БАҒДАРЛАМА
Элективті, қолданбалы курс
Гимназиялық (лицейлік) компонентер курстары
мектеп және оқушы компонентерінің курстары тереңдетіліп оқытуға арналған.
Яссауитану
7- сынып оқушыларына арналған
аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат.
Қозғамбаева Гүлнар Бестібайқызы
Әл – Фараби атындағы Қаз ҰУ – нің Тарих,археология және этнология факультеті «Археология, этнология және музеология» кафедрасының т.ғ.к., доцент
Рашева Гульжан Умирзаккызы
Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп- гимназиясының
тарих, құқықтану негіздері және дінтану пәнінің мұғалімі, т.ғ.к.,
Пікір жазған: М.Қ. Дауытбекова
Әл – Фараби атындағы Қаз ҰУ – нің Тарих,археология және этнология факультеті «Археология, этнология және музеология» кафедрасының т.ғ.к., доценті
Түсініктеме хат мазмұны
Қоғам мәдениетсіз,тарихсыз рухани ұстаздарсыз өз болмысын дамыта алмайды.Ұлттың рухани жаңғыруы оның өз мәдени-рухани дамуымен байланысты болады.Сондай рухани бастау Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымы.Бүгінгі таңда Яссауи ілімінің мәнін,маңызы мен ерекшелігін анықтау – тарихымыздың өткені мен бүгінгі арасындағы рухани сабақтастығын қалпына келтіруге ықпал етеді.Тәуелсіз Қазақстан үшін Яссауи ілімі – дәстүрлі түркілік дүниетаным мен ислам өркениеті арасындағы байланысты қамтамасыз ететін сара жол.Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «...Егер біз мемлекет болғымыз келсе,өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақыт құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн.Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр», - деп, мемлекеттіліктің тұғыры етіп мәдениетті, ал мәдениеттің бастауы ретінде ділді даналықты көрсетіп отыр.
Жалпы білім беретін мектептерде қосымша білім берудің маңызы зор. Ел тарихын әйгілі тұлғалар арқылы зерделеу- қазақтың дәстүрлі таным- түсінігінде ертеден қалыптасқан үдеріс. Қазақ тарихын мен шежіресінде үнемі тұлғалардың өмір дерегі беріліп отырады. Қоғамның саяси әлеуметік, мәдени- рухани ахуалы ұдайы жеке тұлғалар болмысы арқылы көрініс табады.
Тарихтың даму үрдісінде ғылым мен техника, философия, әдебиет, өнер, діни ой- санасындағы біртуар дарын иелерінің де қосар үлесі айрықша зор. Осындай даналарымыздың бірі Қожа Ахмет Яссауи. Ислам мәдениеті мен әдебиетінің, сопылық ілімінің негізін қалаушылардың бірі- Қожа Ахмет Яссауи.
Яссауи ілімінің қалыптасу кезеңі мен өмір сүрген уақыты түркі халықтары үшін тарихи өтпелі кезең.
Бағдарламаның мақсаты:
Оқушыларға Қазақстан – тарихы терең, мәдениеті бай мемлекет екенін түсіндіру, тиянақты білім беру.
Оқушылардың тарихи кезеңдер мен тұлғаларға көзқарасын, пікірін, өз беттерінше тұжырым жасай білу дағдысын қалыптастыру, адамзаттық құндылықтардың мәнін дұрыс бағалау, дүниетанымын кеңейту, зерттеу қабілеттерін арттыру.
Ұлтын сүйетін, тарихын құрметтейтін, инабатты, мәдениетті, ұлттық ерекше рухани адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген,иманды және білімді азамат тәрбиелеу.
Бағдарламаның міндеті:
Оқушылардың алған білімін шығармашылықпен қолдану, тарихи деректермен танысу, салыстырмалы түсіндіру, мәлімет беру, талдау дағдыларын қалыптастыру.
Өз ұлтының мәдениетін қадірлей отырып, жауапкершілігі мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
Оқушылар бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық құндылықтарды дамыту.
