Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің мешіт бөлмесіндегі, басқа да бөлмелердегі, жалпы ғимараттағы жазулар, әшекей өрнектер кірпіштік мозайка, майолика, ойылып, кашиннен жинақталып, өрнектелген жиналмалы мозаика сипатында түсірілген. кесенелер күмбезді, каллиграфиялық жазулармен әрленген, мұнаралы, қас бетті, мұнаралы болып келеді. Ясауи кесенесі, ұстаздары мен шәкірттерінің мазарларының құрылысы осы бір үлгіге негізделген. Сәулет өнеріне тән сипат қас беттегі портал және қабырғаларды сызба өрнектер түсірілген терракоталармен қаптау Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салып, әрлеуде қолданылған. Қожа Ахмет Иассауи кесенесінде үлкен сегіз бөлмесі әр түрлі қызмет атқаратын бөлмелер жинақталған. Кесененің негізгі үш күмбезді бөлмелері қабырхана, Қазандық, Мешіт бөлмелері деп аталады.
Кітапхана кесененің батыс бөлігінен орын алған.
Асхана батыс бөлікте, құдыққана шығыс тұсында орналасқан. Кесененің қас беті оңтүстік-шығысқа, ал бүйір беттері оңтүстік-батыс пен солтүстік-шығысқа қаратып салынған. Келген адам орталық Қазандық бөлмесіне көркем есік арқылы кіреді. Қазандық - кесенедегі ең үлкен бөлме. Қазандық бөлмесінен ағаш есік арқылы Қожа Ахмет Ясауидің жатқан жері қабырхана бөлмесіне кіреді. Кесененің оңтүстік-батыс тұсында кіші мешіт бөлмесі орналасқан.
Оңтүстік- шығыс тұсында асхана бар. Мұнда бұрынғы замандарда дүйсенбі мен жұма күндері кедей-кепшік пен дәруіштерге тегін үлестірілетін тағам — халім асы әзірленді. Кесененің қас бетінде бұрынғы құрылыстан қалған ағаштар қазіргі кезге дейін сақталған.
1405 жылы Әмір Темір қайтыс болған соң барлық құрылысшыларды Самарқандқа Бибі ханым кесенесін салуға алып кеткен.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі жазу және өсімдік тектес сипатта түсірілген өрнектер мәні ғылыми зерттеулерде қарастырылған. Кесененің ішкі және сыртқы бөліктерінде ислам өнерінің талаптарына сай көркем әшекейлі жазулар түсіріліп өрнектелген.
Кесененің солтүстік беті үш бөліктен тұрады. Оң қанат, сол қанат және қас бет деп бөлуге болады. Көркем жазулармен қабырғалар, бұрыштағы ұстындар, қас бет ойықтардың ішкі бөліктері әрленген. Бұл қабырғадағы жазулар мәтіні келесі сипатта: «Ойластыратын Алланың құлы, айқындаушы Алла». Солтүстік қас бетті әрлеуде көптеген эпиграфикалық құрылымдар қамтылған. Ойықтардың ішкі қабырғалары кірпішті мозайкалармен қапталған.