Ю. Н. Емельянов тренингке іс-әрекеттің кез-келген қиын түрін игеру мен оқыту қабілеттілігін дамыту әдістерінің топтамасы деген анықтама береді. Ресейлік психолог Л. А. Петровская әлеуметтік-психологиялық тренингті өза



бет4/5
Дата25.01.2022
өлшемі22,2 Kb.
#114650
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тренингтік сабақтарды тиімді ұйымдастыру әдістері

Әлеуметтік–психологиялық тренинг – қарым-қатынас жасау құзырлығын дамыту мақсатында топтық психологиялық жұмыстың белсенді әдістерін қолдануға бағытталған және тәжірибелік психология аймағында кеңінен қолданылады. 

Әлеуметтік–психологиялық тренингтің мақсаты келесі міндеттер арқылы нақтыланады:

1)                психологиялық білімді игеру;

2)                қарым-қатынас жасауға қажетті білік пен дағдыны қалыптастыру;

3)                сәтті қарым-қатынас жасауға қажетті дағдыларды қалыптастыру, дамыту, түзету;

4)                басқаны және өзін тану қабілетін дамыту;

5)                тұлғаға қарым-қатынас жасау жүйесін дамыту.

Әлеуметтік–психологиялық тренингке қатысушылар тығыз қарым-қатынасқа түсуді қажет ететін мамандық иелері мен басқа адамдармен қатынасқа түсуде қиналатындар.

Әлеуметтік–психологиялық тренинг қатысушылардың ашық кері байланысқа түсе алатындай бойында сенімділікті ұялатуға бағытталады. Топта сенімділікті ұялату сабақты ерекше формада өткізуді талап етеді. Тренинг алға қойған мақсатына жету үшін жүргізуші топтың жоғары деңгейде дамыту шарттарын белгілеуі тиіс. Сабақтарды ұйымдастыру келесі қағидаларға сүйенеді:

1)                қатысушылардың белсенділік қағидасы – сабақ барысында топ мүшелері әрдайым түрлі әрекеттерге қатысады: қатысушылардың өздері ұсынған жағдаяттарды рөлдерге бөліп орындау және оны талқылау;

2)                зерттеушілік позициясы қағидасы – тренинг барысында топпен жұмыс жасауда жағдаяттар ұсынып, адамдар арасындағы өзара әрекеттестікті және қарым-қатынастың психологияда белгілі заңдылықтарына сәйкес оны шешу жолдарын өзбеттерінше іздестіру;

3)                серіктестік қатынас қағидасы – тұлғаның құндылығын, ойын, қызығушылығын мойындау, шешім қабылдауда қатысушылардың қызығушылығын мүмкіндігінше ескеру.

      Жоғарыда аталған тренинг түрлеріне  ортақ ережелер бар.Тренинг ережесі - қатысушылар өзара жасайтын келісімдер.

1)   Осы тренингте ынтымақтастықты қалайша жүргіземіз? Бұл ережелердің кейбірі тренинг өткізу тәжірибесіне және оқыту теорияларының принциптеріне негізделеді.

2)   "Біз" орнына "Мен". Бірінші жақта сөйлеу: "Мен .... деп санаймын", "Мен .... келіспеймін".

3)   Жеке жауапкершілік. Өз ісіне, таңдауына жауапкершілік.

4)   Өз пікірін айту. Өзінің жеке қабылдауы туралы айту.

5)   Жалпылаудан аулақ болу. Өз тәжірибесіне сүйену, жалпыламау.

6)   Өз интерпретациясын тексеру.  Өз интерпретациясын бақылап отыру.

7)    Кедергілер туралы белгі беру. Тренинг кезіндегі пайда болған қиындықтар туралы айтып отыру.

Тренинг ережесін қабырғаға іліп қойып, қажет болған жағдайларда назар аударып отыру қажет. Топ бұл ережелерді қажетті жағдайларда өзгертуге, толықтыруға болатындығын түсінуі керек.

Егер алдыңызда қандайда бір нақты тренингті өткізу жоспарланып тұрса, дайындық барысында оқу үдерісіне әсер ететін барынша көп факторларды ескеруге тырысқан жөн. Тренингті жоспарлаудың екі түрі бар: схемалық, нақтылай.

Схемалық жоспарлау - алдымен тренингке әсер ететін барлық факторлар туралы мәлімет жинақтау. Бұл мәліметтер төмендегі сұрақтардың көмегімен жүйеленеді:

Кім? Не? Неге? Не үшін? Қашан? Қайда? Ненің көмегімен? Нені? Қалай? Не үйренеміз?

Бұл сұрақты одан әрі жетілдіру үшін сұрақтарды нақтылай түсеміз:



Кім? Тренингке кімдер қатысады? Қатысушылар туралы Сізде қандай мәліметтер бар (жасы, лауазымы, аймақ)?

Қатысушылар тренингтен не күтеді?

Не? Тренинг тақырыбы нені білдіреді?

Бұл тренинг туралы қатысушылардың ұғымы?

Олардың тақырыпқа қатынасы?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет