Ахмет Ясауидің ата тегі туралы ғалымдар арасында түрлі көзқарастар болғанымен Алматы кітапханасында табылған “Насабнама” бойынша Ахмет Ясауидің ата тегі оның 15-інші атасы - Хазіреті Алиге барып тіреледі, яғни Ахмет Ясауидің тегі хазіреті Алидің әйелі ардақты Пайғамбардың қызы Фатимадан емес, хазіреті Алидің кейінгі әйелі Ханифадан туған Мұхаммед Ханифадан тарайды. Аталмыш жазбада Ахмет Ясауидің ата-тегі былай келтіріледі:
Хазірет Әли радияллаһу анћү;
Хазіреті Әлидің ( р.а. ) ұлы Имам Мұхаммед Ханифа;
Ибраһим атаның ұлы Хазірет Қожа Ахмет Ясауи мен Исмаил ата.
Ахмет Ясауидің үлкен ғұлама болуына әкесі Ибраһимнің еңбегі зор дей аламыз. Тарихи мәлiметтерге қарағанда Ахмет анасынан жастай айрылған, әкесі Шейх Ибраһим де, Ахмет жеті жаста болғанда қайтыс болған. Ахметтің одан кейінгі өмірі әпкесі Гауһар Шахназдың қамқорлығында қалды.
Ахмет жастайынан зерек, ислам ілімдіріне ерекше ықыласты болып өскен. Ол кішкентай кезінде бізге беймәлім бір себеппен әпкесі екеуі Ясы қаласына көшіп келген. Осыған байланысты өз атына қосымша “ясылық” деген мағанадағы “Ясауи” деген атауға ие болған.