамдық-әлеуметтік мән-мағынасын, ислам дінін таратудағы рөлін ғалымдар жан-жақты зерттеді.



  1. Ахмет Ясауидің туған жері ортағасырлық Исфиджаб туралы айтып беріңіз

ХІ-ХІІ ғасырларда жасаған атақты түркі сопысы, кемеңгер ойшыл, дарынды ақын Ахмет Ясауи Исфиджаб (Сайрам) қаласында дүниеге келген. (Ахмет Ясауидің қай жылы дүниеге келгендігі жайында ғалымдар арасында көптеген пікірлер бар. Мәселен, К.Эраслан оны 1083 жылы туылды десе, М.Жармұхамедов 1103 жылы туылды дейді, А.Ахметбек 1093-94 жылы туылды десе, Дәуітұлы 1040 жылы туылды дейді.)
Исфиджаб - Тарым өзеніне қарасты, Шахир өзеніне құятын маңдағы Жібек жолының бойында орналасқан кішкене қалашық. Осы бiр қала 840 жылы Нұх бин Әсәд басшылығымен Самани әскері жаулап алғандығы және халқы көп ұзамай, ислам дінін қабылдағандығы тарихи жазбаларда кездеседi. Кейін бұл қала қарахандықтардыңқол астына өткен, Иыған Тегін Сүлеймен Бұғра хан Талас немесе осы Исфиджабта туылған. Аталмыш қала қарахандықтардан кейiн Хорезмшах құрамына, одан кейін Шыңғысханның иелігіне өтті.
әл-Мақсиди өз заманындағы Исфиджаб (Сайрам) қаласы туралы былай деп кеңінен мәлімет береді: “Исфиджаб үлкен сауда орталығы, ол әсіресе киім саудасымен танымал. Бұл қалада төрт есікті мешіт орналасқан және мешіттіңәр есігінің алдында қонақжай шатырлар бар…
Исфиджаб қаласы өзінің жеміс ағаштарымен атақты, мұнда жеміс ағаштарының түрлі-түрлісі өсіріледі. Ал халқы көп ұлттан құралған. Исфиджаб халқының жүректері (көңілдері) қатты, мәзћабтарына (дiндерiне) берік, оларда жамандық, жақсылық бірдей кездесіп отырады”.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет