Қасым Рахымжанұлы Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Қызыл ауылында туған. Әкесінен бес жасында айрылған болашақ ақын ауылда қозы бағып, отын-су, шөп тасумен бірге мал күзетеді
Қасым Рахымжанұлы Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Қызыл ауылында туған. Әкесінен бес жасында айрылған болашақ ақын ауылда қозы бағып, отын-су, шөп тасумен бірге мал күзетеді. Шешесі Айғаншаны (1888 жылы туған) төркін жұрты ықтиярына қарамай, бір байға қосады. Ата-анасынан айрылған баланың ендігі күні аға-жеңгелеріне қарап қалады.
Туғалы ән-жырға құмар, көкірегі ояу бала осы жылдарда өлең жазуға талаптанып, өз толғаныстарын дәптерге түсіре берген. Осында жүріп жазған бір дәптер өлеңдерінің арқауы–жастық шақ, айналасындағы дос-жарандарына арнаған әзіл-қалжыңдар, сол тұстағы әдебиетте белең алған үгіт-насихаттық ұрандарға еліктеу еді. Бұл дәптері жоғалғанда, «қымбат қазынам еді» деп өкінбейтінін ақынның өзі де кейін ашық айтқан. Сондықтан 1932 жылға дейін жазған жырларынан айтарлықтай мардымды дерек қалмаған.
1924 жылы дін оқуынан кеңес мектебіне ауысқан. 1929 жылы комсомол қатарына өтеді. 1930 жылдың басында Ертіс бойындағы Ақсу ауылында мұғалім болып істеген. 1932 жылы 19 жасында аудандық «Колхоз» газетінде 8 наурыз – әйелдер күніне арналған тырнақалды өлеңі басылып шықты. Содан кейін осы газеттің жауапты хатшысы қызметіне жұмысқа шақырылады. 1934 жылы мамыр айында Алматыға Қазақстан жазушыларының І съезіне Павлодардан делегат болған. 1934 жылы ҚазПИге оқуға түседі.
Қалижан Бекхожиннің поэзиядағы ғұмыры 1949 жылдан басталды. Ұлы Отан соғысына қатысқан ол өзінің қатарластары жайлы жырлады. Одан соң оның тарихқа деген қызығушылығы артып, «Ақсақ құлан», «Кек», «Жиырма сегіз», «Александр Невский», «Мәриям Жагорқызы» сынды шығармаларын дүниеге әкелді. Бірақ оның көп шығармалары баспа беттерін көрмей келді. «Батыр Науанның» өзі тек тоқсаныншы жалдардан кейін ғана жарияланды. Тарихи туындысы «Ақсақ құлан» поэмасында күй өнерінің құдіретін, 13 ғасырдағы қазақ халқының ерлігін суреттесе, «Батыр Науан» поэмасы қазақтардың Ресей отаршылдығына қарсы қаһармандық күресінің шежіресі ретінде танылған шығарма. Бекхожинның осы және өзге де туындылары жаңадан жарыққа шыққан жинаққа топтастырылған. Көбі Қалижан Бекхожиннің сауатты аудармашы болғанын айтады. Әдеби әлемде осы үшін Мемлекеттік сыйлыққа да қол жеткізген.
Қалижан Бекқожин шығармашылығының үлкен бір саласы – табиғат туралы өлеңдері. Ақын табиғатты жырлағанда ұлттық поэзияның қалыптасқан дәстүрінен қара үзіп, шет кетпейді қайта сол дәстүрге арқа сүйейді.
Ол-суреткер ақын. Көркемдік бояулармен табиғат әлемін өрнектеуде өзінің қалам шеберлігінтанытып отырады. Ертіс өзенінің құдіретті бейнесін жырлаған өлеңдерінде ақын табиғаттан өзі алған күш қуатын, ақындық шабытын тебірене толғайды:
Сенің өршіл толқыныңнан үйрендім- деп буырқанған ақындық шабытының түп-төркіні аяулы табиғат әдемінде еккндігіне перзенттік махаббатпен бас иеді.
