ХІ-ХІІ ғасырлардағы Исфиджаб қаласында сопылық тариқаттар мен теккелер де пайда бола бастаған көрінеді. Себебi, Ахметтiң әкесi - Ибраћим Исфиджабтың ең атақты шейхтарының бірі болған. Шейх Ибраћим орынбасарларының бірі - Мұса Шейхтың қызы Айша Хатунға (Қарашаш ана) үйленген, одан Гауһар Шахназ деген бір қызы және Ахмет деген бір ұлы туылған (Насабнамада келтірілгендей Ибраһимнің Ахметтен басқа Исмаил ата деген тағы бір ұлы болған екен.) Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. 9 ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Ясы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағыда басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, 10 ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Ясауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді.
Политеизм деген не, осы туралы баяндаңыз
Политеизм дегеніміз («көпқұдайлылық», грек тілінен аударғанда — көп және — құдай) — көп құдайдың барлығына негізделетін діни жүйе. Ғалымдар политеизмді діни өмірдің ең көне формаларының бірі деп қарастырса, ислам және христиан дінінің өкілдері оларды пұтқа табынушылар деп санайды. Әрбір кұдайдың қызметтік саласы өзге құдайлардың қызметтік саласынан ерекше. Мысалы, Ежелгі Грекияда Артемида — аң аулау құдайы, Афродита — махаббат құдайы, Гефест — теміршілер құдайы, Дионис — шарапшылар құдайы деп есептеледі тағыда басқа. Пантеон басында әдетте жоғарғы құдай тұрып, монотеизмге қарағанда жалғыз болмайтын. Ежелгі Грекия пантеонында найзағай құдайы Зевс тұрды. Политеизмде тайпалық құдайға табыну өзге елдердің құдайын мойындамайды деген сөз емес.Көптеген құдайдың барлығына сену негізінде әрбір жеке объект, әрбір тірі жанның рухы немесе иесі бар деп сенеді. Политеизмнің ғибадат элементтері құдайылық күшпен қарым-қатынас орнатуға бағытталған еді. Ондағы маңызды салттардың бірі — құдайларына келтіретін құрбандықтары еді. Оның мақсаты, адам құдайға құрбандық шалу арқылы өзіне қажетін сұрау болды.