Шығармашылық жұмыс жасауға үйрету, баспасөз материалдары мен әдебиеттерді, тарихи басылымдарды оқып, тақырыптық баяндамалар, ғылыми жобалар жасауға, рефераттар мен конспектілер жазуға үйрету.
Бағдарлы мектептің 7 - сыныбына арналған «Яссауитану» бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім стандартының талаптарын ескере отырып жасалған
Тұрақтылық ( мазмұндық) бөлімі.
Қожа Ахмет Яссауи өмірі мен қызметі туралы түсіндіре отырып, ата – анасы Ибраһим ата, Қарашаш ана және ұстазы Арыстан Баб жөнінде тарихи мәліметтер келтіріп, білім беру.
( 2сағат )
ҚожаАхмет Яссауидің ұстазы Арыстан Бабтың өмірбаянымен танысу , олар өмір сүрген уақытты, тарихи кезеңдерді білу. ( 2сағат )
Түркі топырағында туған ғұлама М.Қашғари, Ж.Баласағұн, Бұхари, Бақырғанидың өмірбаянымен танысу , олар өмір сүрген уақытты, тарихи кезеңдерді білу. Ұлы ойшыл ғалымдардың еңбектеріне шолу жасау,мазмұнын білу, түсіндіру. ( 2 сағат )
Ғалымдардың еңбектерімен танысу. ( М.Қашғари, Ж.Баласағұн, Бұхари, Бақырғанидың ) . ( 2 сағат )
«Насаб – Нама» шежіресіндегі Қожа Ахмет Яссауи туралы мәліметтерді оқу, сол кездегі оның қоғамдағы алатын орнын анықтау, түсіндіру. ( 2 сағат )
Яссауи өмір сүрген кезеңдегі түркі әлеміндегі тарихи жағдайлар, сол замандағы кезеңдер туралы әңгімелеу. (2 сағат ).
Яссауидің замандастары, түркі топырағының көрнекті тұлғалары Әбу – Насыр - Әл – Фараби, Хорезми, Захриддин Мұхамед Бабыр туралы тарихи мәліметтермен танысу, ғылыми деректерді түсіндіру, Яссыдан шыққан ғалымдар туралы әңгімелеу. (2 сағат ).
Яссауи заманындағы түрік-ислам мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы. (2 сағат ).
Қожа Ахметтің сопылық ілімі халықты татулыққа, имандылыққа, ізгілікке, рухани тазалыққа үндеді. «Диуани Хикмет» еңбегінің негізгі мазмұны – сопылық жолында мұсылмандық ілімнің қағидаларын жүзеге асыру, оларды күнделікті өмірде әрдайым пайдалану мен орындаудың әдіс – тәсілдерін үйретуге арналған. ( 2 сағат ).
Сопылық – адам жанының тазалығы туралы ілім екенін түсіндіру.
( 2 сағат ).
«Пақырнама» шығармасының мазмұнымен танысу, дүниетанымның кең мүмкіндіктері туралы әңгімелеу, туындының идеясы жөнінде пікірлесу. ( 1 сағат ).
«Пақырнама» Еңбектің идеясы мен мазмұнымен танысу( 1 сағат ).
«Яссауи – ірі ойшыл, философ және ғұлама ақын» тақырыбында өмірінде ешбір қызыққа берілмеген, қанағатшылықты бәрінен жоғары қойған абзал жан. Қожа Ахмет бабамыз жұмбақ дүниенің қатпар – қатпар сырын білуге, адам баласының ішкі жан сарайын терең сезінуге құштар екендігі, ислам дінінің өнегелік, ақыл – ой, парасат туралы құндылықтарын кең насихаттап, қарапайым халықты себепсіз қинайтын әкім - шонжарларды, зорлық – зомбылық жасаушыларды әшкерелеп, парасаттылыққа, әділдікке, тазалыққа, адамгершілікке үндейді. ( 2 сағат ).
Яссауи – ғұлама ақын. Яссауи шығармаларын мәнерлеп оқу. ( 2 сағат ).
