Ясауи іліміндегі ер мен әйел теңдігі туралы баяндаңыз
Ер мен әйел теңдiгi. Аллаћ алдында ер мен әйел тең хұқылы, екеуіне де ақыл, көңіл, жүрек беріп, бірдей дәрежеде жаратқан. Бірақ, ислам діні әйелдіңөз жаратылысына, нәзіктігіне, ердіңөз жаратылысына, оның табиғатындағы қуаттылығы мен төзiмдiлiгiне байланысты өздеріне лайықты біршама міндеттерді белгілеген. Әйел дегеніміз - ана, адамның алғашқы ұстазы, әрі Аллаћтан кейінгі ең жақын қамқоршысы. Сонымен бірге «жәннәт аналардың табанының астында» - деген Пайғамбардың хадисіне орай ислам діні әйел затына қаншалықты құрмет көресетінін байқау қиын емес. Ардақты Пайғамбар: «әрбір ер мен әйел мұсылманға ғылым іздеу парыз» - деп, екеуінің хұқығы исламда тең екендігін көрсеткен.
Исламға дейінгі түркі халықтарында да әйел қоғамда маңызды рөлдерді ойнаған. Тіпті, әйелдер қоғамдағы саяси мәселелерге араласып, елін қорғау үшін қолына найза алып, ерлермен бірге соғыстарға да қатысқан. Оныңүстіне көшпелілер арасында әйел мен ерді бөлек ұстау мүмкін емес. Ахмет Ясауи түркілердің осы әдетін жалғастыра отырып, өзінің зікірлері мен сұхбаттарына әйел мен ерді бірге қатыстырған. Әрі бұл әдіс сопылық жол бойынша таптырмайтын нәпсі тәрбиелеу әдiсi болып табылады.
Ясауи іліміндегі дастархан әдебін сипаттап жазыңыз
Яcсауи ілімінде қонақжайлық дәстүрі адамды рухани кемелдікке бастайтын ерекше дәстүр саналады. Ясауи ілімін таратушылар барған жерлерінде «суфра тұту», яғни «дастарқан жаю» дәстүрін ұстанған. Көпшілікке, келімді-кетімді жолаушыларға арнап жайылған дастарқан басындағы сұхбатқа рухани ілім иесі – Қызыр келіп қатысады деп саналған. Қазақ халқының «Қонақ келсе, Қыдыр келеді», «Қырықтың бірі – Қыдыр» деген мақалдары осы дәстүрден туындаған. Осындай қағидалар арқылы Ясауи ілімі халықтың болмысына сіңіп, қазақ дүниетанымының, ұлт менталитетінің негізіне айналды. Иасауий тариқатының ерекшелігі сопылық ұғымдарды беретін тіркестер асқа қатысты болуы дейді ғалымдар. Сопылық ілім –құрма, құрманы аманат ретінде беру, тапсыру, ал ілімді жаю- софра, дастархан жаюмен, тұтумен бейнеленеді. Елдің ежелден келе жатқан дәстүрінде дастархан киелі, қасиетті болып табылады. Қазіргі кезге дейін нан илеуде пайдаланылатын дастарханды ел, ата-бабаларымыз «сыпыра» деп атаған. Ол осы кезге дейін солай аталады. Әулиелік ишарат софыра қалдыру, тариқат қағидаларының ең бастысы – қонақ күту, ас беру, дастархан жаю, ас беру, нан тарату болды. Софра, дастархан қалдыру, нан тарату рәсімнің исламдық сипаты бар. Бұл исламды жаюды, тарихатты үстем қылуды білдірген түсініктер. Қазақтарда ұн елегенде, нан жайғанда пайдаланатын дастархан, түрін «сыпыра» деп атайды. Ясауи ілімін жаюды түсіндіретін «софра» мен ежелден еліміздің рухани, заттай құндылықтар болып өмір сүрген, кең қолданылған «сыпыра» түсінігімен сай келеді. Оны бұрын жұқа теріден жасайтын болған. Ілім берекесін кең жайюдың белгісін –софра, дастархан жаюмен үндестірген. Дастархан атауы— береке, ризық, дәулет, молшылық деген сөздердің баламасы ретінде де қолданылады. Қазақтың біреуге «Дастарханың мол болсын» деуі оның үй-ішінің молшылық та түруына, дәулетті болуына тілектестік білдіргені.
Достарыңызбен бөлісу: |