Қалижан Бекқожинның жарық көрген кітаптары:
Қазақ поэзиясының ірі өкілдерінің бірі Қ.Бекқожиннің шығармашылық өмірбаяны үшін 1941-1945 жылдардағы екінші дүниежүзілік соғыс жаңа кезең болғаны сөзсіз. 30-жылдары поэзия табалдырығын атап үлгерген жас ақын қалың оқырман қауымға, негізінен алғашқы жастық жырларымен танылған болса, екінші дүниежүзілік соғыс тұсында ақын поэзиясы тың идеялық көркемдік сапаға көшті. Ақын өзінің азаматтық өмірін, шығармашылық қуатын өз отандастарымен бірге басқыншы жауды талқандау ісіне арнады.
Қалижан Бекқожин поэзиясының басты арнасы – оның эпикалық туындылары екені даусыз. Қазақтың эпикалық поэмаларының даму, өркендеу процесінде Бекқожин шығармашылығының алатын орны елеулі. Ұзақ мерзім бойы алуан тақырыпты қозғайтын бірнеше поэма жазған ол қазақ поэзиясындағы көрнекті эпиктердің қатарына қосылды.
Ол – өз заманы, замандастары туралы бірнеше поэма жазған ақын. Оның өз замандасының өміріне арналған тұңғыш поэмасы – «Орман қызы».
«Орман қызы» - ақынның өз замандасы жастардың албырт өмірін толғауға арнаған тұңғыш көлемді поэтикалық шығармасы. Поэмада Қарлығаш атты жас қыздың алғашқы өмір жолы эпикалық түрде суреттелген.
Абаймен сырласу
«Абаймен сырласу» («Қазақ әдебиеті», 1972, 18 ақпан) атты өлеңіңде Бекхожинұлы ақынның қазақ әдебиет тарихындағы орны мен маңызына тоқталады. Бүгінгі поэзиямыздың жай-күйін талқылаған ақындар жиынын тілге тиек ете келіп, қабырғадағы суреттен қараған Абайға сұрақ қояды:
«- Абай аға, Дауымыз жақпады ма? Мұрамыз жоқ Өзіңдей баптануға - Жыр шіркінді Түйдектеп жазамыз да Асығамыз Жарыла мақтануға».
Бұдан кейін жазық далада асқар таудай болып дара тұрған, даналық биігіндей Абайдың дарабоз даңқы мадақталады. «Абаймен сырласу» елеңінің мәні мұнымен ғана тәмәмдалмайды. Бекхожин қазіргі заман поэзияға ауыр жүк артып отырғанын ескерте келіп, бізге бір емес, жүз Абай қажеттігін мойындайды.
Ол Абай жөнінде бірнеше мақала жазған. Оның Абай аудармаларын сөз ететін «Лермонтов және Абай» («Социалистік Қазақстан», 1939 ж., 15 қазан), «Абай және Крылов» («Сталин туы», 1939, 15 тамыз) деген мақалалары жарияланған. «Абай және біздер» («Лениншіл жас», 1939, 23 маусым), «Ақын, жыраулар өнері - халқымыздың қасиетті қазынасы» («Қызыл ту», 1945, 30 қаңтар), «Абай - гуманист» («Ленин туы», 1945, 21 шілде; «Жаңа ауыл», 1954, 19 тамыз), «Қазақ ағартушылары туралы соны деректер» («Қазақстан мұғалімі, 5 мамыр), «Толғанта беретін тақырыптар» («Қазақ әдебиеті», 1959, 10 көкек), «Қазақ халқының ұлы ақыны - Абай» («Коммунист», 1940, № 9) тағы басқа мақалаларында абайтану мәселесі жан-жақты сөз болады.
Бекхожинге «Менің замандастарым» кітабы үшін Қазақ ССР- інің Абай атыңдағы Мемлекеттік сыйлығы берілді (1978). Өрен ұрпақты Отаншылдыққа баулу үшін "Жусан" поэмасын жазды. Кіршіксіз махабаттың адам жанын қанщама асқақтататын білгісі келген бозбала мен бойжеткен "Мариям Жагорқызын","Әппақнаманы" тауып оқиды.[4]1938-1939 жылдары «Партизан Бал-табай» («Кек»), «Орман қызы», «Ақсақ құлан» атты үш дастан жазған. «Орман қызы» Қазақстан Орталық комсомол комитеті жариялаған бәйгеде жүлде алған. 1939жылы аты шулы Кенесары, Наурызбайды мадақтайтын «Батыр Науан» атты поэма жазған, кейін 1950 жылдары осы поэмасы үшін қуғын көрген, кітаптарын шығаруға тыйым салынған.
