Ситуациялық есеп
1. Науқас ес - түссіз жатыр, жедел медициналық көмек қажет, емдік іс-шараны кім жүргізеді?
2. Сережа 11 жаста,ол көрші мейірбикеге қаралды.Бүгін бала сабаққа бармады, себебі бірнеше күн бойы балада әлсіздік, тамағының ауруы субферильді температурасы бар Қарау кезінде терісі бозғылт, жұтқыншақ, бадамша безі гиперемияланған, аз уақытта байқалған. Науқастың мәселесін анықтап, жоспарлау,жүзеге асыру және өзінің араласуын бағалау..
3. Апат орнында болған науқас клиникалық өлім жағдайында аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Науқастың мәселесін анықтау. Жоспарлау, жүзеге асыру және өзінің іс әрекетін бағалау..
5-сабақ
1.Тақырыбы: Паллиативті көмек пен мейірбикелік күтім көрсетудің негізгі моделдері.
2.Мақсаты: Студенттерге ауыр науқастарға көмек көрсетудің моделдерін және мейірбикелік қызмет көрсету түрлерін үйрету.
3. Оқыту мақсаты:
Науқастың физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік негізгі қажеттіліктерін білу.
Науқасқа паллиативті көмек көрсетудің кезеңдерін және әдістерін білу.;
Ауыр науқастарға мейірбикелік күтім жасаудың негізгі дағдыларын меңгеру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Хосписте мейірбикелік қызметті ұйымдастырудың негізгі немен аяқталады?
2. Науқастың әлеуметтік қажеттілігі.
3. Науқастың физиологиялық қажеттілігі.
4. Науқастың психологиялық қажеттілігі.
5. Хосписте күндізгі жағдайда паллиативті көмек көрсету.
6. мамандандырылмаған мекемелерде паллиативті көмек көрсету қызметтері және түрлері.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стади және т.б.):
- тақырыптың негізгі сұрақтарын қолданып, сабақты ми шабуылы және топтық – бағытталған оқыту әдістері бойынша жүргізу;
- кіші топтарда жұмыс істеу (2-3 адамнан құралған топтар операциялық блокта, таңу бөлмесіндегі инфекционды бақылау жұмысын талқылайды және осыны басқа топтарға презентация түрінде таныстырады).
- ситуациялық есептерді шешу
- тақырыптың негізгі тесттерін шешу
Достарыңызбен бөлісу: |