Білім алушының мәдени байлықты меңгеруге және еңбек пен қоғамдық өмірге даярлауға бағытталған, мұғалімнің қатысуымен және басшылығымен жүзеге асатын өзара байланысқан іс-әрекеті болып табылады.
Тұтас педагогикалық үдеріс туралы ғалымдардың көзқарастары
Педагогикалық үдерістің мәні туралы мәселеге бірқатар ғалымдар оның маңыздылығын жан-жақты қарастыра отырып мына төмендегідей тұжырымдарды береді:
Ю.К.Бабанский: «Педагогикалық процесс – оқыту, даму және тәрбиелік қызметтерінің бірлігі» - деп қарастырды.
С.Т.Шацкий, Н.К.Крупская, В.А.Сухомолинский: «Педагогикалық процестегі оқушылардың өзара әрекет етуінің ерекшеліктерін» зерттеді.
Б.Т.Лихачев: «Біртұтас педагогикалық процестің қандай ерекшеліктерін білу және оның дамуының мәселелерін шешуге көмектеседі» деді.
Тұтас педагогикалық үдеріс – оқытушылар мен білім алушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған, мазмұнды түрде ұйымдасқан, белсенді іс-әрекеті.