Қалекең өз талантын жастық шағынан-ақ байқаған. 1929 жылы комсомол қатарын өтіп, 1930 жылы Epтic бойындағыАқсуда еңьек жолын мұғалімдіктен бастаған. 1930-32 жылдары “Колхоз” газетіне алғашқы өлеңдері жарияланады. 1934- жылы мамыр айында Алматыда өткен жазушылардың ьірінші құрылтайында Павлодардан - делегат болып қатынасып өз өлендерін биік мінберден желпіне оқиды. Қалекең өткен күндерін саралағанда, “Атақты жазушылар — Сәкен, Сәбит, Мұхтар, Ілияс, Бейімбет т.бкөргенмен, олардын құрылтайда сөйлеген ұлағатты сөздерін ecтігенмін, маған жаңа бір әлем есігі ашылғандай әсер етіп,жас қиялымды, өлеңшіл рухымды ерекше cepпілтті”, —деп еске алушы еді. Сол жолғы Сәкен Сейфуллиннің: “Кысылма жігітім, өлеңді батыл жаз. КазПи-ге оқуға кел, езім көмектесемән және әкеңнің қолжазбаларын ала кел", - деген соң, - үйдегі жазғандарын көп етіп алып бардым” деп отыратын.
Үлкен баласына “сен ғылым жолын қуарсың, менің қаламымды сен ұстарсың” дейді екен атамыз жарықтық. Айтса, айткандай-ақ, Қайыржан аға Торғайда облыстық газеттің редакторы, мыңдаған шәкірт тәрбиелеген ғұлама ұстаз қазақ журналистикасында eciмi алтын әріптермен жазылған ақсакалы, шебер керкемсөзші дәрежесіне жетті. Ал Қалекең нағыз сегіз қырлы, 6ip сырлының өзi болатын. Домбыраны жақсы шертетін, күйсандықта жақсы ойнайтын, әcipece, Мәдидің әндерін нақышына келтіре жақсы орындаушы еді. Сазгерлігі де бар болатын. Алайда солардың барлығынан ақындығым артық деп отыратын.
"Намысты ұлан аласұрып" жау тобына автоматтан оқ жаудырады. Екі жақ та өшіге өршеленеді. Осы бір өлім мен өмірдің күресін ақын зор ақындық буырқаныспен суреттейді:
Қара толқын орман шашын Жұлды талдап снарядтар. Мәңгі мекен көл жағасын Тастап, суға сүңгіді жар.
Кең даланы жүнше түтіп, орман шашын талдап жұлып, көл жағасы – жар құлатқан снаряд күші батырдың жүрегін шайлықтыра алмайды. Ол ақтық демі біткенше арыстанша алысады.
Ала алмайсың! – деді ер ұлан, Алмай қойман! – деді жауы. Қысты келіп жан-жағынан Темір торлы жау кұрсауы.
Бұл – кейіпкер тағдырының драмалық шиеленіске толы кезі. Үйге бекінген жалғыз адамды ала алмаған жау өрт қояды. Отан алдындағы антына адал солдат жау қолына түскеннен ерлік өлімді артық санайды.
Ашып отқа омырауын, Естісін, – деп, – қырсық жауым, Айтты ол шырқап өрт ішінде Сүйген әні "Қарғам-ауын". Қайсар батыр от киінген Күш-қайратын тіске жиып. Жаңағы ақшыл ер жүзінен Жалын тілі тұрды сүйіп...
Абдолланың отқа жанып тұрған шағын да зор ақындық қуатпен ғажайып суретке айналдырған:
Шұғыла шашқан кешкі бұлттай, Толқын шашта оттар ойнап. Өрт топанып кешіп Нұхтай, Жалғыз өзі тұрды бойлап.