Яссауидің сопы шәкірттері «мүриттер» туралы әңгімелегенде Сүлеймен Бақырғани ( Отырарлық ), Ахмет Иүгінекидің еңбектерін айтуға болады. Түркі халықтарының орта ғасыр кезінде біржола араб жазуына көшуі өмірге көптеген ғылыми дүниелерді алып келген-ді, сол кезде сопылық кең құлаш жайып, күшейген кезі. Осы уақытта Орта Азия мұсылмандары үшін де аса жауапты уақыт, ел бірлігін сақтау, халық татулығы, адамгершілік пен имандылықты көксеген ақын – шайырлар тобы тарих сахнасына шыққанын әңгімелеу.( 2 сағат ).
Шәкірттерінің еңбектерімен танысу. Ахмет Игүнеки, Жүсіп Бақырғани еңбектерімен танысу.( 2 сағат ).
«Даналық кітабы» шығармасының түркі әдебиетіндегі орны өте зор болды, қазақ елінің фиолософиясы үшін маңызы үлкен екенін түсіндіру, шығарманы оқу. ( 2 сағат ).
«Диуани Хикмет» түркі тілінде жазылған. Шығарманың негізгі мазмұны – сопылық жолында мұсылмандық ілімнің қағидаларын жүзеге асыру, оларды күнделікті өмірде пайдалану, орындаудың әдіс – тәсілдерін үйретуге арналған. «Сопылық - адам
жанының тазалығы, жүрекпен ғана сезесің» дей отырып, сананың өсуі,
жанның тазалығы, ар – ұят, рухтың мәні
екенін айтады. Сопыларға ортақ қасиет – Алланы, адамды сүю, арлы да адал болу керектігі түсіндіріледі. Қоғам мен адам мәселелеріне де айрықша көңіл бөлген.
Ислам дінінің өнегелік, ақыл – ой, парасат туралы құндылықтарын кең насихаттап, халықты зәбірлеген әмірлердің, қазылардың әділетсіздігін сынайды.Жаман әдеттен арылуға шақырып, бір – бірін құрметтеуге, көмектесуге, жақсылық жасауға үндейді, «өзіңді танығаның – ақиқатты танығаның» деп ғұламалық сөзін айтады. Жақсы патша ғана халқын разы етеді, бұларға жұмақта орын бар екендігін еске салады. ( 4 сағат ).
19) Хикмет жанры туралы әңгімелеу. Хикметтерді мәнерлеп оқу арқылы өлең жанрының құрылысын түсіндіру. (2 сағат).
20)Хикметтегі махаббат, Аллаға ғашықтық туралы ойлардың мәнін түсіндіру. «Диуани Хикмет» кітабындағы жаратушы әлемге деген қөзқарасының мағынасын түсіндіру.(2 сағат).
21) Яссауи хикметтеріндегі ғалым бейнесі. «Диуани Хикмет» кітабын оқып, ғалымның дүниетанымын, ұстанымын түсіну. (2 сағат).
22) Яссауидің даналық және надандық туралы ойлары. Ізгі қасиеттер мен надандақ іс- әрекеттерді ажырату. (2 сағат).
23) Яссауи хикметтерін мәнерлеп оқу. «Диуани Хикмет» кітабын мәнерлеп оқу, мағынасын түсіндіре отырып, ой – пікірлерін айту.(2 сағат).
24) Хикметтерден үзінділер жаттау.«Диуани Хикмет» кітабын оқу, өзіне ұнаған хикметтерді жаттау, мағынасын ашу. (2 сағат).
25) Ар мен имандылық – қоғамның рухани тірегі. Ар мен имандылық қағидаларының маңызын түсіндіру. (2 сағат).
26) Яссауидің кесенесінің салыну тарихы. Кесененің салыну тарихы туралы мәліметтер, баспасөз материалдарымен таныстыру. (2 сағат).
27) Көне дәуірдің көзі – Яссауи кесенесінің құрылысымен танысу. Кесененің құрылысы, салыну ерекшелігі туралы. (2 сағат).
28) Адамзат тарихында санаулы сайыпқырандардың бірі, атақты жаһангер, айтулы тарихшылардың аузында «Дала қыраны» аталып, аты аңызға айналып кеткен Әмір Темірдің еңбектері мен ақыл – кеңестері, қағидаларымен таныстыру, маңызы айту. ( 2 сағат ).
29) «Дала өркениетінің алтын діңгені - Түркістан» қаласының тарихымен танысу.
«Түркістан – хандар қаласы » екенін түсіндіру.
«Түркістан – мұсылман әлемінің тұмары» атану
себебін анықтау.
«Түркістан – біздің тарихымыз, біздің ар - намысымыз»
тақырыбындағы Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың баяндамасымен танысу.
( 2 сағат ).
«Ұлы Жібек жолындағы тарихи қалалар» тақырыбы бойынша қазақ жеріндегі қалаларды анықтау, шаруашылығына талдау жасау, картамен жұмыс жүргізу, сызба – нұсқасын түсіру, реферат жазу.
( 2 сағат ).
31) Яссауи,Абай және Шәкәрім ілімдері арасындағы тарихи сабақтастық туралы мәліметтер беру ( 2 сағат ).
32)Яссауитану тақырыбы бойынша оқышылар өлең шығару, әңгіме жазу, сурет салу икемдігіне байланысты шығармашылық жұмыстарын жүргізу. «Мен таныған Яссауи», «Түркістан қаласы», «Яссауи кесенесі» т.б. ( 2сағат ).
33)Орталық мұражайға саяхатқа барып «Көне дәуір», «Көне Қазақстан» бөлімдерінде қандай іс – шаралар ұйымдастырылғанын , қандай заттар қойлғанын білу, білімдерін тиянақтау. ( 2 сағат ).
34)Қорытынды сабақта биылғы өткен тақырыптар бойынша ойларын жинақтау, өз ойларын ортаға салу. ( 2 сағат)
Нормативтік бөлім (оқу - әдістемелік жоспар)
Р/с
|
Сабақтың тақырыбы
|
Негізгі ұғымдар мен сұрақтар
|
Сағ.
саны
|
Сабақтың өткізу түрі
|
Білімділік қазынасы
|
1
|
Кіріспе.ҚожаАхмет Яссауидің өмірі мен қызметі.
|
Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен еңбегі,ата – анасы, туыстары туралы мәліметтер беру, таныстыру.
|
2
|
Әңгімелеу, түсіндіру
|
Мәліметтер жинау, конспект жазу.
|
2
|
ҚожаАхмет Яссауидің ұстазы Арыстан Баб
|
Ұстазы жайлы әңгімелеу
|
2
|
Мәнерлеп оқ у, түсіндіру, әңгімелеу.
|
Шығарманы оқу.
|
3
|
Түркі топырағында туған ғұламалар.
|
Ғұлама ғалым – ойшылдар М.Қашғари, Ж.Баласағұн, Бұхари, Бақырғани еңбектері мен өмірі туралы түсіндіру, мәліметтер беру, таныстыру.
|
2
|
Әңгімелеу, түсіндіру, таныстыру, баяндау.
|
Өз беттерінше іздену, оқу, рефераттар жазу, конспектілеу.
|
4
|
Ғалымдардың еңбектерімен танысу.
|
Ғалым – ойшылдардың М.Қашғари, Ж.Баласағұн, Бұхари, Бақырғани еңбектерінің мазмұнын ашу, мағынасын түсіндіру.
|
2
|
Әңгімелеу,оқу, түсіну, пікірлерін білу.
|
Оқу, танысу,конспект жазу.
|
5
|
«Насаб – нама» шежіресіндегі Қожа Ахмет Яссауи туралы мәліметтер.
|
Шежіредегі Қожа Ахмет Яссауи туралы мәліметтермен танысу.
|
2
|
Әңгімелеу, оқу, түсіндіру.
|
Оқу, танысу, конспект жазу.
|
6
|
Яссауи өмір сүрген кезең.
|
Яссауи өмір сүрген кезеңдегі түркі даласындағы тарихи кезеңдер туралы білім қалыптастыру.
|
2
|
Әңгімелеу, мәліметтер беру, түсіндіру.
|
Конспект жазу, өз бетінше оқу, іздену.
|
7
|
Яссауимен замандас көрнекті тұлғалар.
|
Түркі топырағындағы Яссауи замандастары туралы деректер, мәліметтер беру.
|
2
|
Әңгімелеу, таныстыру.
|
Реферат жазу.
|
8
|
Яссауи заманындағы түрік-ислам мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы.
|
Түрік-ислам мәдениетімен танысу, мәліметтер беру.
|
2
|
Әңгімелеу, таныстыру.
|
Конспект жазу, оқу.
|
9
|
Яссауидің сопылық ілімі.
|
Шығармаларымен танысу.
|
2
|
Әңгімелеу, таныстыру.
|
Оқу.
|
10
|
Сопылық ілім туралы түсінік.
|
Сопылық ілім туралы еңбектермен танысу.
|
2
|
Түсіндіру, баяндау.
|
Оқу
|
11
|
Яссауидің «Пақырнама» атты туындысымен танысу.
|
Шығарманы оқу, мазмұнымен танысу.
|
1
|
Оқу, баяндау.
|
Оқу.
|
12
|
«Пақырнама» Еңбектің идеясы мен мазмұнымен танысу.
|
Шығарманы оқу, идеясын түсіндіру.
|
1
|
Түсіндіру, баяндау.
|
Оқу.
|
13
|
Яссауи – ірі ойшыл, философ.
|
Яссауидің шығармаларын оқу.
|
2
|
Оқу, баяндау.
|
Оқу, конспект жазу.
|
14
|
Яссауи – ғұлама ақын.
|
Яссауи шығармаларын мәнерлеп оқу.
|
2
|
Оқу, жаттау.
|
Өз беттерінше оқу, іздену.
|
15
|
Яссауидің сопы шәкірттері «мүриттері» туралы әңгімелеу.
|
Ахмет Игүнеки, Жүсіп Бақырғани еңбектерімен танысу.
|
2
|
Оқу, баяндау.
|
Мәліметтер жинау.
|
16
|
Шәкірттерінің еңбектерімен танысу.
|
Еңбектерін оқу, танысу.
|
2
|
Оқу, түсіндіру.
|
Оқу, іздену.
|
17
|
«Даналық кітабы» шығармасының түркі әдебиетіндегі орны.
|
«Диуани Хикмет» кітабымен танысу, оқу.
|
2
|
Хикметтерді мәнерлеп оқу.
|
Оқу, жаттау, әңгімелеу.
|
18
|
Хикметтің маңызын түсіндіру.
|
«Диуани Хикмет» кітабының маңызы мен жазылу мағынасын түсіндіру.
|
4
|
Хикметтерді мәнерлеп оқу.
|
Өз бетінше оқу, конспект жазу.
|
19
|
Хикмет жанры туралы әңгімелеу.
|
Хикметтерді мәнерлеп оқу арқылы өлең жанрының құрылысын түсіндіру.
|
2
|
Хикметтерді мәнерлеп оқу.
|
Оқу, жаттау, түсіну.
|
20
|
Хикметтегі махаббат, Аллаға ғашықтық туралы ойлардың мәнін түсіндіру.
|
«Диуани Хикмет» кітабындағы жаратушы әлемге деген қөзқарасының мағынасын түсіндіру.
|
2
|
Хикметті оқу, түсіну.
|
Оқу, өз ой – пікірін айту.
|
21
|
Яссауи хикметтеріндегі ғалым бейнесі.
|
«Диуани Хикмет» кітабын оқып, ғалымның дүниетанымын, ұстанымын түсіну.
|
2
|
Хикметті оқу, баяндау.
|
Өз беттерінше іздену, оқу.
|
22
|
Яссауидің даналық және надандық туралы ойлары.
|
Ізгі қасиеттер мен надандақ іс- әрекеттерді ажырату.
|
2
|
Әңгімелеу, баяндау, оқу.
|
Өз беттерінше конспект жазу, оқу.
|
23
|
Хикметтерді мәнерлеп оқу.
|
«Диуани Хикмет» кітабын мәнерлеп оқу, мағынасын түсіндіре отырып, ой – пікірлерін айту.
|
2
|
Әңгімелеу, баяндау.
|
Реферат жазу
|
24
|
Хикметтерден үзінділер жаттау.
|
«Диуани Хикмет» кітабын оқу, өзіне ұнаған хикметтерді жаттау, мағынасын ашу.
|
2
|
Мәнерлеп оқу, жаттау.
|
Оқу, іздену.
|
25
|
Ар мен имандылық – қоғамның рухани тірегі.
|
Ар мен имандылық қағидаларының маңызын түсіндіру.
|
2
|
Баяндау,түсіндіру.
|
Конспект жазу, іздену.
|
26
|
Яссауидің кесенесінің салыну тарихы.
|
Кесененің салыну тарихы туралы мәліметтер, баспасөз материалдарымен таныстыру.
|
2
|
Баяндау, түсіндіру.
|
Оқу, іздену.
|
27
|
Көне дәуірдің көзі – Яссауи кесенесінің құрылысымен танысу.
|
Кесененің құрылысы, салыну ерекшелігі туралы мәліметтер беру, түсіндіру.
|
2
|
Баяндау, түсіндіру.
|
Реферат жазу, сурет салу.
|
28
|
Әмір Темір Көрегеннің еңбектерімен танысу, қағидаларын оқу.
|
Тарихи кезең туралы мәлімет беру.
|
2
|
Мәнерлеп оқу,мазмұнын әңгімелеу.
|
Мәнерлеп оқу, жаттау, сахналық көрініс қою.
|
29
|
Дала өркениетінің алтын діңгегі – Түркістан қаласының тарихы.
|
Түркістан қаласының географиялық орны, қалыптасу кезеңдері туралы мәліметтер беру.
|
2
|
Лекция
|
Реферат жазу.
|
30
|
Ұлы Жібек жолының бойындағы ежелгі қалалар.
|
Саудакент, Испиджаб, Сүткент, Тараз, т.б. қалалар туралы тарихи деректер.
|
2
|
Практиаклық жұмыс.
|
Реферат жазу.
|
31
|
Яссауи,Абай және Шәкәрім ілімдері арасындағы тарихи сабақтастық.
|
Яссауи,Абай және Шәкәрім ілімдері арасындағы тарихи сабақтастық туралы мәліметтер беру.
|
2
|
Экскурсияға шығу, баяндау, түсіндіру, мәліметтер беру.
|
Рефераттар жазу, конспект.
|
32
|
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.
|
Тақырыптар бойынша сурет салу, буклеттер, альбомдар жасау. Өлең шығару, әңгіме құрастыру
|
2
|
Өз беттерінше жұмыс.
|
Оқушылардың шығармашылық еңбектері.
|
33
|
Алматы қаласындағы орталық мұражайға саяхат.
|
«Көне дәуір», «Көне Қазақ жері» бөлімдеріне саяхат жасап, арнайы таныстырушы гидтің әңгімесін тыңдау.
|
2
|
Әңгімелеу.
|
Конспект жазу.
|
34
|
Жылдық қорытынды сабақ.
|
Жыл бойы өткенді қайталау, тақырыптарға түсінік беру.
|
2
68с
|
Қайталау.
|
Келесі тақырыптарға тапсырма.
|
Ақпараттық-әдістемелік бөлім
«Яссауитану» бағдарламасы 7 – сыныпқа арналған.Курсты оқу барысында оқушылар төмендегі мәселелерді білуі керек:
- Өз бетінше тарихи, анықтамалық,энциклопедиялық әдебиеттермен жұмыс жасай білу;
- Яссауитану мұрасының материалдарымен өзбетінше жұмыс жасау;
- тарихи-мәдени анықтама,тезис құрастыра білу.
- Бұқаралық ақпараттарды қолдана білуі;
- Қосымша деректерді пайдалана отырып мазмұндау;
Оқушының білімін бағалау.
« Яссауитану » қолданбалы курсы бойынша бағалау нормасы «5» балдық жүйемен бағаланады.
«5»балл төмендегідей талаптарды орындаған жағдайда қойылады:интернет арқылы мәлімет жинастыра алатын; сөздікпен жұмыс істеуді білетін;тарихи-әдеби кітаптарды көп оқыған;
«4» балл төмендегідей талаптарды орындаған жағдайда қойылады: тақырыпты менгерген;
реферат жазуға дағдыланған; сөздікпен жұмыс істеуді білетін.
«3» балл төмендегідей талаптарды орындаған жағдайда қойылады: тақырыпты орташа менгерген; іздену деңгейі орташа;тақырыпты орташа менгерген.
«2» балл төмендегідей талаптарды орындаған жағдайда қойылады: тақырыпты менгеру деңгейі төмен; іздену деңгейі төмен.
Өзіндік жұмыстардың тақырыптары:
(рефераттар, конспект, баяндамалар жазу, суреттер салу, буклет жасау )
«Түркі топырағында туған ғұламалар»
«Яссауи замандастары».
«Яссауи – ірі ойшыл, философ».
«Яссауи – ғұлама ақын».
Яссауидің шәкірттері кімдер?
«Көне дәуірдің көзі».
«Яссауи кесенесінің құрылысы».
«Ұлы Жібек жолындағы тарихи қалалар».
«Алматы – менің сүйікті қалам».
«Түркістанның тарихы».
«Тайқазанның қасиеті».
«Дала өркениетінің діңгегі».
«Бабамыздың ғимараты».
«Ертедегі Түркістан».
«Әмір Темір Көреген – Дала Қыраны».
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Н.Ә. Назарбаев «Түркістан – біздің тарихымыз». «Жетісу», «Егемен Қазақстан» газеттері 2000 ж.
Мұсылман күнтізбесі.
Қожа Ахмет Яссауи сәулет ғимараты. Алматы – 1988 ж. «Өнер» баспасы.
Түркістан. Алматы – 1993 ж. «Өнер» баспасы.
А. Қыраубаева «Ежелгі әдебиет».
Н. Келімбет «Ежелгі дәуір әдебиеті».
Ы. Алтынсарин «Мұсылманшылықтың тұтқасы» Алматы. – 1991 ж.
Қожа Ахмет Яссауи «Диуани Хикмет».
Сәрсенбі Дәуітов «Арыстан Бабқа Қожа Ахметтен »,«Қазақ әдебиеті» газеті 2000 ж. 13\X.
Ғарифолла Есім «Қазақ философиясының тарихы». Алматы
Әбсаттар қажы Дербісәлі «Ислам және заман».Алматы.2003ж
Қалас Жамалов «Қазақ ғұламалары». «Қазақ елі» газеті 2008 ж
Мекемтас Мырзахметов «Тұран неге Түркістан атанған?» «Қазақ әдебиеті» газеті 2006ж.
«Түркістан қаласының тарихы». Баспасөз материалдары жинағы.
М. Қашғари «Диуани – лұғат ат - түрік» еңбегі.
Жарылқасын Боранбай «Қарабура әулие». «Жас Қазақ» газеті 2008 ж.
Ханғали Сүйіншәлиев «Сүлеймен Бақырғани мұралары». «Жас Алаш»2005 ж.
Айнұр Әдірәсілқызы «Диуан» мен «Хикметтің» сыры неде? «Ана тілі» газеті 2007 ж.
Әбсаттар қажы Дербісәлі «Яссыдан шыққан ғалымдар». «Ана тілі» газеті 2007 ж.
Мұртаза Бұлұтай «Ежелгі ислам». «Қазақ әдебиеті» газеті 2005 ж.
Айнұр Әбдірәсілқызы «Зерде туындысы зерттелуін күтеді» «Әдебиет айдыны» газеті 2007 ж.
Ақселеу Сейдімбек «Ахмет Яссауи кешені».
Түркі ғұламалары . (Шығармалар)
Қазақ энцклопедиясы .
Тарихи шежірелер топтамасы .
26)Мағжан Жұмабаев шығармалары.
Достарыңызбен бөлісу: |