Ясауитану пәнінің міндеттері мен мақсаты туралы жазыңыз


Араб түбегіндегі қараңғылық дәуірі және ислам дінінің келуі,алғашқы уәхи туралы жазыңыз



бет15/68
Дата26.05.2022
өлшемі16,79 Mb.
#145104
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68
Байланысты:
Ясау толықтырылған

Араб түбегіндегі қараңғылық дәуірі және ислам дінінің келуі,алғашқы уәхи туралы жазыңыз

Арабстан түбегіне келсек, саяси, географиялық және сауда-саттық жөнiнен маңызы зор едi. Арабтар шөл далада тайпа-тайпаға бөлінетiн, бір-бірімен дау-жанжалды, қанды соғыстарды басынан кешіріп жатқан болатын. Наным-сенiм мәселесiнде анархия белең алып надан арабтар адамның ақылына сыймайтын небiр сенiмерге нанған.
Халықтың бiр бөлiгi ештеңеге сенбейтiн, тек осы өмiрдiң қызығын тамашалап қалуды көксейтiн. Ал келесi бiр бөлiгi Аллаһқа, бiр жаратушының бар екендiгiне сенетiн, бiрақ адамдар арасынан пайғамбар шығатынына иланбайтын. Пайғамбар тек перiштелерден ғана шығуы мүмкiн, - дескен. Ендi бiреулерi пұттарға табынатын. Халықтың ең көп бөлiгiн құрайтындар да осылар болды.
Арабстанның қараңғылық дәуiрiнде саяси тәртiп, қоғамдық бiрлiк мүлдем жоқ едi. Халықтың басым көпшiлiгi көшпендi тұрмыс кешкен. Ру-руға бөлiнiп, әр ру өзiне тән тәртiбiн, дәстүрiн ұстанған.
Аталмыш қоғамда адамгершiлiк атауы жойылған, нәпсiқұмарлық шегiне жеткен және құмар*,зинақорлық*, маскүнемдiк, зұлымдық өтiрiк-өсек кең етек алған болатын.
Әлi жеткен әлсiзге әлiмжеттiк жасап, ұрып соғатын, ойына келгенiн орындататын. Адамдар мал тәрiздi базарда сатылатын.
Шөл далада мекен еткен арабтардың көбiсi қыз бала дүниеге келсе сұмдық санайтын. Әйелi босанған сәтте нәресте қыз болса, ешкiмге тiс жарып айтпастан, көрсетпестен тiрiдей көмiп тастайтын.
Сол заманда Араб түбегінде Мекке, Тайф, Ясриб сияқты қалалар орналасқан. Мекке қаласы Еуропаны, Азияны және Африканы байланыстыратын керуен жолының қақ ортасында орналасқан үлкен сауда қаласы еді. Онда арабтың Құрайш деген тайпасы өмір сүрді. Құрайштар: Умаййа, Нәуфәл, Зућра, Тайм, Адий, Махзум, Әсәд, Жумх, Сахм, Хашим деген тармақтарға бөлінеді.
Меккеде хазіреті Ибраћим мен хазіреті Исмайл пайғамбардың тұрғызған Қағба орналасқан. Жәћилие (надандық) дәуірінде арабтар осыған қажыға келетін. Бірақ арабтар қағбаны бұттарға толтырып, оларға да табынатын. Ислам араб тiлiнде «бағыну», «мойын ұсыну», «жамандықтардан аулақ болу» т.б. деген мағыналарды береді. Жалпы бұл дiн - Хазiретi Мұхаммедке (ғ.с.) Аллаћ тарапынан уахи арқылы түсірілген соңғы және кемелденген діннің аты. Аталмыш дінді ұстанатын адамды «мұсылман» немесе «мүсілім» деп атайды.
Осы дiннiң қасиеттi кiтабы - Құран Кәрім Аллаћ тарапынан Хазіреті Мұхаммедке (ғ.с.) уахи етілген илаћи кітап және оның ешбір сөзі өзгеріске ұшырамаған, бұл жайында да Аллаћ оны өзі қоритынын ескерткен. Бұл кітап ардақты пайғамбарға 23 жыл бойы уахи етілген, оны пайғамбар сахабаларға жаттатқан, жаздыртқан және өзі тексеріп отырған. Осылай Құранның түпнұсқасы сақталып, күнімізге дейін жеттi.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет