Ясауитану пәнінің міндеттері мен мақсаты туралы жазыңыз


Ясауидің адал еңбек ету туралы ұстанымын жазыңыз



бет5/68
Дата26.05.2022
өлшемі16,79 Mb.
#145104
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
Ясау толықтырылған

Ясауидің адал еңбек ету туралы ұстанымын жазыңыз

.Сопылық ағымның түркілік бағытының негізін салушы, ғұлама Қожа Ахмет Ясауи өзінің баға жетпес «Диуани хикмет»-«Ақыл кітабы»еңбегінде кісінің ақысын жемеуді, адал еңбек етуді қатты ескертіп жазған.Әрбір мұсылман ешкімге жүк болмай , Құран Кәрімдегі «дүниедегі несібеңді де ұмытпа» - аятына сай табан ақы маңдай терімен еңбек етуге міндетті. Әрине мұсылмандық жол бойынша Аллаһты , ахирет күнін ойлау маңызды орында , дегенмен, бұл дүниелік тіршілігін де ұмытпағн жөн. «Сендердің қайырлыларың , дейді Хазіреті Мұхаммед (ғ.с) –тіршілігі үшін ахтретін тастамаған, әрі ахиреті үшін тіршілігін де ұмытпаған. Кімде –кім аянбай жұмыс жасап тер төксе, ол жанның бағы әйтеуір бірде болмаса, бірде жанады. Бес күндік фәни өмірдің , қалай болғанда да, көзді ашып жұмғанша зулап өте шығатыны белгілі. Жүрегінде иманы бар адам істеген ісінің қиындығына немесе жеңілдігіне, беделдігіне емес , ең алдымен тапқан табысының адалдығына баса мән береді. Мүмин қандай қиындық немесе кедергі болмасын, адал жолмен табыс табуға міндетті. Тауға барып тас уатса да, табысы адал болуы тиіс. Қажет болса, қолына күрегін алып, жұмыссыздар тұратын мекенге барып, жұмыс беретін бір кісі шықса, соның бақшасының топырағын тазалап, жолын жөндеп беріп, өз еңбегімен адал табыс табуға күш салуы керек. Қандай адам болмасын, Хақ тағала рұқсат еткен шеңберде адал жолмен күнкөрісін қамтамасыз ету өте маңызды. Өз еңбегімен адал табыс тауып, осыдан күнкөрісін қамтамасыз етіп жүрген адам не жұмыс істесе де бұдан намыстанып, ұялмауы қажет. Базбіреулер кейбір жұмыстарды менсінбей, мұрнын шүйіріп қараса да, Алланың алдында адал жолмен тапқан табыстан артық абыройлы іс жоқ. Әрбір мұсылман ешкімге жүк болмай, Құран Кәрімдегі «дүниедегі несібеңді де ұмытпа» (Қассас-77) - аятына сай табан ақы маңдай терiмен еңбек етуге мiндеттi. Әрине, мұсылмандық жол бойынша Аллаһты, ахирет күнiн ойлау маңызды орында, дегенмен, бұл дүниелiк тiршiлiгiн де ұмытпаған жөн. «Сендердіңқайырлыларың, - дейдi, Хазiретi Мұхаммед (ғ.с), - тіршілігі үшін ахиретін тастамаған, әрі ахиреті үшін тіршілін де ұмытпаған, екеуіне қатар құлшынған және басқаларға ауырпалық салмағандарың».
Ал көңiл жолы арқылы Хаққа сапар шеккен құдайдың пенделерiн «екі қолы істе, көңілі мен жүрегі Аллаћта болған адамдар», - деген сөз орынды айтылған. Тiптi түркi сопылығының iргесiн қалаған ясылық Ахметтiң қылуеттiк өмiрiнде ағаштан жонып қасық, ыдыс-аяқ жасағанын халық арасындағы аңыздардан бiлемiз.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет