Ясли – бақша тарихы


«Балдырған» ясли – бақша меңгерушісі



бет3/11
Дата09.02.2017
өлшемі2,36 Mb.
#8955
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

«Балдырған» ясли – бақша меңгерушісі
Нұрсафина Құралай Жексенбайқызы 1973 жылы 1 қаңтарда Ақсуат ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары, жоғары санатты педагог.

1993 жылы М.О.Ауезов атындағы педагогикалық колледжінде «мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша арнаулы білім алып, 1995 – 2000 жылдары Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде, бастауыш сыныпты оқыту методикасы бойынша жоғары білім алды.

Еңбек жолын Ы.Кабеков атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. 1995 жылы К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебіне ауысып, мектептің барлық қоғамдық жұмыстарынан қалыспай, белсенді жастардың бірі болды. КТК командасының мүшесі, команда капитаны, ұйымдастырушысы, «Нұр Отан» партиясының хатшысы, пән бірлестігінің жетекшісі болып түрлі шараларға белсене араласты.

Үнемі шығармашылықпен жұмыс істеп, шәкірттерінің сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін мектептегі тереңдетілген гимназия алды сыныбының жетекшісі болды. Көптеген мақалалары, сабақ жоспарлары, сыныптан тыс шаралары республикалық «Бастауыш мектеп», «Оқыту және тәрбиелеу» журналдарына, облыстық «Педагогический мир» газетіне, аудандық «Ұстаз үні», «Тарбағатай» газеттерінде жарық көрді.

Шығармашылық жұмыстарының нәтижесінде 2007 жылы Тарбағатай аудандық білім беру бөліміне мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш сыныптар бойынша әдіскері қызметіне шақырылды.

Әдіскер ретінде ұйымдастырушылық қабілетімен көптеген істердің ұйытқысы бола білді. Аудан мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілермен және бастауыш сынып мұғалімдері, оқушылары арасында түрлі облыстық, аудандық, шараларды ұйымдастырып, облыстық олимпиадалардың талай мәрте жүлделі І, ІІ орындарын жеңіп алды.

Облыстық білім жетілдіру институтының бекітуімен бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Тіл дамытудан» әдістемелік құрал кітапша дайындап ұсынды.

2012 жылдың қазан айында «Балдырған» ясли – бақша коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына меңгеруші болып тағайындалды.

Жанұялы 3 бала тәрбиелеп отырған ана.

Өз іс – тәжірбиесін қолдана отырып, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде мүмкіншілігі жеткілікті маман.



Абдильманова Дина Елемесқызы

ясли – бақша әдіскері
Абдильманова Дина Елемесқызы 1957 жылы 23 қаңтарда дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі арнаулы орта.

1964 жылы М.Әуезов атындағы орта мектептің 1 сыныбына оқуға барып. 1974 жылы аталған мектепті аяқтап шықты. 1978 жылы Семей қаласындағы М.Әуезов атындағы Педагогикалық колледждің мектепке дейінгі тәрбие факультетіне түсіп, 1981 жылы мамандығы бойынша бітіріп шықты.

1982 – 1985 жылдар аралығында “Айгөлек” балалар бақшасында қызмет атқарды.

1985 – 1997 жылдары аралығында “Әсем” балалар бақшасында әдіскер қызметін атқарды.



2009 жылдан бастап “Балдырған” ясли – бақшасының әдіскері.



Көшкінбаева Айжан Төлешқызы
ясли – бақша психологы
Көшкінбаева Айжан Төлешқызы 1973 жылы 9 маусымда дүниеге келген.Ұлты қазақ, білімі жоғары.

1980 жылы Ақсуат ауылындағы №2 орта мектептің 1 сыныбына оқуға барып, 1988 жылы аталған мектепті аяқтап шықты.

1988 жылы Семей медициналық училищесіне оқуға түсті.

1991 жылы осы аталған оқу орынын медбике мамандығы бойынша бітіріп шықты.1991-1997 жылдары Ақсуат ауылындағы «Әсем» балабақшасында медбике қызметін атқарды.

2005 жылы Семей мемлекеттің педагогикалық институтының психология - педагогика факультетіне оқуға түсіп, 2010 жылы аталған оқу орынын аяқтап шықты.

2009 жылдан бастап «Балдырған» ясли - бақша коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның педагог - психологы.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет