Ситуациялық есеп
1 Ауыр халдегі науқас мейірбикеге.ауыз қуысының ауырсынуына, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Қарау кезінде ауыз қуысының шырышты қабатының қызаруы,тілінің және сол жағының ішкі жоғарғы бөлігінде бөрітпелер пайда болған. Науқастың мәселесін анықтау, жоспарлау, жүзеге асыру және өзінің араласуын бағалау.
2. Ауырсынуды басатын препаратты қабылдаған соң науқаста елестеушілік, есінің ауытқуы, жүрегінің айнуы пайда болды. Мейірбикенің іс –әрекеті.
3. Бөлімшеде науқас төсектік режимде жатады. Науқасты төсектен бүйір қырына ауыстырып жатқызу, және төсектен үстелге отырғызып орын ауыстыруы қажет.
6-сабақ
1. Тақырыбы: Паллиативті көмек пен мейірбикелік күтімге мұқтаж науқастардың негізгі симптомдары, мәселесі мен мұқтаждығы
2. Мақсаты: Студент паллиативті көмекті қажет ететін науқастың қажеттілігін және мәселелерін, негізгі белгілерін білуі тиіс.
3. Оқыту мақсаты:
- паллиативті көмек көрсету кезіндегі негізгі мәселелер мен белгілерді білуі тиіс;
- өлім хәліндегі науқастарға психологиялық және физикалық күйзелістеріне жалпы ізгі қарым-қатынасын қажетті тәрбиелеу және т.б.
- паллиативті көмекті қажет ететіндердің мәселелерін діни, жалпы, коммерциялық және мемлекеттік тұрғыдан ұйымдарына көңіл аударуына жақындатуды білу
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Онкологиялық науқастарда жиі ыңғайсыз болатын белгілер мен себептер
2. Аурудың түрлері
3. Ауруды бақылау қағидалары
4. Науқас ауырсынуындағы өзгерістер түрлері мен факторларды қабылдауы
5. Ісік ауруы кезіндегі емнен кейін бақылау жасау
6. Ауруды жоюдың үшінші сатысы
7. Наркотикалық аналгетиктерді қабылдау кезіндегі кері әсерлер
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стади және т.б.):
Тақырып бойынша сұрақтарды колдана отырып отырып, тур әдісі арқылы тақырыпты талдау
Кіші топтармен жұмыс істеу (манекенде шырышты қабат арқылы дәрі енгізу жолдарын көрсетіп атайды).
ТСО-дан қолдану ( ПК, мултимедиалық проектор) сабақ тақырыбын презентациялау
Ситуациялық есептерді шешу
Тақырып бойынша тестерді шешу
Достарыңызбен бөлісу: |